March 25, 2025
«Smart Bala»
«Smart Bala» - оқушылардың зерттеушілік қабілетін, шығармашылық және интеллектуалдық дамуын қолдауға арналған орта.
Жобаның мақсаты: Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Жобаның міндеті:
- Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оку-танымдық қызметін
ынталандыру;
- Ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және колдау;
- Окушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;
- Окушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне коғамнын назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.
Зерттеу жобасының рәсімдеуге қойылатын талаптар
Зерттеу жобасы туралы презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Презентацияда көрсетуге тыйым салынған материалдар
Зерттеу жобасының өнімі
Зерттеу жобасының рәсімдеуге қойылатын талаптар
1. Тәжірибелік және техникалық өнімдер
• Қарапайым роботтар мен құрылғылар (мысалы, жарыққа немесе дыбысқа әрекет ететін робот).
• Энергия үнемдеуші шағын модельдер (күн энергиясымен жұмыс істейтін шам, жел генераторы).
• Смарт бақша немесе смарт үй жүйесі (суару, жарық, температураны автоматты реттейтін құралдар).
2. Зерттеу және экологиялық бағыттағы өнімдер
• Табиғи материалдардан жасалған экологиялық таза өнімдер (био-сабын, табиғи бояу).
• Қалдықтарды қайта өңдеу идеялары (пластиктен жаңа бұйымдар, макеттер).
• Ғылыми зерттеу жобалары (топырақ, су, өсімдік, экология тақырыптарында).
3. Білімдік және шығармашылық өнімдер
• Интерактивті ойындар мен тесттер (оқыту мақсатындағы цифрлық контент).
• Жаңа әдістемелік құралдар, оқушылардың өз қолымен жасалған тәжірибе жинақтары.
• Жоба постерлері, бейнероликтер, буклеттер – зерттеу нәтижесін таныстыратын визуалды өнімдер.
4. Қоғамдық мәні бар өнімдер
• Қауіпсіздік тақырыбындағы смарт құрылғылар (мысалы, SOS білезігі, дабыл жүйесі).