«КАЗЭКОПРОЕКТ» ЖШС
БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың жағдайын бағалау жөніндегі кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу
Бөлім: құтым балығының түрлерін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан шығару бойынша ұсыныстар әзірлеу
Биология ғылымдарының докторы А.К.Камелов
Алматы, 2022
2. Зерттеудің мақсаты:
Зерттеудің міндеттері:
�3. Құтымның таксономиялық жағдайы �
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
4. Құтымның Каспий теңізіндегі таралуы
Құтым — Каспий теңізінің бассейнін, негізінен оның орталық және оңтүстік-батыс бөліктерін мекендейтін жартылай өрістегіш балықтардың понто-каспийлік түрі. Әзербайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан суларында таралған. Түрдің таралу аймағы Солтүстік Кавказдағы Терек өзенінің сағасынан оңтүстігінде Пехлави шығанағына дейін және одан әрі шығыста Түрікменстанның оңтүстік жағалауындағы Красноводск шығанағы мен Қарши айлағына дейін созылады.
Негізгі Каспийдің оңтүстік-батыс бөлігінде Әзірбайжандағы Кура және Ирандағы Сефидруд өзендерінің аралығында шоғырланған [51, 52]. Солтүстік-шығыс бөлігінде және шығыс жағалауында тіркелмеген, Солтүстік Каспийде және Еділ мен Жайық өзендерінің сағаларында жеке-дара кездеседі [27, 39].
Құтымның Каспий теңізіндегі таралу аймағы (Рабазанов және т.б. 2017)
5. Санының азаюы және оның себебі
6. Зерттеулерді жүргізу ауданы мен әдістері
Каспий теңізінің қазақстандық секторының оңтүстік бөлігіндегі «Аққу» кемесінің көмегімен жылдың әр маусымында 7 мониторинг жүргізу стансасында құтым популяциясының таралуы, миграциялық ерекшеліктері, жай-күйі мен санына зерттеулер жүргізілді.
Сонымен қатар, «Қазэкопроект» ЖШС қызметкерлері көктемгі-жазғы маусымда балықшылармен бірге жағалаудағы балық аулау орындарына барып, құтымды қосалқы аулау, оның миграциялық мерзімі мен биологиялық көрсеткіштерін есепке алды.
Мониторинг жүргізу стансалары
«Аққу» ҒЗК
7. ОРТА КАСПИЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ҚҰТЫМНЫҢ МАУСЫМДЫҚ ТАРАЛУЫ
Көктем, трал
Көктем, аулар
Жаз, трал
Жаз, аулар
Күз, трал
Күз, аулар
8.Орта Каспийдің шығыс бөлігіне құтымның жайылым миграциясы
Орта Каспий жағалауында құтымның оңтүстіктен солтүстікке қарай айқын жайылым (қоректену) миграциясы анықталды.
Миграция сәуір айының ортасында Қазақстан Республикасының оңтүстік шекарасынан басталып, мамыр айында жаппай қозғалыс байқалады. Теңіз суының жылынуымен балықтар солтүстік бағытқа қарай (жасылмен белгіленген) қозғалып, маусым-шілде айларында Атырау облысының тұсына жетеді. Қоң жинап жүрген балықтардың ең көп шоғырлануы шілдеде байқалады.
Жем жеткілікті болған жағдайда, құтым күзге дейін осы акваторияда жайылады, содан кейін теңіздің оңтүстік акваториясына қарай кері миграция басталады (қызғылт-сарымен белгіленген).
9. ҚҰТЫМ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН НЕГІЗГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Жас аралығы | Ұзындығы, см | Салмағы, г | Семіздік (Ф) | ||
мин-макс | орташа | мин-макс | орташа | ||
2 | 29-35 | 31,3±1,3 | 388-660 | 483,5±61,6 | 1,56±0,02 |
3 | 35-41 | 37,8±0,4 | 656-1160 | 886,1±32,3 | 1,63±0,02 |
4 | 38-46 | 41,3±0,3 | 870-1 560 | 1 134,7±28,2 | 1,60±0,01 |
5 | 44-48 | 45,9±0,3 | 1 254-1 840 | 1 497,3±41,8 | 1,54±0,02 |
6 | 47-53 | 49,4±0,6 | 1 600-2 200 | 1 850,9±61,0 | 1,53±0,01 |
7 | 52-53 | 52,3±0,3 | 2 240-2 380 | 2 293,3±43,7 | 1,60±0,00 |
8 | 55 | 55,0 | 2 640 | 2 640,0 | 1,59±0,00 |
Жалпы | 29-55 | 42,4±0,5 | 388-2 640 | 1 253,8±47,1 | 1,59±0,01 |
7.1 кесте - Орта Каспийдің қазақстандық жағалауындағы құтымның биологиялық көрсеткіщтері
(кеме зерттеулерінің материалдары бойынша)
Ұзындығы, см | Салмағы, г | Ф бойынша семіздік коэффициенті | n | |||
мин-макс | орташа | мин-макс | орташа | мин-макс | орташа | |
35-44 | 39,8±0,4 | 820-1 295 | 1 026,0±20,8 | 1,41-2,08 | 1,63±0,02 | 55 |
7.2 кесте - Құтымның өлшемдік-салмақтық көрсеткіштері мен семіздігі (балықтардың аулағаны бойынша)
10. Түрлерді Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу негіздері
11. КТҚБ-дегі құтым түрлерінің қазіргі жағдайын �«ХТҚО Қызыл тізімі 3.1 нұсқасының санаттары мен критерийлері» негізінде бағалау
№ | Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қызыл кітапқа енгізу критерийлері | Түрдің қазіргі жағдайы |
1 | Халықаралық табиғатты қорғау одағының жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізіміне (ХТҚО Қызыл кітабы) енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері | Құтым түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізіміне (ХТҚО Қызыл кітабы) енгізілмеген |
2 | Мына деректердің болуы:
| Сандар мен аулаудың өсуі: Иран – 12-14 мың тонна аралығында ауланады. Әзербайжан – ресми аулау 162 тоннаға жетті. Ресейде түрдің 1,2 миллионға дейін көбею үрдісі байқалады Түрікменстан – тұрақты балық шаруашылығы, Қазақстан – түрлер санының өсуі байқалады |
3 | - таралу аймағының азаюы | Таралу аймағының ұлғаюы байқалады. Түрлерді аулаудың жоғары деңгейі Маңғыстау облысының барлық акваториясында Сүйе мүйісінен (Түрікменстанмен шекара) Түпқараған мүйісіне (Баутин шығанағы) дейін байқалады |
4 | - тіршілік ету жағдайларының жайсыз өзгерістері | 1. Теңіздік регрессиясы түрге кері әсерін тигізбейді, өйткені ол негізінен теңіздің солтүстік бөлігінде байқалады, ол жерде құтым сирек кездеседі. 2. Климаттың жаһандық жылынуы теңіздің оңтүстік бөлігінде тіршілік ететін түрге оң әсерін тигізеді және оның таралу аймағының солтүстік суларға дейін кеңеюіне ықпал етеді. |
12. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен құтымды шығарып тастаудың себептері
Каспий маңы мемлекеттерінің балық аулау бойынша материалдарын талдау соңғы жылдары бұл елдерде құтымды аулау не тұрақты жағдайда, не өсу үрдісінде екенін көрсетті.
Маңғыстау облысының барлық акваториясында соңғы жылдары байқалған құтым санының айтарлықтай өсуі Каспий теңізіндегі түр санының жалпы өсуін де, бассейндегі құтымның таралу аймағының кеңеюін де айқын көрсетеді.
13. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен құтымды шығарып тастаудың себептері �
Басқа жартылай өрістегіш түрлерге кері әсер ететін Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі құтымға кері әсерін тигізбейді, өйткені теңіздің құтым сирек кездесетін солтүстік бөлігі таязданып, кішіреюде. Құтым мекендейтін Орта және Оңтүстік Каспийде теңіз деңгейінің төмендеуінің әсері шамалы.
Жаһандық жылыну және оған әсер ететін факторлар (күн радиациясының артуы, теңіз суының жылынуы, қыста мұз жамылғысының азаюы) теңіздің оңтүстік бөлігінде тіршілік ететін, жылуды жақсы көретін түрлерге оң әсер етеді.
Қорытынды
РАХМЕТ!