Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуда атмосфера тарауы бойынша PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын қолдану
Кадралиева А.Х
PISA дегеніміз не?�
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment)оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама.
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу,математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды.
Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес ,ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
2
Өзектілігі:�
PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары ,белсенді оқыту әдістері арқылы,оқушының белсенділігін арттыру,ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын ояту.
PISA жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық дегеніміз не? �
4
PISA-2022 креативті ойлау дағдыларын бағалау �
Креативті ойлауды халықаралық бағалау білім беру саясаты мен педагогикалық саясатта оң өзгерістерге ықпал етеді.
Дамытуға болатын шығармашылық ойлау қабілетін бағалау және проблемалардың шығармашылық шешімін табу.
Идеяларды іздеуде және сипаттауда оқушылардың қаншалықты дәрежеде шығармашылық ойлауға қабілетті екендігін, бұл қабілеттің оқыту тәсілдеріне, мектептің қызметіне және басқа да білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне қалай байланысты екендігін сипаттайды.
5
КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ�
Креативті ойлау �
күрделі жағдаяттан шығудың ерекше әрі тиімді жолдарына алып келуі ықтимал жаңа идеяларды ойлап табу,бағалау және жетілдіру.
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ:
Әр алуан идеяларды ойлап табу;
Креативті идеяларды ойлап табу;
Идеяларды бағалау және жетілдіру.
МАЗМҰНДЫ БӨЛІКТЕРІ:
Идеяны жазбаша жеткізу;
Идеяны визуалды түрде жеткізу;
Әлеуметтік проблемаларды шешу;
Ғылыми мәселелерді шешу.
PISA зерттеулеріндегі креативтілікке арналған тапсырмалар ерекшелігі
Тапсырмалар көбіне келесі мәселелерге шоғырланған:
8
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмалар мәтіннен, графиктен, кестеден және соған қатысты сұрақтардан тұратын проблемалық материалға құрылған. Өз кезегінде әлгі тапсырмалар құрамындағы әр сұрақ мына санаттар бойынша классификацияланады:
9
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың құрылымына келесідей тақырыптар кіреді:�
Оқушы тапсырмаларды орындау барысында талпынуға �тиіс:�
3. Физикалық география 3.2 Атмосфера | |||
15 | Атмосфера және оның құрамдас бөліктері | 7.3.2.1-атмосфераныңқұрамынсипаттайды | |
7.3.2.2- атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді | | ||
16 | Ауа райы және метеорологиялық элементтер | 7.3.2.3 -«ауа райы» ұғымын түсіндіреді | |
7.3.2.4 температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды | | ||
7.3.2.5 - температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді | | ||
7.3.2.6 - жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды | | ||
17 | Қолайсыз атмосфералық құбылыстар | 7.3.2.7 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады | |
Бөлім 3. Физикалық география 3.2 Атмосфера | ||
Климат түзуші факторлар | 8.3.2.1 -климат түзуші факторларды талдайды | |
Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы | 8.3.2.2 -атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдап, түсіндіреді | |
Климаттық белдеулер | 8.3.2.3- климаттық белдеулерді талдайды | |
Материктердің климаттық ерекшеліктері | 8.3.2.4 -әр материкте орналасқан ұқсас климаттық белдеулерді салыстырады | |
Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері.Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері БЖБ | 8.3.2.5 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді8.3.2.6 -адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады | |
Тапсырманың сипаттамасы және бағалау критерийлері (PISA):�География�«Тапсырыс бойынша жауған жаңбыр»
Атмосфералық жауын-шашын адамның шаруашылық өміріне айтарлықтай әсер етеді. Өзінің қалауы бойынша жаңбыр жауғызу – адам баласының бұрыннан бергі арманы. Алайда ғалымдар жасанды жаңбыр жауғызу мақсатында атмосфералық процеске белсенді әсер ететін әдісті тек ХХ ғасырдың ортасында ғана ойлап тапты.
14
Атмосфералық жауын-шашын – табиғаттағы су айналымының маңызды кезеңі. Олардың пайда болуы әртүрлі және бірнеше фактор әсер етеді. Бұл жайлы не білесіздер? Дұрыс және дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіздер.
№ | Тұжырым | Дұрыс | Дұрыс емес |
1 | Фронтальды жауын-шашын жылы және суық ауаның қақтығысқан жеріне түседі. | + |
|
2 | Рельеф атмосфералық жауын-шашынның пайда болуына әсер етпейді. |
| + |
3 | Табиғи жағдайда бұлттардың барлық түрі жауын-шашын сатысына дейін дамиды. |
| + |
4 | Табиғи жағдайда конвективті бұлттардың тек бір бөлігі кумулонимбус сатысына дейін дамиды, одан жауын-шашын түседі. | + |
|
5 | Жауын-шашынның пайда болуы үшін бұлттарда топырақ, минералды шаң және ауа ағындары арқылы биіктікке тасымалданатын басқа сұйық немесе қатты қоспалардың болуы қажет. | + |
|
Тапсырма 2
Алматы оқушылары ауа райын тыңдаған соң, ауаның температурасы туралы пікір таласып отыр. «Бүгін радио бойынша сағат 12-де ауа температурасы -10°C деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. Абай даңғылынан жоғары тұратын ағам үйіндегі термометр -8°C көрсетті» -деді Досбол. Оған Әлия қарсы шықты: «Райымбек даңғылынан төмен тұрамын. Біздің термометріміз сағат 12-де -12°C көрсетті». Балалардың екеуі де дұрыс айтып тұр: Алматының әр түрлі жерлерінде орналасқан термометрлер бір уақытта әр түрлі температураны көрсетеді. Осыны қалай түсіндіре аласыңдар?
Жауап: суық ауа жылы ауадан ауыр. Қыста салқын ауа жоғарыдан төмен түседі, сондықтан төменде ауаның температурасы төмен болады. Қазастандағы Алматы қаласы Алатау етегінде орналасқан, сондықтан қаланың оң түстік жағы солтүстік жағынан жоғары орналасқан. Сондықтан бір уақытта Алматының әр түрлі жерінде әр түрлі температура байқалады.
15
Атмосферадағы көміртек диоксиді�
17
| MASS (earths) | DIAMETER (earths) | SURFACE GRAVITY (earths) |
| | | |
| | | |
| | | |
Тапсырма 4
Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз.�Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жер бетіндегі ауа қысымы 750мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге болады? | Иә немесе Жоқ |
250мм,биіктік артқан сайын қысым төмендейді. | Иә/Жоқ |
250мм, биіктік артқан сайын қысым артады | Иә/Жок |
250мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. | Иә/Жок |
Жауабы: 250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.
Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.
�
19
19
Атмосфералық жауын-шашын Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ. Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады?
Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па? | Иә/Жоқ |
Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. | Иә/Жоқ |
Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды. | Иә/Жоқ |
Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады. | Иә/Жоқ |
Тапсырма 5
ТАПСЫРМА 6
Неге Арктиканы зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт термометрді қолдануды ұйғарады?
1.Себебі спирт термометр дәлірек көрсеткіштерді береді.
Иә/жоқ
2.Себебі сынаптың қатаю температурасы спирттің қатаю температурасынан төмен.
Иә/жоқ
3.Себебі спирттің қатаю температурасы сынаптың қатаю температурасынан төмен.
Иә/жоқ
Жауап: 1-жоқ; 2-жоқ; 3-иә
ТАПСЫРМА 7 Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді. Ғарышкер скафандрды кигенде неге (неліктен) терлеп кетпейді?
Ғарышкер скафандрды кигенде терлеп кетпес үшін келесі жағдайлардың қайсысы жасалған? | Иә/Жоқ |
Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған. | Иә/Жоқ |
Скафандр өте жұқа тігілген. | Иә/Жоқ |
Скафандрды тігуге қолданатын маталар ерекше болып келеді. | Иә/Жоқ |
Жауабы: Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған.
ТАПСЫРМА 8
Ресейде түрлі транспорттан ауаға шығаратын ластаушы заттардың көлемі 17 млн т жылына, соның 80 % автокөліктен шығады екен. Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат ауаны ластаушы зат болып табылады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат ауаны қалай ластаушы зат болып табылады? | Иә немесе Жоқ |
Көмірқышқыл газы | Иә/Жоқ |
Қүқірт қышқылы | Иә/Жоқ |
Метан газы | Иә/Жоқ |
Жауабы: Көмірқышқыл газы
Тапсырма 9
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады?
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.
Тапсырма 10
ХХ-ғасырда адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды мәселелерге айналып отыр.
Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі қайсысы?
А. Автомобильдер
В. Темір жол көлігі
С.Ұшақтар
Тапсырма 11
Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп,сезінеді?
А. 100%
В. 51%
С. 21%
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
26