Сабақтың тақырыбы:
Литосфераның құрылысы қандай?
Сабақтың мақсаты: литосфераның заттық құрамын анықтау.
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
- литосфера қандай заттардан тұратынын;
- литосфераның заттай құрамын зерттеудің маңызын білу керек.
Сұрақ: Литосфераның құрылысы
қандай?
Жауап: Жер қыртысы — литосфераның бір бөлігі. Жер қыртысындағы тау жыныстарының химиялық құрамы 12 км-ден соң артық (Кольск ұңғымасы) тереңдікке дейін зерттелгені белгілі. Жер қыртысы минералдар мен тау жыныстарынан құралған.
Минералдар мен тау жыныстары.
Минералдар – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері біртекті табиғи дене.
Минералдар эндогенді және экзогенді үдерістердің нәтижесінде пайда болады.
Сонымен қатар оларды зертханаларда, зауытта (бағалы тастар) және теңіз фермаларында (інжу) өсіруі де мүмкін.
Сұрақ: Жер беті көптеген күштердің үздіксіз ықпалына ұшырайды неге ?
Жауап Жер беті көптеген күштердің үздіксіз ықпалына ұшырайды. Оларды ішкі немесе эндогенді (грек тілінде «эндон» – «ішінде», «генос» – «туу») және сыртқы немесе экзогенді (грек тілінде «экзос» – «тысында») деп бөледі.
Эндогенді үдерістер – жасампаз, олар жер бетінде тау, қырат, ұшың шың, жота, ойпат, жазық сияқты жаңа тау жыныстары минералдар мен жер бедеріндегі жаңа қабаттарды түзеді. .
Экзогенді күштерге сыртқы геологиялық агенттер күштері: жел, су, мұз, өзендер мен мұхиттар жатады. Олар жер бедерін бұзып өзгертеді. Экзогенді үдерістер – бүлдіруші. Экзогенді үдерістер арқылы тау жыныстары үгітіледі, мүжіледі, үгінділері ығысып, қайта шөгеді, жаңа тау жыныстарын түзеді.
Сұрақ: Тау жыныстары?
Жауап Тау жыныстары – жер қыртысын құрайтын минералдардың табиғи жиынтығы. Бір жыныстың құрамына бірнеше минералдар енуі мүмкін. Мысалы, гранит дала шпаты, слюда, кварц, минералдарынан тұрады.
Сұрақ: Генезисіне (шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
Жауап Генезисіне (шығу тегі) қарай тау жыныстары магмалық, метаморфтық және шөгінді болып бөлінеді. Метаморфтық және шөгінді жыныстар магмалық жыныстардың өзгеруі және бұзылуы себебінен қалыптасады.
Қорытынды сұрақ:
3. Тау жыныстары
КЕРІ БАЙЛАНЫС