1 of 30

����� �����������������������������������

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті�Биология және биотехнология факультеті�Биотехнология кафедрасы �ПӘН �«ПРОБИОТИКАЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ»�

Пəннің жалпы көлемі: 3 кредит� 1 кредит - лекция, 2 кредит – практикалық сабақ.

Лектор б.ғ.к., доцент Абдиева Гулжамал Жанадиловна

2 of 30

Лекция 9

Ішек дисбактериозын диагностикалау әдістері және дизбактериозды алдын алу шаралары мен емдеу

Рационалды тамақтанудың принциптері және диеталық тамақтану

3 of 30

�Дисбактериозды диагностикалау әдістер

Дисбактериозды анықтау ішек микрофлорасына сандық және сапалы құрамын анықтау және баға беру қажет. Қазіргі кезде практикада екі түрлі әдіс қолданылады:

  1. Бактериологиялық әдіс.

2. Капрологиялық және биохимиялық әдістер

4 of 30

Бактериологиялық әдіс

1. Бактериологиялық зерттеу. Бұл әдіс сұйытылған зерттеу материалын немесе жұғындыларды диагностикалық - дифференциалды қоректік ортаға егуге негізделген, яғни бактерияларға элективті қоректік ортаға егеді.

5 of 30

Диагностика әдістері.

Тоқ ішектің дисбиозы кезінде диагностиканың «классикалық» әдісі - фекалийдің бактериологиялық анализі қолданылады. Нәжісті «дисбиозға» бакерияологиялық зерттеуді қатаң жинау және сақтау ережесі тәртібінде (арнайы стерильді пластик немесе шыны қақпағы бар ыдыста; тездетіп баклабораторияға жіберу және нәжісті бактериальды ортаға егу арқылы ) жүргізеді. Алынған зерттеу нәтижелерін тоқ ішектің микрофлорасының сандық және сапалық құрамымен корреляциялайды.

6 of 30

��Ішек микрофлорасына сандық және сапалық баға беру Бактериологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесін төмендегі кесте бойынша анықтайды. ��

Бактериялардың атауы

Нәрестелер үшін қалыпты жағдай

Ересектер және 1 жастан улкен балалар үшін қалыпты жағдай

Патогенді ішек флорасы

Ішек таяқшасының жалпы саны

1-7х108

3-4х108

Ферментативті қасиеттері төмен ішек таяқшалары

10% көп емес

10% көп емес

Гемолизидеуші ішек таяқшалары

Лактозонегативті энтеробактериялар

5%

5%

Жалпы микроорганизмдерден коккалы формалы бактериялардың саны

25% көп емес

5% көп емес

Бифидобактериялар

109 және одан көп

108 және одан көп

Энтерококктар

1-30х106

106

Лактобактериялар

1х107 – 108

106 – 107

Протейлер

Саңырауқұлақтар

7 of 30

Дизбактериоздың салыстырмалы микробтық көрінісі

8 of 30

�Ішек дизбактериозын диагностикалау кезінде төмендегі жағдайлар ескерілуі керек: �

  • Анализге алынған үлгіде куыстық және мукозды микрофлора болуы қажет. Қуыстық флора – ішек қуысында бос қалқып тіршілік ететін микроорганизмдер. Мукозды флора шырышты қабаттарда болатын бактериялар. Анализге көп жағдайда қуыстық микрофлора алынады, яғни ішек биоценозының жайында толық ақпарат бере алмайды. Шырышты қабаттарда тірішілік ететін микрофлораның көп бөлімі ескерілмей қалады.
  • Анализге алынған үлгі ауамен контак болмауы қажет! Ішек микрофлорасында анаэробты микроорганизмдердің мөлшері басым болады, ауамен контакт болған жағдайда анаэробтылардың саны күрт төмендейді.
  • Зерттеу материалын зертханаға жеткізу уақыты. Анализге үлгіні алған уақыт пен зерттеу жұмыстарының арасындағы уақыт интервалы қаншалықты ұзақ болған сайын, микробтық флораның быраз бөлігінің қырылып қалуына байланысты дизбактериоз диагностикасының дәлділігі төмендейді.

9 of 30

2. Капрологиялық және биохимиялық әдістер.

Екінші зерттеу әдісі бойынша зерттеу материалдарындағы микробтық метаболиттерді немесе дисбиоз маркерлерін анықтау.

Дисбиоз маркерлері:

май қышқылдары,

гидрокси май қышқылдары,

май қышқылды альдегидтер және т.б-ды жатады.

Мыс: нәжісте β-аспартил глицин және β-аспартил лизиннің табылуы микробиоценоздың бұзылуын дәлелдейді. Өйткені қалыпты жағдайда бұл дипептидтер ішектің анаэробты микроорганизмдермен сіңіріледі немесе ыдыратылады. Бұл әдіс өзінің сезімталдылығымен және де микробтарды бірнеше сағат ішінде оңай анықтау қасиетімен ерекшеленеді.

10 of 30

Заманауи диагностика әдістері.

Медициналық практикада дисбактериозды зерттеу үшін қолданылатын диатгностикалық әдістерге жатады:

  • Нәжісті рутинді бактериологиялық зерттеу;
  • ПТР- диагностика;
  • Хромато- масс- спектрометрия;
  • Микробты метаболиттерді биохимиялық зерттеу;
  • Тыныс (дыхательный) тест;
  • β-аспартилглицин, β-аспартиллизин, β-аланин, 5-аминовалерианды және γ-аминомайлы қышқылдарды анықтайтын жоғары вольтты электрофорез;
  • Бактериоскопия әдісі - Фекальды мазок микроскопиясы.

 

11 of 30

Дисбактериоз профилактикасы:

  • Рациональды тағамдану ережесін ұстану және тағам құрамының балансын сақтау, майлы, тұздалған, маринадталған, ащы тамақ рационын бекіту;
  • Ішек - асқазан жолының патологиясы үшін тағайындалған емді қадағалау;
  • Дәрілерді дәрігер тағайындауы бойынша қолдану және дозасын сақтау.
  • Иммунитетті жоғарылату;
  • Зиянды микрофлораны төмендету;
  • Қалыпты микрофлораны қалпына келтіру;

12 of 30

Дисбактериозды емдеудің 3 сатысы:

  • Аурудың негізгі симптомдарын анықтау (әр науқасқа жеке);
  • Қалыпты микрофлораны қалпына келтіруде пробиотикалық препараттар мен пробиотикалық өнімдерді қолдану (Энтерол, Бактисубтил, Линекс).
  • Кей жағдайда аш ішекте патогенді микроорганизмдерді азайтуға антибиотиктер қолданылады (тетрациклин, пенициллин, цефалоспорин, хинолон (аривид, нитроксолин) және метронидазол тобының антибиотиктері);
  • Ас қорытуды қалыпты күйге келтіру.

13 of 30

Ішек флорасын қалпына келтіру.

Антибиотикотерапия:

  • Альфа-нормикс (рифаксимин);
  • Эрсефурил;
  • Нистатин;
  • Цефаксим;
  • Интетрикс;
  • Левомицетин;

Сорбенттер:

  • Смекта;
  • Активирленген көмір;
  • Каолин;
  • Билингин;
  • Альмагель;
  • Фосфалюгель;
  • Маалокс;

Пребиотиктер:

  • Лактулоза (нормазе);
  • Хилак;
  • Инулин;

Пробиотиктер:

  • Бифидумбактерин-форте;
  • Линекс;
  • Бифиформ;

14 of 30

Гигиеналық және Рационалды тамақтанудың принциптері. Диеталық тамақтану

15 of 30

Гигиеналық тамақтану

Гигиеналық тамақтану – сау және науқас адамдардың рационды (қалыпты) тамақтануы қауымдыстығының заңдары мен принциптері жайлы ғылым. Ол халық топтарының әр түрлі тамақтану деңгейін практикалық және ғылыми тұрғыда зерттейді.

Гигиена тамақтанудың негізгі мақсаты: қарапайым халықтарды тағамдық өнімдерден болатын аурулардан сақтау болып табылады.

Гигеналық тамақтанудың, тағамдық өнімдерге қоятын негізігі талабы, тағамның сапалы, қауіпсіз, зиянсыз болуы.

16 of 30

Гигиеналық тамақтану адамдардың физиологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді:

17 of 30

18 of 30

Рационалды тамақтану үш принципке негізделген:

19 of 30

Адамның өмір сүруіне қажетті энергия негізінен тағаммен біргі организмге еніп отырады.

Энергияның шығыны, ол адамның физикалық еңбегінің дәрежесіне байланысты.

20 of 30

Еңбек ету дәрежесіне байланысты тұрғын халықты бес топқа бөледі:

21 of 30

Ересек қала және ауыл тұрғындарының тәуліктік қажеттілігі, ккал

Халықтың топтары

Жасы

Ер адамдар

Әйел адамдар

Қалыпты жағдайда

Белсенді дене еңбегі кезінде

Қалыпты жағдайда

Белсенді дене еңбегі кезінде

1- топ

18-40

2800

3100

2400

2650

40-60

2600

2800

2200

2350

2- топ

18-40

3000

3300

2550

2800

40-60

2800

3000

2350

2500

3- топ

18-40

2200

3500

2700

2950

40-60

2900

3100

2500

2650

4- топ

18-40

3700

4000

3150

3400

40-60

3400

3600

2900

3050

5- топ

18-29

4300

-

-

-

30-39

4100

-

-

-

40-59

3900

-

-

-

22 of 30

Тағамдық өнімдерді калориялығына байланысты бес топқа бөлуге болады:�

23 of 30

Тағамдық рацион келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • Тағам рационының энергетикалық құндылығы организмнің энергия шығымын толтырып отыру қажет;
  • Дайындалуы мен құрамына байланысты тағамдық өнімдер жақсы сіңімді болуы керек;
  • Тағам жоғары органолептикалық қасиетке ие болуы керек (сыртқы көрінісі, консистенциясы, дәмі, иісі, түсі);
  • Күнделікті өмірде тағамның әр түрінен қабылдап отыру керек;
  • Тағамның сіңімді және тойымдылығын қамтамасыз етіп отыру керек;
  • Тағамның санитарлы-эпидемиологиялық тазалығын қадағалау керек;

24 of 30

Диеталық тамақтану

  • Диеталық тамақтану (грек тілінен аударғанда «диета» сөзі «тамақтану тәртібі» деген мағынаны береді) – емдік - профилактикалық тамақтану комплексінің маңызды және негізгі бөлігі.
  • Адам организмінің қалыпты жұмысының бұзылуы кезінде диеталық тамақтану кеңінен қолданысқа ие болады.
  • Мысалы, атеросклероз ауруы адам көп колориялы тағам пайдалану кезінде, NaCl мен көмірсу нормасының артуы кезінде, тағамдық өнімдерге C, B6, B12, PP, A, E витаминдері, Mg, K, I элементтері жетіспегенде пайда болады. Осы факторлардың барлығы диеталық тамақтануға жүгінуге алып келеді.

25 of 30

Диеталық тамақтануға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар: �

26 of 30

�Диеталық және емдік профилактикалық тамақтанудың рационы

  • Диеталық және емдік-профилактикалық тағамдар күнделікті өмірде адамға оптималды жағдайда беріліп отыру қажет. Егер ол өз рационынан аз немесе көп болған жағдайда адам организміне кері әсерін тигізеді. Мысалы, күнделікті рацион құрамында белок саны артатын болса, ол организмді фосфорорганикалық қосындылардың кері әсерінен қорғайды, бірақ та ол организмде аллергиялық белгілер байқалу мүмкін.

27 of 30

  • Қазіргі таңда емдік профилактикалық тағамдарды жаңа технологияны пайдалана отырып өндіру гигиена ғылымы үшін аса жоғары жетістік болып отыр.
  • Біздің елімізде емдік - профилактикалық тамақтану рационын адам жұмысының зиянды әсеріне қарсы өндіруде. Емдік - профилактикалық тамақтануды 8 түрі бар.

28 of 30

29 of 30

Бақылау сұрақтары:

  • Дисбактериоз дегеніміз не?
  • Ішек микрофлорасына әсер ететін факторлар негізгі механизмдері қандай?
  • Дисбактериоздың пайда болу себептері қандай?
  • Ішек дисбактериозының клиникадағы классификациясы қандай?
  • Фунуциональді тағамдық өнімдер дегеніміз не?
  • Пребиотиктермен байытылған тағамдық өнімдерге қандай өнімдер жатады?

30 of 30

�Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бондаренко В.М., Мацулевич Т.В. Дисбактериоз кишечника как клинико- лабораторный синдром: современное состояние проблемы. - М., Гэотар-Медиа. - 2007.

2. Коршунов В.М., Володин Н.Н., Ефимов Б.А. и др. Микроэкология желудочно-кишечного тракта. Коррекция микрофлоры при дисбактериозах кишечника. (Учебное пособие). М., 2009.

3. Большаков А.М., Новикова И.М. Общая гигиена: Учебник. 2-е изд. М.: Медицина, 2002. – С. 154-158.