Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шешу және дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар
БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 ЖОББМ
биология пәні мұғалімі Л.Т.Тусургалиева
Жаратылыстану–ғылыми сауаттылық
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс көмегімен шешілетін және зерттелетін проблемаларды анықтау үшін, тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық PISA-да қалай бейнеленеді?
Біздің көзқарасымыз:
Физикалық жүйелер – физика, химия.
Тірі жүйелер – биология, экология.
Жер және ғарыш жүйелері – астрономия, география.
PISA көзқарасы:
тапсырмалар пәнаралық сипатта болады.
Оқушы білуі керек:
Неге қол жеткізуіміз керек?
Ғаламдық деңгейде: алғашқы ондыққа е қосылу, сол орнымызды сақтау;
Жергілікті деңгейде: оқушыларға мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірлік жағдайда қолдануды үйрету.
Тапсырмалар қалай құрастырылады?
Мазмұны
Мәнмәтін
Құзыреті
Тапсырмалар блогы
Жаратылыстану-ғылыми пәндер
Әдіснама
ЖҒС қандай құзыреттері тексереді
Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру | Жаратылыстану-ғылыми зерттеулерінің ерекшеліктерін түсіну | Деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді қолдану |
Құбылыстарды түсіндіру үшін тиісті жаратылыстану-ғылыми білімді қолдану | Зерттеудің мақсатын тану және тұжырымдау | Деректерді талдау, түсіндіру және тиісті қорытынды жасау |
Түсіндіру модельдері мен көріністерін тану, қолдану және құру | Түсіндірме гипотезаларды ұсыну және оларды тексеру тәсілдерін ұсыну | Деректерді ұсынудың бір нысанын басқасына түрлендіру |
Үдерістің немесе құбылыстың барысы туралы болжам жасау және ғылыми негіздеу | Мәселені шешудің ғылыми зерттеу әдісін ұсыну және бағалау | Ғылыми мәтіндердегі жорамалдарды, дәлелдемелерді және пайымдауларды тану |
Техникалық құрылғының немесе технологияның жұмыс принципін түсіндіру | Деректердің сенімділігі мен түсіндірмелердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін ғалымдар қолданатын әдістерді сипаттау және бағалау | Әр түрлі көздерден алынған дәлелдерді ғылыми тұрғыдан бағалау |
Бағыттың мазмұндық салалары
Жағдаяттар түрлері
Тапсырмалар қалай құрастырылады?
Құзыреттілік |
| |
Білім түрі | Мазмұнын білу (пәнаралық сипат) Рәсімдерді білу (әдіснама) | |
Мәнмәтін | Тұлғалық Ұлттық Ғаламдық Денсаулық Табиғи ресурстар | Қоршаған орта Қауіптер мен тәуекелдер Ғылым мен технология байланысы |
Танымдық деңгей | Төмен Орта Жоғары | |
Сұрақ түрі | Ашық Жартылай ашық Жабық | |
Дидактикалық бірлік |
| |
Не істеу керек?
Педагогикалық озық тәжірибеден
Функционалды сауаттылық пен креативті ойлауды қалыптастыру
Оқу қызметін бастайтын, оқуға түрткі болатын жағдайларды қалыптастыру
Мәселелерді шешетін, шешім қабылдайтын, позитивті мінез-құлық көрсететін табысты тәжірибе алу, алмасу.
Ізденіс белсенділігін таныту, ізденіс сипатын танытатын оқу зерттеулерін, жобаларын іске асыру
Бағалау дербестігі
оқушылардың өзін-өзі,
бірін-бірі бағалауды талап
ететін тапсырмалар жасау:
кейстер, рөлдік,
іскерлік ойындар, пікірталастар
Жалпы методологиялық
тәсілдер
білім интеграциясы,
байланыстарды анықтау,
аналогтарды пайдалану
Не қосылады?
Мысалы: Марс планетасының тартылыс күші немесе салмағы. (Аңызы). Марсты жаулап алушылардың немесе адамдарының ең бірінші мәселесі – осы планетаның ауырлық күшінің Жердікінен аз болуы.
Дәстүрлі тәсіл «Тәсілінен міндетіне қарай» | Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық | Креативті шешім табу Ойлауды дамыту |
Марс бетіндегі ауырлық күші жер бетінен қанша есе ерекшеленеді. | Марстағы ауырлық күші жер күшінен 38 пайызға кем Марсты жаулап алушылар қалтасына қорғасын салынған кеудешелерді киюге мәжбүр. Бұл Марстағы қандай жағымыз жағдайдан қорғап қалуы мүмкін? | Марстағы ауырлық күші жер күшінен 38 пайызға кем Сол себептен жаулап алушылар өз денесіне ауырлық күшінің аз болуынан бұлшықеттері деградацияға ұшырайды немесе семіп қалады. Осындай қауіптен аулақ болу үшін сіз не ұсынар едіңіз? |
Креативті ойлауды қалыптастыру
Креативті ойдауды қалыптастыру