Түркістан облысы Мақтаарал ауданы
“М. Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп” КММ
Дайындағантарих пәні мұғалімі
Махимов Аскар Қожабекович
Қазақстан тарихы
5-сынып
Тақырыбы: Аттила және оның жалаушылық жарықтары
Зерттеу сұрағы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау |
Сабақтың мақсаты: | Атиллаға мінездеме беріп ғұндардың Батысқа жасаған жорықтарына сипаттама беру. |
Құндылықтар
Ұлттық мүдде: Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу
Талап: салауатты өмір салтын ұстану;
Ар-ұят: Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сынып оқушыларына әскери қару жарақтар ұсыну арқылы оқушыларға психологиялық мінездеме беріледі.
Топқа бөлу:�• «Ғұндар дәуірі» тобы�• «Еділ қаған немесе Аттила» тобы�• «Мөде қаған» тобы
«Күш бірлікте» әдісі бойынша өткен сабақты қайталау арқылы «Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы» атты тақырыбында үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап ала отырып,тақырыппен жаңа сабақтың тікелей байланысты екенін түсіндіреді.
Дескриптор:
-cұрақтaрға оқыған деректері бойынша жауап айтады.
«Лэпбук» әдісі арқылы бойынша мұғалім оқушыларға дүниежүзі тарихынан атақты әскери қолбасшылар мен Аттиланың суретін көрсетеді.
Аттила (ЕДІЛ)
(400-453)
Бабамыз батыр Еділ – ді,
Еділ кімнен жеңілді?
Көндірген екен ырқына
Сонау төменгі жатқан көп елді. Қарлыласқан талай тобырлар,
Кезекті күні келгенде
Мынау бес күндік дүниеден
Олда өтіп жқнілді...
Аттила туралы деректер
«Лэпбук» әдісі
Көңіл-күй дорбасы
Жарық
қуанышты
Қайғылы
Тыныш
Өте зор
Жақсы
Зерттеу мен талдау
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі оқушылар екі шеңбер жасап тұрады, ішкі және сыртқы. Балалар бетпе-бет тұрып бір- біріне өтілген материал бойынша сұрақтар қояды. Ішкі шеңбер қозғала отырып, жаңа жұп құрады. Сұрақ қою әрі қарай жалғасады.
1-тапсырма
«Түсін, талда, жеткіз»-мәтінмен жұмыс
Оқушыларға мәтін, карта таратады, тапсырма мәнін түсіндіреді Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау анықтайды.
1. Аттила туралы деректер
2.Аттилла туралы пікірлер
3.Аттилланың жаулаушылық жорықтары
Тақырыпты пысықтау үшін, сұрақтар қойылады .
( Әр топ қоржыннан нөмірленген асықтар алады, соның негізінде сұрақтарға жауап береді) Оқушыларға сурет ұсынылып. «Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?» сұрағын ұсынылады.
«Алтын сақа» ойыны.
«Жұмыртқа» әдісі. Түсті қағаздан жұмыртқа жасаланады, ішіне карта, сұрақтар болады
«Жұмыртқа» әдісі.
Сұрақтар | Біздің тақырып |
1.Қандай оқиға немесе құбылыс бейнеленген? Бұл не нәрсеге жатады: саяси оқиғаға, тарихи тұлғаға, әскери операцияға, күнделікті өмірге? | |
2.Бұл туынды қашан шыққан? | |
3.Бейненің жариялану уақыты, стилі, орны туралы қандай тікелей немесе жанама ақпарат бар? | |
4.Суретте бейнеленген әрекет қайда орын алған: ұрыс алаңы, қала ...? | |
5.Суретте кім бейнеленген? Нақты тарихи тұлғаларды білу, қоғамдық топтар өкілдерінің әлеуметтік жағдайын анықтау оңай ма? |
1.451 жылы Францияда жеріндегі Аттила бастаған шайқас қалай басталады?
2. Қазақ аңыздарыңда Аттиланы қалай атайды?
1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз
Жауабы:
1. Каталауын шайқасы
2. Еділ патша
Тұлғаға қатысты тиісті сипаттаманы анықтап, сәйкестендіріңдер.
Кері байланыс: Бағдаршам арқылы жүргізіледі.
| Келісемін | Келіспеймін |
Аттила б.з. 400-453 жылдары өмір сүрді | | |
Аттиланың басқаруымен 60 қаланы тізе бүктірді | | |
Каталаун шайқасы 451-жылы болды | | |
Б.з. 441-447жылдары Аттила Батыс Рим империясы жаулап алды | | |
Аттила 445 жылы жеке – дара билік етті | | |
Сабақты қорытындылау
“Келісемін” немесе “Келіспеймін”
Ой – толғау жазу
Аттила әйгілі қолбасшы болу үшін қандай қасиеттерді өз бойына сіңірген?
(50-100 сөз )
Үйге тапсырма:
Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» өлең
Ерте күнде жоқ бар еді түн туған,
Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.
Отты Күннің сәулесінен от алтын
Отты көзді, отты жанды Ғұн туған.
Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған,
Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен-Күн ұлы, көзімде
Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем-
Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар
Мараппатау