1 of 9

“Шөптікөл “мектеп-бөбекжай-балабақша”кешені” КММ

Қалиева Айнара Айбекқызы�педагог-сарапшы �педагог -дефектолог

“Интернет желісіндегі платформаларын түзете-дамыту сабақтарында тиімді қолдану”

2 of 9

Интернет желісіндегі платформаларын түзете-дамыту сабақтарында тиімді қолдану

3 of 9

Білім беру платформаларының негізгі мақсаты-оқушыларға түрлі мүмкіндіктер беру және заманауи педагогикалық технологияларды іске асыру, педагогтың уақытын үнемдеу арқылы білім алушының оқуға ынтасын,зейінін арттыру.

Цифрлық технологияларды қолдану оқушыларға қолайлы оқу қарқынын, материалды ұсынудың ыңғайлы принципін, сабақтың ұзақтығын, қосымша ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біздің елімізде енгізіліп жатқан заманауи білім беру жүйесі өз бетінше оқуға кететін уақыт мөлшерін ұлғайтуды білдіреді.

4 of 9

Сабақта пайдаланылатын

көмекші платформалар

5 of 9

Plickers — статистикалық  жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша . Біз жарнамалардағы  QR-кодтарды көргенде, ол кодтар нақты бір сайтқа қосымша ақпарат алу үшін сілтеме жасайтынын білеміз. Бірақ, бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы емес. Plickers мұғалімнің ұялы телефонын немесе планшетын оқушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады. Әр оқушыда жеке карточка болады. Карточканың төрт қабырғасы жауаптың төрт нұсқасын білдіреді, оларды бұру арқылы оқушы дұрыс нұсқасын таңдайды. Алдын ала бағдарламаға сыныптың тізімі ендіріледі, сол арқылы әр оқушының сұраққа қалай жауап бергенін білуге болады. Plickers қосымшасы арқылы тақырып соңында тест өткізуге  болады. Ол үшін алдын ала сыныптың тізімі мен тест сұрақтарды енгізіп қою қажет. Оқушылар карточкаларын дұрыс жауабына бұрып бір уақытта көтереді, ал сіз планшетке немесе ұялы телефонға түсіріп аласыз, бағдарлама жауаптарды сканерлеп, нәтижесін көрсетеді. Plickers-те жауаптарды диаграмма арқылы да көруге болады. Plickers-ты оқушылардың сабаққа кім қатысып отырғанын білу үшін де қолдануға болады. 

6 of 9

Тағы да бір оңай тест жасау платформаларының бірі QUIZIZZ платформасы. Бұл платформа арқылы оңай ашық тест, жабық тест, бір нұсқалы, көп нұсқалы және тағы да басқа сұрақтар дайындау мүмкіндігі бар. Тіркілу арқылы, яғни электронды почта арқылы не болмаса аккаунт арқылы жүйеге еніп, оңай жұмыс жасай аласыз. Дайын болған тест жұмысын оқушыларға сілтемесін жіберу арқылы дайын тестке ене алады. Өз есімдерін тере отырып, “бастау” батырмасын басады. Оқушылардың жүйріктігі де сыналады. Себебі соңында мұғалімге рейтинг картасы шығады. Сақталынған тесттерді “Менің кітапханам” бөлімінде тұрады.

7 of 9

Easyquizzy Компьютерде орнатылған бұл бағдарлама көмегімен тесттер мен викториналарды құру оңай және жылдам болып табылады және оны кез келген Windows плотформасында ашуға мүмкіндік береді. Мұнда сұрақтардың көлеміне ешқандай шектеулер жоқ және әрбір сұрақта бірнеше жауап болуына мүмкіндік береді. Easy Quizzy бағдарламасында құрылған тесттердің ашылуы үшін басқа бір қосымша программаларды орнатуды қажет етпейді. Бұл тесттерді USB флеш жетегінен, компакт дискіден көшіріп, электрондық пошта арқылы жіберуге немесе барлық компьютерлерге көшіруге болады. Тестті ашу үшін файлды іске қосу жеткілікті.

8 of 9

LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервер.

Сервердің ерекшелігі, пайдаланушылар жасаған барлық тапсырмалар галереяда жиналған және жалпыға қол жетімді болып табылады.

Іздестіруге оңай болу үшін барлық интерактивті тапсырмалар санат бойынша топтастырылған (пәндер бойынша).

Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына қарай да топтастырылған тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік бар.

Дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де пайдалануға мүмкіндігі бар.�Жеке материалдарды жасау және сақтау қарапайым тіркеуден өткен соң ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар, өз материалдарын жасай отырып, пайдаланушы оларды жеке қолдану және жалпы пайдалану үшін сақтай алады.

LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.�Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру  кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп есептеймін. 

9 of 9