Математикалық сауаттылық бойынша есептерді шығару
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ЖАС ДАРЫН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
Сандар теориясы
Проценттерге есептер
Мәтіндік есептер
Графиктермен, кестелермен берілген есептер
Логикалық есептер
Геометриялық мағынадағы есептер
Комбинаторика және ықтималдыққа есептер
Тақырыптар
A-1=B+2=C-3=D+4=E-5 шарты орындалатын болса,
A,B,C,D,E сандарын салыстырыңыз
20172016 саны қандай цифрмен анықталатынын анықтаңыз
1290 +1818 өрнегі қандай цифрмен анықталатынын анықтаңыз
Бір газеттің жалпы бетінің саны 48 және оның ішіндегілердің барлығы тек екі беттік қағаздар. Осы газеттен әрбір екі беттігін алып ашып қарағанда, беттік нөмірлерінің қосындысы қандай да бір тақ санды береді. Ол қандай сан?
140835* саны 12-ге қалдықсыз бөлінуі үшін жұлдызшаның орнына қоюға болатын цифрлардың қосындысын табыңыз.
Егер құты 20%-ке толы болса, онда ондағы тосап 20%-і бос құтыдағы тосаптан 3 литрге кем болады. Құтыға неше литр тосап сияды?
Аулада ақ және сұр қояндар жүр. Барлық қояндардың 60%-і сұр қояндар, қалғандары – ақ қояндар. Сұр қояндардың ақ қояндардан бесеуі артық. Аулада барлығы неше сұр қоян жүр?
Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының 1 дәптері 30г, ал кітап одан 15 есе ауыр. Сыныпта 28 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың 6-ауы ағылшын және неміс тілдерін, 5-еуі ағылшын және француз тілдерін, 4-еуі неміс және француз тілдерін, ал 3-еуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шет тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер бар екенін анықтаңыз
Фарида кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен үлкен 27-ден кіші сан болатынын байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең болады?
Оқушылар топтарға бөлініп ойын ойнады. Егер әр топқа екі-екіден немесе үш-үштен бөлінсе, бір оқушы артық өалып қояды. Топтарға бес-бестен бөлінгенде артық оқушы қалмайтын болса, барлық оқушы саны ең кем дегенде нешеу болатынын анықтаңыз
Жаңа үй салып жатқан Ақайдардың 7 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 5-ке бөлу керек. Ол өзінің өткір тістері бар арасымен бөренені бір жерден кесу үшін 1,5 минут уақытын жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кететінін табыңыз.
Е 28