1 of 31

����� �����������������������������������

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті�Биология және биотехнология факультеті�Биотехнология кафедрасы �ПӘН �«ПРОБИОТИКАЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ»�

Пəннің жалпы көлемі: 3 кредит� 1 кредит - лекция, 2 кредит – практикалық сабақ.

Лектор б.ғ.к., доцент Абдиева Гулжамал Жанадиловна

2 of 31

�����Модуль 2. �Микробиологиялық өзгерістер «Ішек дисбактериозының» клиника – лабораториялық синдромының көрінісі ретінде.��Лекция 8 �Ішек дисбактериозының түсініктері. �Ішек дизбактериозының классификациясы. �

3 of 31

Дәрістің мақсаты

  • Мақсаты: Дисбактериоз, ішек микрофлорасына әсер ететін факторлар, дисбактериоздың пайда болу себептері, ішек дисбактериозының клиникадағы классификациясы жайында түсінік қалыптастыру.
  • Негізгі түсініктер: Симбиоздық микроорганизмдердің позитивтік рөлі. Ішектің транзиторлы микрофлорасының патогендік потенциалы.

4 of 31

Дисбактериоз

Дисбактериоз – дегеніміз қалыпты микрофлорасының сандық және сапалық құрамының бұзылуы.

Ішек дисбактериозы – белгілі бір биотоптардың қалыпты микфлорасының сандық және сапалық өзгеруімен және оның әртүрлі өкілдерінің өзге биотоптарға транслокациялануымен, кейбір пациенттерде метаболиттік және иммундық ауытқулар симтомымен сипатталатын, бірқатар аурулар мен клиникалық жағдайлардың салдарынан пайда болатын клинико-лабораториялық синдром.

5 of 31

Ішек дисбактериоз термині қамтитындар:

1) Ашы ішек және тоқ ішек биотоптарындағы микрофлора құрамының сапасы мен санының өзгеруі өзгеруі.

2) Резидентті микрофлора құрамына кірмейтін факультативті штамдардың пайда болуы:

Proteus,Morganella,Klebsiella,Enterococcus,Citrobacter,Hafnia,E.coli,Pseudomonos және т.б.

6 of 31

Дисбактериоздың пайда болу себептері:

  • Микроорганизмдердің тіршілік ету ортасының рН – мәнінің өзгеруі, салдарынан зат алмасу процестері мен пайдалы микробтардың клеткалық мембраналары бұзылады. Соның нәтижесінде адам холецистит, гепатит, гастрит, язвалық және ішек ауруларына шалдығады;
  • Егер ас қорытуға қатысатын ферменттердің тапшылығынан, қорытылмаған тағам қалдықтары патогенді микроорганизмдерге субстрат ретінде қызмет атқарып, олардың өсуіне себеп болған жағдайда. Бұл жағдайда асқазан функцияларының бұзылуы, бауыр аурулары болады;

7 of 31

  • Көптеген психикалық және физикалық стрестік жағдайлар, хирургиялық операциялардан кейінгі стрестік факторлар;
  • Рационалды дұрыс тамақтанбау, рационда пайдалы микробтарға субстрат болатын заттардың болмауы (сүт қышқылды тағамдар) және консерванттарды пайдалану нормофлораны бұзады. Мұнан басқа қатаң диета ұстаған да зиянды болады.
  • Егер ішекте паразиттер (глисты) немесе патогенді микробтар болса, олар пайдалы микроорганизмдердің тіршілігіне зиянды заттарды бөліп шығарады. Соның нәтижесінде дизентерия, сальмонеллез, вирустық аурулар, лямблиоз бен гельминтоз ауруларына әкеледі.
  • Адамдардың массивті бақылаусыз түрлі антибиотикалық препараттарды қабылдауы.

8 of 31

Дисбактериозға әкелетін факторлар

1986 Беюл Е.А., Куваева И.Б. ішек дисбактериозын пайда болуына әсер ететін факторларды екіге бөліп қарастыруды ұсынған:

  • Эндогенді факторлар
  • Экзогенді факторлар

9 of 31

Эндогенді факторлар

Эндогенді факторларға:

  • Асқорыту жүйесінің органдарының әртүрлі ауруралары салдарынан болатын дисбактериоз - асқазан, асқазан асты безінің бауыр және өт шығару жолдарының ішек әртүрлі ауруларының салдарынан
  • Инфекциялық аурулар салдарынан болатын дисбактериоз
  • Аллергиялық аурулар салдарынан болатын дисбактериоз
  • Иммунодефициттік жағдайлардан болатын дисбактериоз
  • Гиповитоминоздан болатын дисбактериоз
  • Гипоксия салдарынан болатын дисбактериоз
  • Эндогенді және экзогенді интоксикация салдарынан болатын дисбактериоз

10 of 31

Экзогенді факторлар

Экзогенді факторларға:

  • Алиментарлық - тамақтануға байланысты
  • Операциялардан кейінгі дисбактериоз
  • Инфекциялардан кейінгі дисбактериоз
  • Дәрілік препараттарға тәуелді дисбактериоз,
  • Стрестік жағдайлар,
  • Радиация әсерінен
  • Радионуклидтердің әсерінен

11 of 31

2000 жылы А.Ю. Барановский және Э.А. Кондрашина эндогенді және экзогенді факторлардың салдарынан болатын. дисбактериозды жіктеуді ұсынды:

  • Жас ерекшелігіне байланысты
  • Маусымдық дисбактериоз
  • Нутритивті (тағамдық қоспалар) дисбактериоз
  • Профессионалдық дисбактериоз

12 of 31

Дизбактериоздың түрлері

Дизбактериоз

Тері

Ауыз қуысы

Ішек

Зәр шығару жолдары

Көз

13 of 31

Дисбактериозды этиологиясына байланысты жіктеу

  • Стафилококтық дисбактериоз
  • Саңырауқұлақтық дисбактериоз
  • Протейлік дисбактериоз
  • Ассоцияланған дисбактериоз

14 of 31

Дисбактериоздың классификациясы көбісінде тек микрофлораның өзгеруі ғана қамтылып, клиникалық аспектілері ескерілмеген. 1982 жылы Г.Г. Кузнецова дисбактериоздың 4 сатысы және 4 дәрежесін бөлуді ұсынды:

1. сатысы – бифидобактериялар мен лактобактериялардың санының кемуі немесе элиминациялануы.

2. сатысы – колибактериялық флораның мөлшерінің жоғарлауы және немесе оның күрт төмендеуі, атипті E.coli пайда болуы.

3. сатысы – шартты – патогенді микрофлораның жоғары титрі.

4. сатысы – протей туысының бактерияларының немесе көк іріңді таяқшалар титрінің жоғарлауы.

15 of 31

Дизбактериоз көрінісі

16 of 31

�Дизбактериоз дәрежелері: �

1 дәрежелі – анаэробты микрофлораның аэробтылардан басым келеді.

2 дәрежелі – аэробтар мен анэробтылардың мөлшері бірдей, атипті штамдардың саны жоғарлап, E.coli,стафилококтардың гемолитикалық формалары пайда болуы мүмкін.

3 дәрежелі –шартты-патогенді микрофлораның мөлшері күрт артады да бифидобактериялар мен лактобактериялардың мөлшері төмендейді.

4 дәрежелі –шартты –патогенді микроорганизмдердің - гемолитикалық стрептококтрадың, стафилококтардың протейлердің мөлшері артады

17 of 31

И.Б. Куваева және К.С. Ладодо(1991ж) бойынша ішек дисбактериозының классификациясы:

Дисбиоздың бірінші кезеңі (латентті фаза) –қорғаныштық микрофлораның (бифидобактериялар, лактобациллалар және толыққанды ішек таяқшасы)  жалпы санынан 80% төмендеген кезде байқалады.

Екінші кезең (старттық фаза)-

Үшінші кезең ( анаэробты флора агрессиясы фазасы)-

бұл фаза агрессивті микроорганизмдер құрамының өсуінің айқын көрінуімен сипатталады.

Төртінші кезең ( дисбиоздың ассоциативті фазасы)-

18 of 31

Ішек дисбактериозы кезіндегі шартты-патогенді микрофлораның кері әсері

Шартты-патогенді микроорганизмдердің этиологиялық ролі

Патогенділік потенциалын кқрсету механизмдері

Инфекция көзі

Шырышты қабаттарда іріңді – қабыну және басқада патологиялық жағдайларды туддырып колонизациялану

Шартты-патогенді микроорганизмдердің протеиназалары мен токсиндік субстанциялардың әсерінен қабыну медиаторларының түзілуін қарқындату

Клеткалық мембраналардың өткізгіштігін және ұлпалардың гипоксиясы мен зақымдануын жоғарлату, қанның микроциркуляциясы мен ұюын бұзу.

Сенсибилизиздеуші рөлі

Аллергиялық белгілер (бронхоспазмдар, аллергодерматоздар, нейродермиттер и др.)

Патогенділік аймақтары және дәрілік тұрақтылықтың маркерлерімен байланысты гендердің көзі

Конъюгация, трансдукции и трансформации жолдары арқылы патогенді клондарды қалыптастыру

Мутагендік және канцерогендік белсенділік

Канцерогенездің пайда болуы және дамуы

19 of 31

Ішек дисбактериозының клиникалық формаларының классификациясы

Академик А.Ф. Билибин ішек дисбактериозын 3 ке бөлуінді ұсынды:

  1. Латенттік - субклиникалық дисбактериоз
  2. Жергілікті – локальді дисбактериоз
  3. Генерализацияланған –кең таралған дисбиоз (бактериямия, инф.генерализциялануы, сепсис, септикопиемия жалғасады).

20 of 31

Дисбактериоздың компенсациялану дәрежесіне байланысты жіктелуі

  • Компенсерлинген формасы - ішектің микрофлорасының бұзылуы организмде патологиялық процестер түрінде көрінбейді.
  • Субкомпенсирленген формасы- микрофлораның бұзылуы ішекте қабыну ошақтарының пайда болуына әкеледі.
  • Декомпенсирленген формасы-қабыну процесі генерализацияланған формаға ауысады.

Бұл жағдайда стафилококтар мен кандида туысының саны артады.

21 of 31

Дисбактериоздың қалпына келуі

22 of 31

Ішек дизбактериозының клиникалық көріністері

  •  Негізгі клиникалық көріністері:
  • Адам организмінің жалпы жағдайының бұзылуы – интоксикация, сусыздануы;
  • Дене салмағының төмендеуі;
  • Асқазан-ішек жолдары шырышты қабаттарының зақымдануы;
  • Асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктерінің асқорыту қызметінің бұзылуы.

23 of 31

Ересектердегі ішек дизбактериозының клиникалық көрінісі

1. Асқазан-ішек жолдарының көріністері.

Тәбеттің төмендеуі немесе жоқтығы, кекіру, изжога, жүректің айнуы, аэрофагия, метеоризм, ауыз дәмінің бұзылуы және әлсіз температураның пайда болуы.

2. Гиповитаминоз белгілерінің байқалуы:

тері және шырышты қабаттардың құрғақтығы, жарылулар.

3.Аллергиялық синдром: тері және шырышты қабаттардың қасынуы, терідегі аллергиялық бөрітпелер.

4.Жалпы симптомдар: шаршау, әлсіздік, бас ауру, ұйқының бұзылуы.

24 of 31

Балалардағы ішек дизбактериозының клиникалық көрінісі

1. Дене салмағының бұзылуы.

Дене салмақ қоспау, салмақ жоғалтуы, I, II, III дәрежелі

гипотрофия, дене салмағының жетіспеушілігі

  1. Тері, шырышты қабаттардың, тері асты клетчатканың

өзгеруі. Терінің құрғақтығы, қатпарлануы, терінің сұп

сурлануы, аллергиялық дерматиттер.

3. Асқазан-ішек жолдарының көріністері.

Тәбеттің төмендеуі немесе жоқтығы, кекіру, изжога, жүректің

айуы, іштің желденуі, аэрофагия, метеоризм, іштің ауруы,

және әлсіз температураның пайда болуы, диарея.

 

25 of 31

�Дисбактериозды диагностикалау әдістер

Дисбактериозды анқтау үшін, ең алдымен ішек құрамындағы микробтар түрін және санын анықтап алу қажет. Бүгінгі күні практикалық қолданысқа ие екі түрлі әдіс бар:

1. Бактериологиялық зерттеу. Бұл әдіс сұйытылған зерттеу материалын немесе жұғындыларды сәйкес қоректік ортаға егуге негізделген, яғни бактерияларға элективті қоректік ортаға егеді.

26 of 31

2. Капрологиялық және биохимиялық әдістер.

Екінші зерттеу әдісі бойынша зерттеу материалдарындағы микробтық метаболиттерді немесе дисбиоз маркерлерін анықтау.

Дисбиоз маркерлері: май қышқылдары, гидрокси май қышқылдары, май қышқылды альдегидтер және т.б-ды жатады. Мыс: нәжісте β-аспартил глицин және β-аспартил лизиннің табылуы микробиоценоздың бұзылуын дәлелдейді. Өйткені қалыпты жағдайда бұл дипептидтер ішектің анаэробты микроорганизмдермен сіңіріледі немесе ыдыратылады. Бұл әдіс өзінің сезімталдылығымен және де микробтарды бірнеше сағат ішінде оңай анықтау қасиетімен ерекшеленеді.

27 of 31

Дисбактериоз профилактикасы:

  • Рациональды тағамдану ережесін ұстану және тағам құрамының балансын сақтау, майлы, тұздалған, маринадталған, ащы тамақ рационын бекіту;
  • Ішек - асқазан жолының патологиясы үшін тағайындалған емді қадағалау;
  • Дәрілерді дәрігер бекітуі бойынша қолдану және дозасын сақтау.
  • Иммунитетті жоғарылату;
  • Зиянды микрофлораны төмендету;
  • Қалыпты микрофлораны қалпына келтіру;

28 of 31

Дисбактериозды емдеудің 3 сатысы:

  • Аурудың негізгі симптомдарын анықтау (әр науқасқа жекелей);
  • Қалыпты микрофлораны қалпына келтіруде пробиотикалық препараттар мен пробиотикалық өнімдерді қолдану (Энтерол, Бактисубтил, Линекс).
  • Кей жағдайда аш ішекте патогенді микроорганизмдерді азайтуға антибиотиктер қолданылады (тетрациклин, пенициллин, цефалоспорин, хинолон (аривид, нитроксолин) және метронидазол тобының антибиотиктері);
  • Ас қорытуды қалыпты күйге келтіру.

29 of 31

Ішек флорасын қалпына келтіру.

Антибиотикотерапия:

  • Альфа-нормикс (рифаксимин);
  • Эрсефурил;
  • Нистатин;
  • Цефаксим;
  • Интетрикс;
  • Левомицетин;

Сорбенттер:

  • Смекта;
  • Активирленген көмір;
  • Каолин;
  • Билингин;
  • Альмагель;
  • Фосфалюгель;
  • Маалокс;

Пребиотиктер:

  • Лактулоза (нормазе);
  • Хилак;
  • Инулин;

Пробиотиктер:

  • Бифидумбактерин-форте;
  • Линекс;
  • Бифиформ;

30 of 31

Бақылау сұрақтары:

  • Дисбактериоз дегеніміз не?
  • Ішек микрофлорасына әсер ететін факторлар негізгі механизмдері қандай?
  • Дисбактериоздың пайда болу себептері қандай?
  • Ішек дисбактериозының клиникадағы классификациясы қандай?

31 of 31

Ұсынылған әдебиеттер

1. Бондаренко В.М., Мацулевич Т.В. Дисбактериоз кишечника как клинико - лабораторный синдром: современное состояние проблемы. - М., Гэотар-медиа. - 2007.

2.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. М, 2002.

3.Шендеров Б.А. Медицинская микробная экология и функциональное питание. Том 1: микрофлора человека и животных и ее функции. М., Изд. Грантъ, 1998.