1 of 12

Worldskills стандартын меңгерту –кәсібіи маман даярлаудағы жаңа бағдар

Арнайы пән оқытушысы:

Жумабаева Л.К

Ақтау 2022ж.

2 of 12

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қаркынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктелеліп отырғаны белгілі.

«Есенов колледжі» ЖШС Worldskills чемпионатына жылда бірнеше құзіреттілік бойынша қатысады. Оқу орнының құрылғанына өте аз уақыт болса да өткен оқу жылы республикалық кезеңге 4 құзіреттілік бойынша қатысты.

3 of 12

Құрылыс құзіреттіліктері бойынша Worldskills чемпионатының колледжішілік кезеңі

4 of 12

Құрылыс мамандығы бойынша «кірпішті қалау құзіреттілігі», «құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «майлау безендіру жұмыстары», «тақтатаспен қаптау» құзіреттіліктері бойынша жылда «Worldskills» чемпионаттары колледж деңгейінен бастап өткізіледі. Бірнеше модульден тұратын тапсырмаларды тиянақты, белгілі уақытта орындауды үйренеді.

5 of 12

Модульдер бойынша студенттерді даярлау кезінде жауапкершілік сезіледі, себебі студенттерге әлемдік стандарттардың талаптарына сай білім беру қажеттігі туындайды. Бүгінде студенттердің деңгейі біршама көтеріліп келеді. WorldSkills Kazakhstan чемпионаты студенттер үшін өз білімдерін тексерудің ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Әр құзіреттілік бойынша студентке жетекші тағайындалып, дайындық жұмыстарының іс-шара жоспарлары құрылады.

Қатысушы студенттің сонымен қатар, физикалық, психологиялық жағдайы да дұрыс болу керек. Қатысушыдан шыдамдылық, психологиялық дайындық талап етіледі.

6 of 12

«Есенов колледжі» ЖШС «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» бойынша облыстық кезеңге жылда қатысып келеді. Осы құзіреттілік бойынша гипсокартонмен жұмыс жүргізеді. Жұмыс өте күрделі. Гипсокартонды кесу, профильді кесу, дайын болған конструкцияның фристайлын сылақтау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, өндіріс оқу шеберлерін, арнайы пән оқытушыларын Алматы қаласындағы “Кнауф Гипс Қапшағай» оқу орталығынан тағылымдамадан өткізген дұрыс деп ойлаймын. Себебі, гипсокартон жұмыстарына “KNAUF” фирмасының құрылыс материалдары, металл құрылымдары мен гипстік құрылыс плиталары, құрғақ құрылыс қоспалары қолданылады. Орындалған тапсырма да осы «KNAUF» фирмасының стандартына сәйкес тексеріледі. Қаладағы құрылыс мекемелерінде дәл осы стандартпен үйретеді деп айту қиын.

7 of 12

8 of 12

9 of 12

10 of 12

Бүгінгі білім алушы-ертеңгі маман бойынан қандай қасиеттер табылуы тиіс? Қазіргі білім алушылардың жеке басындағы басты сапалардың бірі – еңбекке көзқарасы, еңбекті бағалауы және өз бетінше кәсіп жасап, еңбек етуі.

Мамандықтардың дайындық сапасын көтеру және келешекте оларды жұмысқа орналастыру мақсатында серіктестік мекемелермен байланыстарды жақсы жолға қою керек.

Қорыта келе, келесідей ұсыныстар біліремін:

  1. Міндетті түрде құзіреттілік бойынша оқу шеберлері мен арнайы пән оұытушыларының тағылымдамадан өтуі;
  2. Оқу орнының чемпионатқа қатысатын құзіреттіліктер бойынша материалдық –техникалық базасын нығайту

11 of 12

12 of 12

Назарларыңызға рахмет!