���Биология пәнінен �PISA тапсырмалары�БҚО, Жәнібек ауданы, Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ�Нигметова Эльвира Кайырбековна��
PISA деген не?
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жүзеге асырылатын PISA(Programme for International Student Assessment)
оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама
PISA Халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды
PISA – халықаралық бақылау 3 жылда 1 болады
Жауаптары: «иә»/ «жоқ», «дұрыс»/ «дұрыс емес»
Сұрақтары: «ашық»/ «жабық» болуы мүмкін
PISA – ның зерттеу аймағы:
1.Оқу сауаттылығы
2.Математикалық сауаттылық
3.Жаратылыстану ғылыми сауаттылық
Сұрақтары нақты пән бойынша емес, пән төңірегінде құрастырылады
PISA үшін қажет мәнмәтіндер.Ғылыми сауаттылықты бағалау
1. Денсаулық пен сырқат
2. Табиғи ресурстар
3. Қоршаған ортаның сапасы
4. Қауіптер
5.Ғылым мен техниканың шекаралары
8 сынып. 5 бөлім «Заттардың тасымалдануы» �«Қанның құрамы мен қызметі»
Қан жасушаларының әрбір түрінің өз ерекшеліктері бар, ол белгілі бір қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Эритроциттер – қанның ең ірі жасушалары. Егер адамда қанының құрамында гемоглобин, темір, эритроциттер мөлшері азаятын болса, анемия ауруы (қаназдық) ауруына шалдығады.
Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары.Лейкоциттер ағзаны ауру тудыратын микробтардан қорғайды, иммунитетті жүзеге асырады.
Тромбоциттер – қанның ұю үдерісіне қатысатын, ядросы жоқ, ұсақ қан пластинкалары.
Ферритин – ағзада темір түрінде қорға сақталатын нәруыз. Бұл нәруыз эритроциттердің түзілуінде өте маңызды рөл атқарады.
Ферритин - темірді жасуша ішінде сақтауға арналған нәруыз кешені. Ферритин темірді сақтайды және оны қажет болған жерге тасымалдайды. Бауырдағы ферритин қоры ағзадағы темірдің негізгі көзі болып табылады.
Әдетте, көктемнің басталуымен біз әлсіздік сезінеміз, жалпы әлсіздік, иммундық жүйе әлсірейді,сондықтан ағза инфекцияларға қарсылық көрсете алмайды.Бұл суық тию кезінде біздің ағзамызда ферритин мен Д витаминінің деңгейі күрт төмендейтіндігіне байланысты.Мұның белгілері:
-терінің бозаруы
-бұлшықеттің әлсіздігі
-шаштың түсуі мен тырнақтың солғын тартуы
-терлеудің жоғарылауы
Сұрақ 1: � Өзіңді дәрігермін деп елестет. Саған қабылдауыңа келген адам өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтады. Одан қатты шаршағандық және өңінің сұрланып қуарғандығы байқалды. Сен одан қан талдауын жасауын ұсындың.Төменде оның қан талдауының нәтижесі. Қалай ойлайсың, мәселе неде? Өзіңнің 2 тұжырымыңды жаз.�
Жауабы:
1. Бұл адамның қан талдауына қарай отырып, анемия ауруына шалдыққаны байқалады. Дені сау адамның қанында гемоглобин көрсеткіші - 130-160 г/л. Ал мына қан талдауында 90-ға дейін төмендеген. Қанның қызыл түйіршігі – эритроциттерде төмендеген. Сондықтанда адамнан шаршағандығы, стресске түсуі, өңінің солғын тартуы көрініп тұр.
2. Бұл жерде осы адамға ферритин деңгейін білу үшін қанның биохимиялық талдауын яғни қан құрамындағы темірдің жетіспеушілігіне байланысты талдау да жасату қажет.
Қан қысымы қатты жоғарылағанда тамырлар жарылып,қан мүшелерге ағуы мүмкін. Миға қан құйылу өте қауіпті. Осындай жағдай инсульт деп аталады.Бұл ми жасушаларының зақымдануына әкеледі. Инсульт белгілері байқалғанда-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету өте маңызды. Дұрыс көмек көрсетілген кезде мүгедектіктің және өлімнің алдын алуға болады.
Сұрақ 2: �Берілген суретке қарай отырып, инсульттің 4 түрлі белгісін жаз.��
Сұрақ 3:��Инсульттың пайда болуына себепші факторлар қандай? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.�
Инсульттың пайда болуына себепші факторлар | Иә немесе Жоқ |
Қан қысымының жоғарылауы | Иә/Жоқ |
Семіздік | Иә/Жоқ |
Қант диабеті | Иә/Жоқ |
Таза ауада серуендеу | Иә/Жоқ |
Зиянды әдеттер | Иә/Жоқ |
Майлы тағамдар жеу | Иә/Жоқ |
Қозғалыстың аздығы | Иә/Жоқ |
Стресс | Иә/Жоқ |
8 сынып. 2 бөлім «Молекулалық биология»�«Нәруыздар.Олардың қасиеті мен қызметі»
Нәруыздар көптеген қызметтер атқарады. Құрылыстық, ферменттік, энергетикалық,қорғаныш, тасымалдау, пигменттік қызметтері бар.
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртқаның, асбұршақтың, жаңғақтың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.
Өзіңді емханада диетологпын деп ойла. Саған қабылдауыңа келген 3 адам диетаға қатысты кеңесіңді қажет етеді.
1-емделуші: Жүзуші, оған бұлшықеттерін нығайтуға арнайы диета қажет.
2-емделуші: Актриса, оған дене сымбатын сақтауға көмектесетін диета керек.
3-емделуші: Офис қызметкері, биохимиялық анализ тапсырғанда инфаркт қаупі жоғары екендігі белгілі болған. Оған арнайы диета қажет.
Емделушілерге өзіңнің сауықтыру диетаңды ұсын.Өз таңдауыңды жаз.
Жауабы:
� Бүйректің несептас ауруы� Адамдардың көбі бүйрекке тас жиналу ауруы ағзада кальцийдің көп жинақталуынан деп ойлайды. Бірақ бұл қате пікір. Өйткені бүйрекке жиналған тастың құрамында оксалаттар көп екен. Оксалат – қымыздық қышқылының тұздары мен эфирлері. Олар зәрде кальциймен қосылып тасты түзеді. Адам бүйрегіндегі ең үлкен тас кокостың көлеміндей 1,1 кг.�
Сұрақ 1:
Несеп жолына тас байлану ауруының 3 себебін жаз.
Жауабы:
1. Зат алмасудың бұзылуы
2. Судың құрамы
3. Тамақ рационы
Сұрақ–2: Бүйрек қызметіне әсер ететін жағымды және жағымсыз факторларды кестеге толтыр.
Жағымды факторлар | Жағымсыз факторлар |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
Жауабы:
Жағымды факторлар | Жағымсыз факторлар |
1.Дұрыс тамақтану | 1.Тамақ рационын дұрыс сақтамау |
2.Белсенді өмір салты | 2.Қан плазмасында тұз құрамының бұзылуы |
3.Тұрақты түрде профилактикалық қаралу | 3.Салқын тию |
4.Дәрігердің тағайындауысыз дәрі қабылдамау | 4.Тіс жегісі, іріңді баспа |
5. Салқын тимес үшін жылы киіну | 5. Дәрілік препараттар |
6.Салауатты өмір салтын сақтау | 6. Төмен белсенділік |
| 7. Зиянды әдеттер |
Сұрақ-3: Несепке тас байланудың негізгі белгілерін атаңыз?
А) бел аймағындағы ауру сезімі
Ә) зәрді ұстай алмау
Б) никтурия
В) артериальді гипертензия
Г) субфебрильді температура
Назарларыңызға
рахмет!