Сабақтың тақырыбы:
«Географиялық ақпаратты қайдан табуға болады»
Сабақтың мақсаты: Географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеу мәтіндері карталар суреттер, фотосуреттер, кескін материалдар.
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Географиялық мәліметті қайдан алуымызға болады?
Әрбір географиялық ақпарат көзімен жұмыс ерекшеліктері неде?
Сұрақ: Географиялық ақпаратты
қайдан табуға болады? ?
Жауап: Адамзат үнемі қоршаған ортаны танып-білуге құмар, яғни мыңдаған жылдар бойы жаңа жерлерді (аумақтарды), ескерткіштерді, мәдениеттерді зерттеді. Өмірде кездесетін кейбір міндеттерді шешу үшін бізге география және географиялық мәліметтер қажет болады. Адамдар мәлімет алу үшін әртүрлі әдістерге жүгінеді. Географиялық зерттеулер әдісі деп географиялық ақпарат алудың тәсілін айтады. Географиялық әдістерге адамдардың түрлі географиялық әдістерді қолдану үлгілері жатады.
Сұрақ: «Географиялық зерттеулердің негізгі әдістері?
Географиялық сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулерде бір әдісті ғана қолдану жеткіліксіз. Географиялық таным барысында адамдар ғалым түрлі әдістер кешенін пайдаланады. Географиялық зерттеулердің негізгі әдістері мыналар:
Далалық зерттеулері мен бақылаулар әдісі
Сипаттау әдісі
Салыстырмалы-географиялық әдіс
Географиялық модельдеу әдісі.
Қашықтықтан бақылау әдісі.
Статистикалық әдіс.
Экономикалық-математикалық әдіс
Далалық зерттеулері мен бақылаулар әдісі. Өз көзіңмен көру – ең бағалы және географиялық мәлімет. Географиялық нысандарды сипаттау, үлгілерді жинақтау, құбылыстарды бақылау – осының бәрі далалық зерттеу пәніне қажетті материалды молынан беретін амал.
Сипаттау әдісі – географияның ең ежелгі әдісі. Жаңалықтарды ең алғаш зерттеушілер көзімен көргендерін сипаттайтын болған. Қазіргі кезде сипаттау әдісі кеңінен пайдаланылады. Бұл елдерді тануға жаңаша қызығушылықтың артуымен, халықаралық туризмнің дамуымен түсіндіріледі.
Салыстырмалы-географиялық әдіс.
Не нәрсенің болмасын артық немесе кем, тиімді немесе тиімсіз, жылдам немесе баяу деген сияқты жүйемен үнемі салыстырып жатамыз. Салыстыру қандай да бір нысандардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын барынша толық сипаттауға, бағалауға, сондай-ақ осы айырмашылықтардың себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Географиялық модельдеу әдісі. Географиялық модель құрастыру – географиялық зерттеудің маңызды әдісі. Глобус – барынша қарапайым географиялық модельдің бірі.
Қашықтықтан бақылау әдісі. Қазіргі заманғы аэро және ғарыштан түсіру – географияны зерттеу, географиялық картада құру, шаруашылық жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, адамзаттың сан алуан проблемасын шешуші таптырмайтын көмекшілер.
Статистикалық әдіс. Аумақтың алабы, биіктігі немесе тереңдігі қандай, табиғи ресурстар қоры, халқының саны, демографиялық көрсеткіштері, өндірістің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері және т. б. статистикалық мәліметтерді пайдаланбай елдер туралы, халықтар туралы айту мүмкін емес.
Картографиялық әдіс. Карта – өлейін ақпарат көзі. Ол нысандардың өзара орналасуынан, оларды өлшеуішпен, қандай да бір құбылыстың таралу шегі және басқа да көптеген мәліметтерден тұрады.
Тарихи әдіс. Қазіргі жағдайды түсіну үшін Жердің даму тарихын, адамзат тарихын білу қажет. Тарихи әдіс соған жол ашады.
Сұрақ: География кітабының авторы 17 кітап
грек тарихшысы және геогрфы
Жауап: Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы, тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын “Тарихи жазбалардың” (онда б.з.б. 146 жылдан – б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы.
Сұрақ: Марко Полоның еңбектері:
Жауап:
Марко Поло — орта ғасырдағы әйгілі венециялық саяхатшы, көпес және зерттеуші (1254–1324).Ол XIII ғасырдың екінші жартысында Шығысқа жасаған саяхаттары арқылы Еуропаға Азия туралы бұрын-соңды болмаған мол мәлімет жеткізді.Негізгі деректер:
Шығармасы: «Әлемнің алуан түрлілігі жөніндегі кітап» (Il Milione), онда Қытай, Моңғолия, Орталық Азия, Үндістан және басқа да елдер жайлы мәліметтер бар.Маңызы: Марко Полоның еңбегі Еуропада Азияны зерттеуге, кейінгі ұлы географиялық ашуларға жол ашты.
Сұрақ: Христофор Колумб еңбегі
Жауап:
1-мысал:
Христофор Колумб 1492–1504 жылдар аралығында Атлант мұхиты арқылы төрт рет саяхат жасады. Бірінші сапарында (1492–1493) Испаниядан батысқа жүзіп, Канар аралдары арқылы Багам аралдарына, Куба мен Гаити аралдарына жетіп, Азияға жеттім деп ойлады. Екінші сапарында (1493–1496) 17 кемемен Кариб теңізіндегі Гваделупа, Пуэрто-Рико және Гаити аралдарын зерттеді.
Қорытынды сұрақ: Еңбектерін анықтаңыздар?
Александр Гумбольдт(1769-1859)
Миклухо-Макалай Николай Николаевич(1846-1888)
Шоқан Уалиханов(1835-1865)
Докучаев Василий Васильевич (1846-1903)
Жак Ив Кусто(1910-1997)
КЕРІ БАЙЛАНЫС