1 of 17

«МИНУТТЫҚ ШЕШІМ» ӘДІСІ

  • Қарапайым нәрселер – шам, қалам, дәптер – оқушыны

шығармашылыққа қалай жетелей алады?

  • Олимпиядағы дайындық кезінде ең үлкен қиындық неде?

?

2 of 17

ТАҚЫРЫБЫ:

 

«ШЫҒAPМAШЫЛЫҚТЫ ДAМЫТУДЫҢ ТИIМДI ӘДICТEPI:ТӘЖIPИБE МEН НӘТИЖEЛEP»

........................................................................

ОБЛЫСЫҢЫЗДЫ ЖАЗЫҢЫЗ, 2025 ЖЫЛ

"Бiлiм кeлeшeгi: Aдaл aзaмaт – кәciби мaмaн" тaқыpыбындaғы

тaмыз кoнфepeнцияcына шебер-сынып

Мақсаты:� Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдістерді анықтау, оларды тарих пәні мен жалпы білім беру үдерісінде қолдану тәжірибесін талдау және қол жеткізілген нәтижелерді саралау арқылы шығармашылық ойлау мен зерттеушілік дағдыларды жетілдіру.

3 of 17

Шығармашылық ұғымы: Жаңа идеяларды тудыру, оларды ерекше жолмен жүзеге асыру қабілеті. Тарих пәнінде бұл – оқиғаны әр қырынан талдау, деректерді жаңаша түсіндіру, тарихи фактілерге жаңа көзқарас қалыптастыру.

Тарихтағы шығармашылықтың ерекшелігі:

  • Деректер мен фактілер негізінде өзіндік тұжырым жасау
  • Оқиғаларды интерпретациялау және реконструкциялау
  • Тарихи процестерді қазіргі өмірмен байланыстыру

Шығармашылықты дамытудың тиімді әдістері

  1. Жобалық әдіс
    1. Мысалы: «1920–1930 жж. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы» бойынша мультимедиалық жоба дайындау.
  2. Проблемалық оқыту
    • Мысалы: «Алаш қозғалысы неге толық мақсаттарына жете алмады?» сұрағына деректер негізінде жауап табу.
  3. Дереккөздермен зерттеу жұмысы
    • Архив құжаттары, фотосуреттер, карталар арқылы тарихи зерттеу жүргізу.
  4. Тарихи рөлдік ойын және сахналық модельдеу
    • Мысалы: «Қазақ хандығы құрылу кезеңін» рөлдерге бөліп сахналау.
  5. Цифрлық креатив құралдар
    • Canva, Genially, Time.Graphics көмегімен тарихи хронология, инфографика, комикс жасау.
  6. Тарихи симуляциялар және дебаттар
    • Мысалы: БҰҰ моделін өткізу, онда оқушылар белгілі бір тарихи кезеңдегі мемлекеттердің мүддесін қорғайды.

4 of 17

5 of 17

«ШЫҒAPМAШЫЛЫҚТЫ ДAМЫТУДЫҢ ТИIМДI ӘДICТEPI» Fliki.ai ЖИ арқылы жасалған:

6 of 17

«Тарих LIVE» әдісі

Тақырып: «Қазақстанның “Жылымық” кезеңіндегі қоғамдық-саяси дамуы»(1953–1964 жж.)

Мақсаты: Тарихи оқиғаларды қазіргі заман форматына бейімдеп, оқушыларды сол кезеңнің «тірі куәгері» етіп сезіндіру.

Тапсырма:Нұсқау:Мәтінді оқып, тақырыптағы негізгі тарихи оқиғаларды анықтаңыз (мысалы: Н.С. Хрущев кезеңі, тың игеру, партиялық реформалар, әкімшілік-аумақтық өзгерістер, мәдениет саласындағы өзгерістер).Өзіңізді сол кезеңде өмір сүрген адам ретінде елестетіңіз.Оқиға барысын интервью, жаңалықтар репортажы, радиохабар, әлеуметтік желі жазбасы форматында жеткізіңіз.Деректер мен жылдарды нақты қолданыңыз.

Тапсырма нұсқалары:

1-вариант: Тарихи репортаж1954 жыл.

Бүгін Қазақстанда тың игеру науқаны басталды. Еліміздің әр аймағынан мыңдаған жастар тың жерлерді жыртуға аттанды. Қостанай облысына келген комсомолдар жаңа ауылдар салып, алғашқы егін егуге кірісті. Дегенмен, экологиялық және әлеуметтік қиындықтар да байқала бастады…

2-вариант: Тарихи кейіпкермен сұхбат

Журналист: “Сіз тың игеру жұмыстарына қалай келдіңіз?”

Тыңгер: “Мен Мәскеуден арнайы жолдамамен келдім. Бұл жерлер шексіз, бірақ ауа райы өте қиын. Біз бәрібір Одаққа көп астық береміз деп сенеміз.”

3-вариант: «Әлеуметтік желідегі» қысқа пост1956 жыл. Алматы.

“Бүгін партия жиналысында жаңа басқару жүйесі енгізілетіні айтылды. Өңірлерде өндіріс пен шаруашылықты басқару тікелей жергілікті кеңестерге беріледі екен. Бұл өзгеріс халыққа пайда әкеле ме, жоқ па, уақыт көрсетеді…”.

7 of 17

Тақырып: «Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен – «Байқоңыр» ғарыш айлағы»

Мақсаты: Тарихи жағдайды талдап, деректерге сүйене отырып, дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Тапсырма нұсқауы:Мәтінді оқып, Байқоңырдың Қазақстанға әсерін анықтаңыз (экономикалық, ғылыми, экологиялық, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан). Жағдай:1990-жылдары Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Байқоңыр ғарыш айлағының болашағы туралы шешім қабылдау керек болды.

1.Кестені толтырыңыз:

2.Төмендегі жағдайды талдаңыз:

Үш нұсқа ұсынылды:Ресейге жалға беру;Қазақстанның толық бақылауына алу;Ғарыш айлағын жабу және басқа мақсатта пайдалану.

  1. Ресейге жалға беру ... ...2) Толық бақылауға алу ... ...3) Жабу ... ...
  2. Соңында өз таңдауыңызды жазыңыз және оны кемінде 3 дәлелмен негіздеңіз.

Дескрипторлар:

Байқоңырдың тарихи және қазіргі жағдайын сипаттайды;

Шешім нұсқаларын салыстырады;

Таңдауын 3 дерекке сүйеніп негіздейді;

Ұлттық мүдде мен ғылыми даму байланысын түсіндіреді.

«Шешім нүктесі» әдісі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Шешім нұсқасы

8 of 17

Тәжірибелік бөлім

«ШЫҒAPМAШЫЛЫҚТЫ ДAМЫТУДЫҢ ТИIМДI ӘДICТEPI:ТӘЖIPИБE МEН НӘТИЖEЛEP»

9 of 17

Талқылау: «Оян қазақ» фильмінен үзінді

10 of 17

Практикалық жұмыс: «Әдістер жәрмеңкесі»

1-топ: «Әдіске сал!» екі әдісті таңдап алып, сол әдістерге сәйкес сабақ тақырыбына арналған тапсырма жасап шығу.

2-топ: «Өлкеңді таны!» тақырыбында картамен жұмыс жасап, өз өңіріңнің тарихын зерттеу арқылы сабақ мақсатына жету.

3-топ: «4 тұлға – 1 дерек» әдісі: берілген мәтінді оқып, мәтіндегі төрт тарихи тұлғаның деректемедегі рөлін анықтау.

4-топ: Шығармашылық байқауларға материал әзірлеуге қажетті уақыт пен қаржы шығынын азайту үшін ЖИ құралдарын пайдалану; мысалы, ЖИ Fliki арқылы 2–4 минут ішінде дайын презентация немесе видео жасау.

Уақыт: Әр топ тапсырманы дайындауға 6 минут беріледі. Әр топтан бір спикер 2 минуттық баяндау жасайды.

11 of 17

9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалык зияткерлік сайысы,Күзбаев Қ 9 сынып оқушысы

«Менің Отаныма-менің бастамам» республикалык шығармашылық жобалар байқауы,Жумашева Н 9 сынып оқушысы

Жалпы білім беретін пэндер бойнша 9-11 (12) сыны окушыларына арналган Республикалык олимпиадасы Жумашева Н 9 сынып оқушысы

«Мектебім-мақтанышым» облыстық байқау,Серікқали М,Ғарифолла А 9 сынып оқушылары

2024-2025 оқу жылы

«»

«Ұлы Жеңістің жаңғырығы» ІІІ халықаралық оқушылар слеты.Мусалова К ІІ орын

12 of 17

«Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік сайысына дайындық тәжірибесі

Дайындық кезеңдері:

  1. Сайыс ережесімен танысу
    1. Өту форматы, тапсырмалар түрі, бағалау критерийлері мұқият оқылды.
    2. Тақырып таңдау (Біз Орал қаласының тарихына шолу жасады)
  2. Тақырыптық материал жинау
    • БҚО тарихы бойынша деректер топтастырылды.
    • Архив құжаттары мен статистикалық мәліметтер зерттелді.
  3. Дереккөздермен жұмыс
    • Облыстық, аудандық кітапханалардан тарихи еңбектер қаралды.
    • Облыстың көне тарихына қатысты ғылыми мақалалар оқылды.
  4. Сарапшылармен байланыс
    • Бұл тақырыпты зерттеп жүрген тарихшылармен сұхбат жүргізілді.
  5. Көне карталарды жинау және талдау
    • Облыстың тарихи карталары мен схемалары зерттелді.
    • Географиялық өзгерістер мен тарихи оқиғалардың байланысы анықталды.
  6. Талдау әдістері
    • Салыстырмалы талдау – әр дереккөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
    • Себеп-салдарлық байланыс – оқиғалардың дамуына әсер еткен факторларды анықтау.
    • Хронологиялық жүйелеу – материалды уақыт ретімен орналастыру.

Нәтиже:

  • Оқушы сайысқа жоғары дайындықпен қатысып, жеңіске жетті.
  • Жиналған материал кейін басқа сабақтарда да пайдаланылды (мысалы, “Өлкетану” тақырыптарында).

9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалык зияткерлік сайысы,Күзбаев Қ 9 сынып оқушысы

13 of 17

1. Сайыс ережесімен танысу

  • Байқаудың ресми ережесі мұқият оқылды.
  • Қатысу шарттары, бағалау критерийлері және номинациялар тізімі анықталды.
  • Оқушымен бірге жеке қызығушылығына сәйкес номинация таңдау жұмысы жүргізілді.

2. Номинацияны таңдау

  • Оқушы "Қазақстанның жеті кереметі" номинациясын таңдады.
  • Себебі, ол Қаратөбе ауданының тумасы болғандықтан, жергілікті тарихқа қызығушылығы жоғары болды.

3. Зерттеу тақырыбын айқындау

  • “Қаратөбенің 7 кереметі” атты зерттеу нысаны таңдалды.
  • Бұл тақырып арқылы жергілікті тарихты, мәдени-тарихи мұраларды насихаттау көзделді.

4. Дайындық кезеңдері

а) Дерек жинау

  • Қаратөбе ауданының тарихына байланысты материалдар жиналды.
  • Аудандық мұрағат қорларынан тарихи құжаттар қаралды.
  • Кітапхана қорынан жергілікті өлкетану әдебиеттері зерттелді.

ә) Ауызша тарих әдісі

  • Жергілікті тарихты білетін қарттармен, өлкетанушылармен сұхбат жүргізілді.
  • Әңгімелерден маңызды тарихи деректер мен аңыздар жазып алынды.

б) Көрнекі материал жинау

  • Қаратөбенің маңызды ескерткіштері, табиғи нысандары, тарихи орындарының суреттері мен карталары жинастырылды.
  • Ескі фотосуреттер мен қолжазбалар зерттелді.

5. Талдау және құрылымдау

  • Салыстырмалы талдау: жиналған деректер басқа дереккөздермен салыстырылды.
  • Хронологиялық жүйелеу: 7 керемет тарихи кезеңдерге бөлініп сипатталды.

«Менің Отаныма-менің бастамам» республикалык шығармашылық жобалар байқауы,Жумашева Н 9 сынып оқушысы

14 of 17

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға дайындық тәжірибесі

(9–11 (12) сынып оқушыларына арналған)

1. Оқушының олимпиададағы тәжірибесі

  • Оқушы 5-сыныптан бастап пәндік олимпиадаларға тұрақты қатысып келеді.
  • Қала деңгейінде жүлделі орындарға ие болып жүрді.
  • Көбіне тест бөлімінде жоғары балл жинап, эссе жазу бөлімінде төмен нәтиже көрсетіп жүрді.

2. Қателерді талдау

  • Дайындық барысында көбіне өзіміздің оқып жүрген баспаның оқулықтарымен ғана шектелу.
  • Әдеби және ғылыми дереккөздерді аз қолдану.
  • Эссе жазу құрылымын жеткілікті деңгейде меңгермеу.
  • Жазу каллиграфиясының (әріп айқындығының) төмен болуы.

3. Қателермен жұмыс стратегиясы

а) Әдеби деректер қорын кеңейту

  • Әр сыныпта түрлі баспалардың оқулықтарымен жұмыс жасадық.
  • Әр тақырып бойынша қосымша тарихи әдебиеттер, ғылыми мақалалар қарастырдық.
  • Дереккөзге сілтеме жасау дағдысын қалыптастырдық.

ә) Эссе жазу дағдыларын жетілдіру

  • Эссенің кіріспе – негізгі бөлім – қорытынды құрылымын жан-жақты талдадық.
  • Дәйек пен мысал қолдану, дерекке негізделген аргументтер құруға үйреттік.
  • Олимпиада эсселерінің үлгілерімен таныстырдық, бағалау критерийлерін үйрендік.

б) Жазу сапасына назар аудару

  • Оқушының жазу каллиграфиясын түзетуге уақыт бөлдік.
  • Жазуды айқын, түсінікті етіп жазу үшін арнайы жаттығулар жасалды.

в) Кітапханамен жүйелі жұмыс

  • Оқушы көп уақытын кітапханада өткізді.
  • Әр тақырыпқа қосымша кітаптардағы деректерден мысалдар мен дәйектер келтірді.

4. Нәтиже

  • Оқушы дереккөздерді молынан пайдаланып, эссе жазуда аргумент пен құрылымға ерекше мән беруді үйренді.
  • Пән бойынша жалпы білімін кеңейтті, өзіндік зерттеу мәдениетін қалыптастырды.
  • Олимпиада нәтижесі жақсарып, эссе бөлімінен жоғары балл алуға қол жеткізді.

15 of 17

«Менің Отаныма-менің бастамам» республикалык шығармашылық жобалар байқауы

16 of 17

Кері байланыс “3 ұйғарым”

Нұрлы ақыл – бүгінгі сабақта алған ақпараттарым.

Ыстық қайрат- өз бойымда нені дамытуым керек.

Жылы жүрек- бүгінгі сабақтағы әсерлі сәт.

Аты-жөні:

17 of 17

Қорытынды

«Дарынды оқушы – бұл дайын нәтиже емес, дамуға бағытталған мүмкіндік. Олимпиадаға дайындық – тек білім жарысы емес, тұлғаның ойлау қабілетін, шығармашылығын, жауапкершілігін қалыптастыратын үдеріс.