Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Дәріс 2.
Биотехнологиялық өндіріс, негізгі сатылары, өндірісте қолданылатын әдістер
Дәріскер: б.ғ.к., проф. Уалиева П.С.
Дәрістің мақсаты: Биотехнологиялық өндіріс, негізгі сатылары, өндірісте қолданылатын әдістер
Дәрістің міндеттері: Биотехнологиялық өндіріс, ферментациялау ерекшеліктері туралы мәліметтер беру
�Қазіргі кезде жаңа өндірістерді жабдықтау кезінде екі міндет қойылады:��1. Масштабтау- зертханалық жағдайларда немесе тәжірибиелі- өндірістік қондырғыларда алынған мәліметтер негізінде қондырғыларды есептеу.�2. Оптимизация- қондырғының түрін, жұмыс істеу режимін, техникалық сызбалардың пайдалы түрлерін таңдау.�� Масштабтау және оптимизациялау кезінде математикалық моделдеу жүргізіледі. Математикалық моделдеуде негізгі процесс жылдамдығының субстрат компоненттерінің концентрациясына және температураға тәуелділіктері есептелінеді. Осының негізінде оптималды технологиялық режим таңдалынып алынады. �
Биотехнологиялық жүйе биообъектілерден, шикізаттардан және технологиялық жағдайлардан тұрады, өндіріс үшін белгілі бір өнім алуда қондырғылар құрастырылады. Микроорганизмдер орталық звено болып табылады, ал қондырғылармен жабдықтау олардың биологиялық қасиеттеріне байланысты жасалынады. �Микробтық клеткадан қандай да бір метаболиттің жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін микроорганизмдердің генетикасын, биологиясын және физиологиясын білу қажет. �Микроорганизмдерді бөліп алу, оларды дақылдау, оларға арнайы және элективті қоректік орта құрастыру микроб клеткасының метаболизмі, қоректенуі және тыныс алу ерекшеліктеріне тығыз байланысты. �
Биотехнологиялық өндірістің 5 сатысы бар
Биотехнологиялық өндіріс сатылары 5 кезеңнен тұрады:
Предферментация немесе дайындық кезеңі
Қоректік ортаны және субстратты дайындау
Ферментация
Биологиялық агентті өсіру үшін мына параметрлерді ескеру керек:
Ферментациялық процесс биореактор деп аталатын қондырғыларда жүргізіледі. Биреакторлар жұмыс тәртібі жағынан ғана емес (мерзімді және үздіксіз), ол көлемі және қолдану мақсатына қарай зертханалық- көлемі 3-10 л, өндірістік немесе пилоттық- 30-100 л болып бөлінеді. Ал өсіру жағдайы бойынша беттік және тереңдік деп ажыратылады.
БИОРЕАКТОР
Биореактор құрылысы
Биореактор саңылаусыз цилиндрлік сыйымды аппарат, биіктігі диаметрінен 2 есе артық. Аппарат ішінде араластырғыштар орналасады. Қалақшалар саны 4-6 болуы мүмкін. Араластырғыштар биомассаның алмасуын, субстраттың біркелкі араласуын қамтамасыз етеді. Температуралық тәртіпті ұстап тұру үшін ферментерлердің сыртқы және ішкі қабат арасында берілген температурада су ағыны болады. Биореактор қоректік ортаны, субстрат, су және буды, рН ортаны реттеуші ерітінділерді, көбікті басушылар аэрациялау үшін арнайы түтіктермен жабдықталған. Ферментация процесін автоматты реттеу үшін арнайы өлшеуші приборлар қосылған.
Биореакторларда өсіп жатқан клеткаларға қай мезгілде болса да әр түрлі факторлармен әсер етуге болады (температура, жарық, газдар, физиологиялық активті заттар, рН, т.с.с) және өсіру циклінде өсу динамикасы мен метаболизмді зерттеу үшін біраз мөлшерде оларды биореактордан шығарып алып тұруға болады.
Биореакторлар жұмыс тәртібі жағынан ғана емес, көлемі, алға қойған мақсаты жағынан, өсіру жағдайы бойынша ерекшеленеді. Өсірілген жасушылардың биокатализдік қасиеттерін тиімді пайдалану үшін оларды биореактор ішіндегі ұстағыштарға орнықтырады, ал қоректік зат оларды жуып өткен сияқты болады, клеткалар ұзақ уақыт ферментативтік белсенділікті көрсетеді.
Биореакторлар араластыру бойынша екі топқа бөлінеді:
Механикалық Пневматикалық
Механикалық биореактор
Механикалық араластырылатын биореакторлардың механикалық немесе магниттік араластырғыштары болады, кейбіреуі өздері айналады. Араластырғыштар әртүрлі жылдамдықпен айналады және қалақтары алуан түрлі болады.
Пневматикалық биореактор
Пневматикалық биореактордың барботаждық және аэролифтік түрлері болады. Барботаждық биореакторларда көтерілген ауа көпіршіктері әрекет етеді, ал аэролифтік биореакторда арнайы конструкциясы (араластырғышы) болады, соның арқасында суспензияда тығыздық градиенті пайда болып, ол араласады.
Биореакторда мына процестер жүреді:
Өнімдерді алу процесі кезеңдері
Биомасса мен сұйықтықты бөлу
Клеткадан тыс өнімдерді бөліп алу�
Өнімді тазарту
Өнімді концентрлеу
Кептіру
Тұндыру
Фильтрация
Өнімнің тауарлық түрін алу
Биотехнологиялық процесстің соңғы кезеңі – өнімдердің тауарлық формаларын алу. Микробиологиялық синтезде көпшілік өнімдердің жалпы құрамы олардың жеткілікті емес түрде тұрақты сақталуы болып табылады, дегенмен олар бүлінуге жақын болып келеді, бөгде микрофлоралардың өсуі үшін ең қолайлы орта болады. Бұл биотехнология өндірісінде технологтарға препараттардың сақталу мерзімін жоғарылату мақсатында арнайы шараларды қолдануына итермелейді. Медициналық мақсатта арнайы шешімдер негізінде препараттарды қалыпқа келтіру және қаптау стерильді түрде жүзеге асырылады.
Қорытынды
Микробиологиялық синтездің тиімділігінің жоғары болуы штам-түзгіштердің аса белсенділік көрсетуіне байланысты. Олардың негізгі қасиеттсріне өсу қарқындылығының жоғарлылығы, ақырғы өнімі мол болатын арзан субстраттарда өніп-өсуінің шапшаңдығы, экономикалық бағалылығы, әртүрлі жұқпалы ауруларға төзімділігі мен тұрақтылығы жатады. Өндірісте селекциялық және генетикалық инженерияның әдістерін қолданып алынған табиғи штамдардың мутанттарын қолданады. Бұнда табиғи штамдардан микроб массасын алу, ал генетикалық бағалы штамдарды қоректік ортаға бөлетін метаболиттік өнімдер алу үшін пайдаланады. Бұл үшін табиғи штамдарды қолдануға болмайды, өйткені оларда метаболиттердің шамадан тыс мөлшерде бөлінуіне кедергі келтіретін бақылаушы механизмдер бар.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Пайдаланылған әдебиеттер