Сабақтың тақырыбы ;
& 23. Құрлық суларының экологиялы проблемалары
Бүгінгі сабақта :
Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынасыңдар
~ Бүгінгі сабақта :
Сұрақ: Судың қандай маңызды қасиеттерін білесіңдер ?
Жауап: Су Жер шарындағы ең ерекше және кең таралған минерал болып саналады . Су өте күшті еріткіш, суда ерімейтін зат жоқтың қасы. Температурасы төмендеген сайын судың тығыздығы артады, бұл қасиет оның қыста түгелдей қатып қалуына мүмкіндік бермейді , яғни ондағы тіршілік дүниесін сақтап қалуға көмектеседі. Кез келген тіршілк иесі денесінің 70-98% - ға жуық бөлігі судан тұрады. Сонымен қатар су айдыны жер бетіндегі температураның тәуліктік және маусымдық өзгерістерін тіршілік үшін қолайлы жағдайда ұстап тұруға көмектеседі.
Сұрақ : Тұщы су қорының жеткілікті немесе жеткіліксіз болуы неге байланысты ?
Жауап ; XXI ғасырда адамзат шешімін толық таба алмай отырған басты мәселелердің бірі — таза ауыз судың тапшылығы болып саналады. Бүгінгі таңда дүниежүзінде шамамен 1 миллиард адам сапалы ауыз суға зәру. Әр жылы 3 миллиардтан астам адам сапасыз судың кесірінен туындайтын түрлі аурулардан зардап шегеді.�Қазіргі таңда тұщы судың жетіспеушілігі тек Орталық Азия мен Африка елдерін ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Сол себепті Біріккен Ұлттар Ұйымы XXI ғасырды «Тұщы су дәуірі» деп жариялады.�Бүгінде таза судың тапшылығы жер жүзіндегі шиеленістер мен қақтығыстардың туындауына әсер ететін негізгі себептердің біріне айналуда. Әсіресе өзге елдердің аумағынан бастау алатын трансшекаралық өзендер мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Бұл мәселе біздің елімізге де тікелей қатысты.�
Сұрақ : Су тазартудың кең таралған қанша түрі бар ?
Жауап : �1. Механикалық – тұндыру және сүзгіден өткізу арқылы тазарту.�2. Химиялық – түрлі химиялық заттарды қосу арқылы тазарту.�3. Физикалық – Химиялық – ультрадыбыс, электр тоғымен өңдеу және озон, хлор сияқты заттарды қосу арқылы тазарту.�4. Биологиялық – ұсақ тірі организмдер (моллюска, инфузория, ұсақ шаян) және бактериялар көмегімен тазарту.�
Қорытынды сұрақ :
КЕРІ БАЙЛАНЫС