Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие
«Білім күніне» арналған
"Тәуелсіздік жетістіктері" атты мерекелік
іс-шарасы
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Титов атындағы �№20 мектеп-гимназиясында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып биылғы 2021-2022 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп директоры Дәрмен Д.Ж. бүлдіршіндерге ӘЛІППЕ оқулығын салтанатты түрде табыстады. �
Құқықтық тәрбие
Адал ұрпақ» еріктілер клубының кезекті жоспары бойынша жемқорлықпен күрес тамырдан бастамасымен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында жемқорлық пен адалдық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың шығармашылық тұрғыда түсіну және жеке көзқарасарын қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға мектеп оқушылары белсене қатысты.
Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие ��"Кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамдық тәртіп бұзушылық негіздері" тақырыбында 5-9 сынып оқушыларына, В.Н.Авдонин - әкелер клубының мүшесі қатысуымен, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры А. Сапарбаева әңгіме айтты. "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" тақырыбында ДТІЖО Ж.Т. Мырзалиева лекция жүргізді.�түсіндірді.��
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
«Күз бояулары» сурет байқауы оқушылардың күзгі демалыс уқытын тиімді пайдалануы жоспары бойынша
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие тәрбие
«Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары бойынша мектеп комитеті мен ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Өз ағашыңды отырғыз » акциясы өткізілді. Мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, өз сыныптарының атынан көшеттерін отырғызды.
“ӨЗГЕГЕ БАҚЫТ СЫЙЛАУ - БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!” Мектеп парламенті “Жас ұлан” ұйымының ұйымдастыруымен “Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла” акциясы өтті. Дармарка сөзі – орыстың“дар”, “благодарить” және “ярмарка” сөздерінің қосындысынан шыққан. Демек дармарка – әр адамның өзіне қажет емес затын апарып, оған екінші өмір сыйлайтын алаң. Мұндай шараға кез келген адам затын қойып кете алады және өзіне ұнаған нәрсені алуына мүмкіндігі бар.
Акция мақсаты: ескі заттарды қоқысқа тастамай, қажеттілікке жарату, үнемшілдікке тәрбиеле.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие
Мектебімізде «What? Where? When?» интелектуалдық экобілімділер турнирін ұйымдастырылды. Турнирге командалар құрылып өзара жер планетасын таза ұстау жөнінде пікірсайыс түрінде жарыс өткізілді.Турнир барысында оқушылар тың информациялар жинап, өз презентацияларын қорғады.
Оқуға құштар жобасы�«Қызықты өсімдіктер әлеміне саяхат» атты бастауыш 2-4 сыныптар оқушыларына кітап көрмесі ұйымдастырылды. �Кітап көрмесінде арнайы өсімдіктер әлемінің тың мәліметтері жинақталған кітаптар бұрышы дайындалды. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға таныстыру мен қызықты өсімдіктер туралы мағлұматтармен бөлісті. Жас жеткіншектерді кітап оқуға баулу мен білім теңізі кітапханамен дос болуға шақырды. Мектеп оқушылары жалпы соңғы ертегі аудармаларына көп қызығушылық танытты. Оқушыларға көрме барысында кітапты тез оқып бітіру мен оны есте сақтаудың қызықты әдістерімен ұйымдастырушылар құрамы бөлісіп өтті�
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мектебіміздің әдістемелік дене шынықтыру апталығы аясында "Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз" атты флешмобы өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары өте белсенді қатыса отырып, ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған түрлі жаттығуларды жасап, күні бойына сергектікке ие болды
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Бастауыш сынып оқушыларына арнайы "Денсаулық күні" мерекесі аясында спорттық флешмоб өткізілді. Балалар белсенді қатыса отырып, сергектік қуатын алды.
Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» жобасы аясында� «Мектеп лигасы» футбол жарысы
Республикалық біріңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Салауат» бағыты бойынша және мектептік спорт-саяхаттық комитетінің мүшелері 9-сыныптар арасында «Қызықты эстафета» өткізді. Мектеп оқушылары жеке команда құрып, түрлі сынақтардан өту барысында ең мықты команда анықталды. Жеңімпаз командаларына марапат қағаздары табысталды.
Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында �Мектеп Парламенті президентін сайлау
Республикалық біріңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы және «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жоспары бойынша рухани – адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу контексінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру үшін 5-11 сыныптарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты сынып сағаттары өткізіліп, «Парасатты Азамат» ақпараттық бұрыштары орнатылды.
Ұлағатты ұсиаздар күніе орай мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымы «Мұғалім –ұлы тұлға» концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.
Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында «Cүйіспеншілік – жүректен » жобасы аясында «Мейірім толы жүрек» акциясы өзін-өзі басқару ұйымы ардагер ұстазды мерекесімен құттықтап қайтты
№ 20 мектеп - гимназиясында "Pro et contra" дебат клубы құрылған. 2021жылдың 7 қазанында клуб командасы Шымкент қаласы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰӘО ұйымдастырған аудандық пікір сайыс турниріне шақырылды. Біздің оқушыларымыз Павлова Алиса (10"В" сынып) және Унтан Давид (9 "А" сынып) турнирде ұйымдастырылған төрт ойынға қатысып ІІ-ші орын иелері атанды, пікір сайыс барысында талқылау үшін қоғамдық- әлеуметтік мәселелерде ұсынылды, оқушылар пікір сайыстағы қиын кезеңдерден өтіп, 15 қазан күні Елбасы Академиясы мен республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта мектеп оқушылары арасында “МӘҢГІЛІК ЕЛ, МӘҢГІЛІК МҰРА” тақырыбында қалалық Ұлттық іріктеу турнирі өтті. Аталған турнирде оқушыларымыз " 1"- орын иегерлері атанды.
.
Мектебіміздің «Адал Ұрпақ» клубы мүшесі және балалар өкілдіктерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына кездесу барысында ішкі заң ережелері мен кіші заңбұзушылықтан бастап барлық мәліметтер түсіндірілді. «Адал ұрпақ» клубы төрағасы «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында Ашорапов Артур арнайы дайындаған лекциясын өттіп, ортада тақырып толық талқыланды.
Жастарды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету және қоғамда би өнеріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Көрме ортылығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында «АЛТЫН КҮЗ» балы өткізілді. Титов атындағы №20 мектеп - гимназиясының 8"А" сынып оқушылары Федосова Екатерина және Шляхов Марк жұптық вальс бағытында байқауға қатысып жүлделі -орын иегерлері атанып, үздік жұп 40000теңгелік Сертифатына ие болды. Аталмыш байқауға қаламыздың 12 жастан жоғары мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Мектебіміздің жұбы байқау үміткерлерін басып озып, өз кәсіби бағыттарын жоғары деңгейде көрсетті.
Ардагерлермен кездесу
Қазақстан респубиликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шара жоспары аясында «Ұстаз ұлы тұлға» атты оқушылар ардагер ұстазбен кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің зейнеткер мұғалімі Борщин Сергей Василевич «Алғашқы әскери дайындық» сабағынан ұзақ жылдар сабақ өтіп, өз зейнет жасымен демалысқа жөнелтілген. Зейнеткер мұғалімге оқушылардың арнайы дайындаған мерекелік бағдарламасы көрсетіліп, сұрақ-жауап жүргізілді. Оқушылармен өзінің қызықты және сабақ өту әдістерін еске ала әнгіме айтты. Белсене қатысқан оқушылар өз сый- сияпаттарын табыстап, мектептің жаңа жұмыстарымен таныстрыу жүргізілді.
Мектеп комитеті мен Жас Ұлан ұйымы жоспары бойынша «Ә. Қастеев – ұлы суретші» атты сурет байқауы бастауыш сыныптар арасында өтіп, оқушылар белсене қатысып өз суреттерін ұсынды. Белгілі ғұламаның жолын қуған жас суретшілердің жұмыстары жоғары деңгейді орындалып өз ерекшеліктерімен бағаланды. Салынған суреттердің үздіктері келесі конкурсқа жолданылып жеңімпаз атанды
Кездесулер-
Сынып сағаттары-
«Cүйіспеншілік – жүректен » жобасы аясында «Мейірім толы жүрек» акциясымен жетім және жартылай жетім балаларға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік сыйлықтар таратылды.
Мектебімізде "Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында республикалық ақпараттық науқан аясында "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 5-8 сынып оқушылардың шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды
Қазақстан Респубиликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ- 30 күн» мерекелік іс-шара жоспары аясында «Алтын күз ханшаймы-2021» атты байқау 8-9-10 сыныптар арасында өткізілді. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, танымдық қызығушылықты дамыту, шығармашылық даралықтың көрінуіне және оқушыларың ұйымдастырушылық және орындаушылық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, шығармашылық қабілетін дамыту, тұлғаның коммуникативті қасиеттерін қалыптастыру, салауатты бәсекелестікті дамыту, үздік оқушыларды ынталандыру мақсатында байқаудың шарттары алдын-ала бекітіліп, ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, өз сыныптастарына атсалысып бірлесе өнерлерін көрсетті. Байқау барысында үздік деп танылған қыздарға І-ІІ-ІІ дәрежелі орындар белгіленді, ең жоғары дәрежеде өзін көрсеткен 9Е-сыныбы оқушысы Семенова Кристина жеңімпаз атанып «Алтын күз ханшайымы» тәжін иеленді. Басқа қатысушы оқушыларға ынталандыру мақсатында номинациялар беріліп, құттықтау граммоталары да табысталды.
Мектебімізде оқу жылы басында 1-4 сынып оқушылары арасында «Жаңалық жаршысы» жобасы аясында «Оқулықты күтіп ұста» радиолинейкасы ұйымдастырылды
Қазақстан респубиликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шара жоспары аясында ақын-жазушы Юнусметова Гулжан Тажджибаевна және баспасөзден ақын-жазушылардың жұмыстарын жарыққа шығаратын редактор Сериков Владимир Иванович-издательства «Вега» келіп оқушылармен кездесу өткізді.Кездесу барысында оқушылар жазушының жыр-шумақтарын жатқа айтып, концерттік бағдарлама әзірледі. Гулжан Таджибаевна жеке өзінің әнін орындап, оқушыларды керемет нәзік дауысымен тамсандырды. Оқушыларымыз құрмет көрсетіп, сұрақ-жауап жүргізіп, балалық шағы мен жыр жазу жолы туралы жақсы әнгіме айтылды.
Мектеп мұғалімдері келген қонаққа арнайы сыйлығын табыстап, жазушының өз кітабы мен жазушылардың жинақ кітапшалары мектебімізге сыйға берілді.
Ата-аналармен жұмыс
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар комитетінің төрайымы Дрантусова Елена Геннадьевна, мектеп инспекторы Сапарбаев Асель Айкеновна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конырбаева Нуржамал Досаевнаның қатысуымен 8-11 сынып оқушылар арасында адам өміріне зиян келтіретін заттарды тасып жүрудің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Өзін –өзі басқару және Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту мақсатында өткізілген дәстүрлі іс-шара өз дәрежесінде өтті. Байқауға қатысушылар өз қолөнерлері мен ән, би өнерлерін көрсетумен қатар спорттық сайыс бөлімінде өз дәрежелерін көрсетті. Байқау қорытындысын қазылар алқасының шешімімен І,ІІ,ІІІ орындар белгіленіп және қатысушыларға номинациялар берілді.
Өзін –өзі басқару және Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне «Женский экспресс» атты ерекше мерекелік кеш өткізілді. Мектеп оқушыларының қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламада ер балалар хоры, жұптық би,жеке ән, сахналық қойылым және аяулы ұстаздарға арналған түрлі ойын- сауықтар ұйымдастырылды
Кештің мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.
Мерекелік кеште мектеп гимназия директоры Дәрмен Дана Жүсіпқызы мектеп ұстаздарын 8-наурыз мерекесімен құттықтап өз жылы лебізін білдірді. Кеш барсында білім саласында өзіндік орны бар білікті ұстаздарымызға мараптаулар табысталды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының Өзін –өзі басқару және Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық мерекеміз «Қош келдің Наурыз!» атты іс-шарасы өткізілді. «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шара жоғары дәрежеде өтті. Жоспарланған бағдарлама бойынша спорт секциясы ұлттық ойындардан сайыс өткізді. Қазақ тілі және әдебиеті әдістемелік бөлімі қазақ халқының салт-дәстүрлерін саханаласа, қазақ сыныптарының дайындауымен ұлттық тағамдары мен бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты.
Мерекелік іс-шарада ұлттық құндылықты дәріптеп, өскелең ұрпағымызға дәстүрімізді сақтау негізгі мақсатымен мектебімізде өткізілген концерттік бағдарламаға оқушылар белсене қатысып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.
��''ЖАС ҰЛАН САНЫ ТАҒЫ ДА ЕСЕЛЕНДІ''�Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болды.�«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін ояту, оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. � Мектебіміздің озат, үздік, үлгілі 106 оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Жасұландықтарға галстуктерін мектеп әкімшілігі мен озат оқушылары үлгі ретінде табыс етті.��
2022 жылғы 25 мамыр Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназия «Сыңғырла соңғы қоғырау» атты 2021-2022 түлектермен қоштасу салтанатты іс-шарасы өтті. � Мерекелік жиында түлектерге арнайы концерттік бағдарлама дайындалып, мектебіміз қонақтары мен оқушыларымыздың ата-аналары шақырылды. Мектебіміздің директоры Дәрмен Дана Жүсіпқызы түлектерімізге ақ жол тілеп, ізгі ниетін білдірді.Келген қонақтар оқушыларды құттықтап, келесі оқу жылына сәттілік тіледі. Мектеп түлектері ″Мектеп вальсін" билеп, ұстаздарына арналған ізгі ниеттерін, алғыстарын тарту етті.� Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған шәкірттерге сәттілік тілейміз � ������������
9 мамыр –Жеңіс күні мерекесі ерекше атап өтілді. Мектебіміздің оқушылар музыкалық аспаптарда мерекелік әндерді орындап, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 77 жыл өтіпті. 9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.� ��� ���
«Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерімен «Жас ұлан» ұйымы комитеті құрамын жыл қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Жиын барысында жыл бойына атқарылған жұмыстарды ұйым мүшелерімен талдау жүргізіліп, ұсыныстар тасталды. Жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың жоғары дәрежеде өткен және белсене қатысқан оқушыларды ынталандыру мақсатында мектеп әкімшілігі мадақтама грамоталары табысталды.�Сонымен бірге аудандық, қалалық республикалық байқауларға және т.б іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар дипломмен, алғыс хатпен, мадақтау қағаздарымен марапатталды.���������� ��
�Азаматтық-патриоттық тәрбие�«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты тәрбие сабағының мақсатында оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. � Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.����������
2022 жылдың 16 мамыр күні 8-11 сынып оқушыларымен мектеп директоры Дәрмен Дана Жүсіпқызы және Әл-Фараби ауданының полиция майоры Нарымбетов Нурлан мырзамен «Құқық бұзушылықтың және кибербуллингтің алдын-алу » тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде полиция майоры Нурлан Нарымбетов қазіргі таңда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білім саласынан жан-жақты болғаны дұрыстығын атап өтті. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін айтып өтті. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және оны құрметтеуге шақырды.� Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкіндігін айтты. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайтындығы және осындай жағдайда әр жасөспірім өз ата-анасына немесе ұстаздарына хабар беру керектігін айтты.����
Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
Қыздармен жұмыс �Кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу айлық іс-шара барысында 8-11 сынып қыздары арасында "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында "Медикер 4к" емханасының гинекологы Аринова А.Б.қатысуымен кездесу өтті.�