Тақырыбы: Арнайы пәндер оқытуда инновациялық білім беру технологияларын қолдану ерекшеліктері
Жоғары аграрлық-техникалық колледжі арнайы пәндер оқытушысы Умбетова Нургуль Сериккалиевна
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы зор.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ізденіс жүргізіп, студенттерге жан-жақты қызықты мәлеметтермен ынталарын оятып, білім беруіміз міндетті.
Қазіргі таңда елімізде білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында студенттердің ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.
Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз.
Студенттердің жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Сайт немесе Веб-сайт - (ағылшынша Website: Web - тор, желi және site - орын, желiдегi орын, сегмент) - бiр мекенжайға бiрiктірілген компьютер желiсiндегi жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар жиынтығы.
Мультиурок сайты
Ютуб Мой канал
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!