2022-2023 оқу жылындағы №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінің Тәрбие жұмысының І жартыжылдық есебі.
Қыркүйек айы
1 . «Рухани жаңғыру» бағдарламасы:
1 қыркүйек білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық!» алғашқы қоңырау салтанатты іс – шарасын және 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Салтанатты жиынға қонақтар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Мектебіміздің директоры Н.Р.Ширтаева қонақтарды, мұғалімдерді, оқушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәтті қадам тіледі.
2.«Адал ұрпақ – саналы ұрпақ» жобасы: Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен 1-11 сынып жетекшілері оқушыларға жіті түсіндіріп, таныстырды.
І.Оқушы тәртібі туралы жалпы ереже:
1.Оқушылар сабаққа 10-15 минут ерте келуі міндетті.
2. Сабаққа оқушы ҚР Білім және Ғылым министрінің 26-бұйрығына сәйкес ұлдар — классикалық үлгідегі қара немесе қою көк шалбар, костюм, ақ көйлек, қыздар – қара немес қою көк юбка, ақ кофта киюге міндетті.
3. Сыртқы киімін мектеп киім ілігішіне тапсырады.
4.Сыныпта сынып жетекшісі тарапынан бекітілген орынға ғана отырып, өтілетін сабаққа қатысты оқу құралдарын даярлайды.
5. Мектепке және мектеп ауласына адам денсаулығы мен өміріне қауіпті заттар, жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар алып кіруге қатаң тыйым салынады. Әкелген жағдайда, оқушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
6 Мектеп бағдарламасына сәйкес берілген үй тапсырмаларын күнделікке толтыруға және орындауға міндетті
3. 5- қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесі іс-шарасы жоспары негізінде, оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында� «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
4. 7 – қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне �«Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты дебат турнирі өтті. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін ояту, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу мақсатында өткізілді. Іс-шарада оқушылар қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде өз өнерлерін көрсетті.
5. «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы: «Абайлаңыз, бағдаршам!» атты онкүндік іс-шаралар аясында аға инспектор полиция майоры А.Момбаев түсіндірме жұмыстарын жүргізді. �1-11 сыныптар «Жол ережесін сақтайық!» «Абайлаңыз, балалар!» атты ашық тәрбие сағаттарын өтті. Сынып жетекші жолда жүру ережелерімен таныстырды. Оқушылар жолда жүру қауіпсіздігі туралы өз ойларын айтты және жазған мәтіндерін оқыды.
6.Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ бекіткен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, оқушыларға ана тілін білудің, тіл тазалығын сақтап, мәртебесін биік ұстау маңыздылығын түсіндіру, ана тілінде жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, ана тілін құрметтеу мақсатында 1-7 сыныптар арасында сынып жетекшілерімен «Оқырман-мектеп,оқырман отбасы» тақырыбында мектеп кітапханасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Кітапханашылар Есілбекова Гүлнар мен Тултебаева Гульфия апайлар көп кітаптар туралы мағлұмат берді және кітап көрмесін ұйымдастырды.
7. Қазан айы: �1 - қазан қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым-қазынам» атты іс- шара ұйымдастырылды. Оқушылар мектебіміздің ардагер ұстаздардың үйіне барып құттықтап, ақ батамен оралды. Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау,өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзін ғибрат алуға тәрбиелеу.
8. 5-қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.Мектеп директоры Н.Р.Ширтаева бірқатар ұстаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады және ыстық лебізін білдірді. Мектеп директоры Н.Р.Ширтаевамен бірге оқушылар «Ұстазым менің» әнін хормен орындады.
9. Күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту мақсатында 2022 жылғы 6-қазан күні, 1-4 сынып оқушылары арасында «Берекелді алтын күз» тақырыбында А-3 фарматында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. 5-6-7 сынып оқушылары арасында «Алтын күз сыйы» тақырыбында экибано көрмесі ұйымдастырды.Олар көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың барлығы ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті. 1-4,5-6-7 сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.
.
10. «Үнем-қоғам қуаты» жобасы бойынша мектебімізді көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру, сонымен қатар оқушыларды табиғатқа деген қамқорлығын арттыру, табиғатты аялауға шақыру мақсатында «Ағаш егу- биік мәдениеттіліктің белгісі» тақырыбында мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар арасында мектебімізде ағаш отырғызу акциясын өткізді. Мектеп ауласына шырша, арша, түрлі жеміс ағаштары, раушан гүлдері отырғызылды. Ағаштар мен гүлдер отырғызу, қоршаған оратаны көгалдандыру жұмыстарының маңызы зор.
11. 29.10.2022жылы 6 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Құлмұратова Гүлбану ежелден мәдениет пен руханияттың, ынтымақ пен бірліктің ордасы болған, еліміздің тарихи мақтаныштарының бірі, қаладағы 8000 шаршы метр аумақты алып жатқан, «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларын іске асыру аясында қайта қалыпқа келтірілген тарихи ескерткіш – көне қалашықтың орнына ашылған ашық аспан астындағы Шымкент қаласы «Шымқала тарихи- мәдени кешеніне» саяхаттап қайтты. Тарихи өлкелер мен мұражайларға жасалған экскурсия өскелең ұрпақтың төл тарихтан рухани нәр алып, мол тағылым- тәрбиені санаға сіңіруіне сеп болады.
13. 2022 жылдың 30 қараша күні «Мектеп өмірінің бір күні» тақырыбында өткен ашық есік күнінің бағдарламасына сәйкес «Театр және балалар» жобасы аясында «Әжеммен ертегілер әлеміне саяхат» қуыршақ театры көрсетілді. «Әжемнің ертегілері» 1-5 сыныптар атты ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өтті. Ашық тәрбие сағатына қатысқан оқушыларға мақтау қағазы берілді.
��Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2022- 2023 оқу жылындағы тәрбиенің жұмыс жоспарына сәйкес қаңтар айында 1-11 сыныптар аралығында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өткізілді. �
8 “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Мырзагелдиевамен 2022 -2023 оқу жылындағы тәрбиенің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 30 қаңтар күні өңіріміздегі өскелең ұрпақтың білім ордасы, мәдениеттің мәйегі, руханияттың алтын бесігі, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мәдениет қайраткері, Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының әртісі Құпия Рақымбердиеваның 75 жасқа толуына орай "Қазақтың қырмызы қызы" тақырыбында жастармен кездесуіне қатысты.
2023 жылғы 22 ақпан күні Шымкент қаласы білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының» 18.01.2023 ж №4 хатын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің тапсырмасы негізінде ұйымдастырылған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени – білім жобасы аясында Алғыс айту күніне арналған «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты әдеби сазды кеші 5-6-7 - сыныптардың қатысуымен өткізілді. �Әдеби - саздың кештің мақсаты: еліміздің өсіп – өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету, Отанын сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.