«Қоғамдық пәндер»
кафедрасының 2025-2026 оқу жылындағы
өткізілген іс-шаралары
�
Апталықтың ашылуы
Халықсыз – тарих жоқ, тарихсыз – халық жоқ демекші кез-келген мемлекеттің басты құңдылығы ол оның өткен жолы. Ал, осы тарихты білу өскелең ұрпақтың міндеті. Осы мақсатта М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа тхнологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» тақырыбында апталықтың ашылуы болды.
Студенттер "Тарихтың іздерімен: өткеннен болашаққа" айдарымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, заманауи түрде жасалған 3Д форматтағы кубиктер арқылы ұлы ғұламалардың қойған сауалдарына жауап беріп, түрлі сергіту ойындары арқылы логикалық ойларын дамытып түрлі кезеңдерге саяхат жасады.
Апталықта сабақтан тыс жұмыстар, «Шамшырақ» дебат клубының отырысы, ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттар, олимпиада, әдеби аукцион мен мастер-класс жоспарланды. Кафедра меңгерушісі З.Ш.Бектибаева апталықтың жоспарын таныстырып, студенттерді белсене қатысуға шақырды.
"Адалдық- адамгершіліктің белгісі"
08.12.2025 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Шамшырақ» дебат клубының жетекшілігімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай "Адалдық- адамгершіліктің белгісі" тақырыбында колледж аралық жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Жолдастық кездесу ойындарына "Болашақ" және "Тамақтандыру индустриясы" колледждерінің белсенділері қатысты. Іс-шара 2 форматта жүзеге асырылды: апф және лд. «Шамшырақ» клубының спикері Арысбекқызы Нұрай төреші қызметін атқарды . Ойындар қызықты әрі тәрбиелі маңыздылығымен ерекшеленді. Әр тарап өз ойын үздік, әрі ұшқыр жеткізуге талпынды. Іс-шараға белсене қатысқан студенттердің барлығы алғыс хаттармен марапатталды.
Ашық тәрбие сағаты
Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл.
Желтоқсан айының 8-і күні «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында кафедра оқытушылары Ғ.Ә.Қошаманова және Д.Т.Балғабаева СӨ-01-23, ЕТ-03-24 топ студенттерімен даңқты батыр, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай "Алаштың айбыны-Бауыржан Момышұлы " атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер Б. Момышұлының өмірі мен ерлік жолы туралы мағлұматтар алды.
Іс-шараның мақсаты – батырдың патриоттық рухын, Отанға деген сүйіспеншілігін және кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиетін насихаттау болды. Студенттер батырдың нақыл сөздері мен шығармаларын айтып, оның ерлікке толы өмірінен үлгі алды.
Бұл тәрбие сағаты жастардың отансүйгіштік қасиеттерін нығайтуға және батырдың мұрасын құрметтеуге бағытталған маңызды шара болды.
Ашық сабақ
09.12.2025ж. күні «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында кафедра оқытушысы Ғ.Ә.Қошаманова ЕТ-05-22 топ студенттерімен Мәдениеттану пәнінен «Дәстүрлі қазақ мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Аталған ашық сабағына колледж мұғалімдері қатысып, сабақта қолданылып жатқан әртүрлі әдіс-тәсілдерге, оқыту барысына көңіл аударып, бақылап отырды. Студенттер да сабақ барысында белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырды.
Жасанды интелектіні сабақта қолдану оқытуды жекелендіреді, интерактивті етеді және студенттердің тарихи-мәдени білімдерін тереңірек түсінуіне ықпал етеді. Ол педагогтерге де, білім алушыларға да уақытты тиімді пайдалануға және сабақты қызықты етуге көмектеседі.
Жалпы бұл ашық сабақтар педагогтар арасында тәжірибе алмасу үшін өте пайдалы.
Ашық сабақтан кейін колледж әдіскері мен сабаққа қатысқан оқытушылар Ғ.Ә.Қошаманованың аталмыш сабағына талдау жасап, жақсы пікірлер айтып, нұсқаулықтар берді.
Олимпиада
10.12,2025ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында «Тарих-өткенге сабақ, келешекке- өнеге» тақырыбында кафедра оқытушылары Ғ.Ә.Қошаманова мен С.Ж.Тулешованың ұйымдастыруымен Тарих пәні бойынша І курс студенттері арасында колледжішілік олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- студенттердің ел тарихы туралы білім деңгейін арттыру, шығармашылық қабілеттерін анықтау және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.
Олимпиада екі турдан тұрды. I-турда олимпиадаға қатысушылар 45 минут ішінде 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын kаhоot платформасы бойынша орындаса, ал II-турда– 180-200 сөзден тұратын «Қазақ хандығы»,»Алаш қозғалысы және қазіргі заман», «Елтаңба елдігімнің белгісі», «Азат елдің Ата заңына-30 жыл», «Адал азамат-адал еңбек», «Жасанды интелект: адамзат үшін пайдасы мен зияны» тақырыптарында эссе жазды.
Олимпиадаға барлық бөлімдерден 20 студент қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Әрине олимпиадада жеңімпаздар бар, бірақ жеңілгендер жоқ. Өйткені, әрбір білім сайысы студенттердің білім деңгейінің көтерілуіне елеулі әсер етіп, болашақтағы жоспарларын орындауға тың серпін береді.
Шеберлік сағат
11.12.2025 күні М.Өтебаев колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының педагогтары З.Бектибаева мен Ғ.Қошаманованың ұйымдастыруымен жас педагогтарға арналған «Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағаттың мақсаты тарих сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған әдіс-тәсілдермен таныстыру, педагогтарды мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді жолдарымен қамтамасыз ету және практикалық әдістерді көрсетіп, сабаққа енгізу стратегияларын ұсыну.
Сондай ақ қатысушыларға білім алушылардың теория мен тәжірибені тығыз байланыстыратын және пәнге деген қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер мен сергіту сәттері таныстырылып, қажетті материалдар таратылды.
Литературный аукцион
12.12.2025 года преподаватели кафедры «Общественных дисциплин» Бекметова О.В. и Сулейменова М.Б. в рамках проекта «Читающий колледж» провели Литературный аукцион, посвященный 190-летию со дня рождения выдающегося деятеля казахской народа, историка, этнографа, географа и просветителя Шокана Валиханова «Первый казахский учёный».
Студенты групп ДИ-02-24 и ЕТ-06-23 исследовали этапы жизни Ш. Валиханова, прочитали документальные и художественные книги, изучали его записи, просмотрели фильмы. На основе собранной информации, познакомили присутствующих с жизнью и многогранной научной деятельностью, просветительскими идеями и художественным талантом Ш. Валиханова. В финале мероприятия с использованием искусственного интеллекта был проведен «Литературный аукцион», на который выставлялись вопросы, за правильные полные ответы студенты получили призы.
Согласно Единой программы воспитания «Адал Азамат» ценностью декабря выступают «Единство и солидарность». Шокан Валиханов через всю свою жизнь пронес эти ценности, воплощал их через свою деятельность, выступал за сплочение народа и взаимопонимание между людьми. Данное мероприятие было направлено на воспитание чувства патриотизма, уважения к историческому наследию, гордости за выдающихся личностей Казахстана, стремление больше читать, много знать.