Сабақтың тақырыбы:
Географиялық картадан нысандарды қалай табу және көрсету керек?
Сабақтың мақсаты:
Картадан географиялық номенклатура нысандарын көрсетуді үйрену.
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Картада нысандардың орналасуын не үшін білу қажет?
Картада нысандардың орналасқан жерін қалай анықтайды?
Картадан нысандарды қалай дұрыс көрсетеді?.
Сұрақ: Географиялық картадан
нысандарды қалай табу және көрсету
керек?
Жауап: Географиядағы «қайда?» деген негізгі сұрақтың жауабы — бұл зерттелетін нысанның орналасқан жерін картадан көрсету. Әрбір тақырыпқа қатысты нысандар тізімі үнемі беріліп отырады. Олардың орналасуын картадан көрсете алу қажет. Біз құрлықтарды оқыған кезде алты материкті шатастырмай картадан көрсете алуымыз керек. Егер Қазақстанның өзендері туралы оқытып болсақ, олардың қайдан ағып өтетінін біліп, картадан көрсете білуіміз қажет. Осындай нысандар тізімін географиялық номенклатура деп атайды.
Сұрақ: «Географиялық номенклатураны зерделеу?
Жауап Картада картографиялық нысанның өзіне тиісті атауын және орналасуын меңгеріп, есте сақтау жұмысы географиялық номенклатураны зерделеу деп аталады. Ол, әдетте, тиісті картографиялық нысанды картадан тауып көрсету және атауынан басталады.Ол үшін: 1) атауларының дұрыс айтылуын; 2) олардың картадан дұрыс табылуын3) нысандарды дұрыс көрсетуді білген абзал.
Сұрақ: «Географиялық нысандарды қалай дұрыс табу керек?
Жауап: Картадан нысандарды табу және оларды көрсету үшін көбінесе атлас пайдаланылады. Әрбір атласта «Географиялық атаулар көрсеткіші» болады. Көрсеткіш — жалпы географиялық, физикалық және саяси атлас карталарында кездесетін барлық географиялық атаулар әліпбилік ретпен орналастырылады. Көрсеткіште елді мекендер мен мемлекеттердің атауларымен қатар, нысанның түсіндірмесі мен шартты белгілерінің қысқартылған деректері болады. Мысалы: елдер, қалалар — қ, өзендер — ө, аралдар — а, таулар — т т.б.
Қорытынды сұрақ:
КЕРІ БАЙЛАНЫС