1 of 6

ОnlineТestРad бағдарламасында PISA тапсырмаларын құрастыру арқылы

оқушылардың жаратылыстану –ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту

«Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ-нің

физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, магистр

Жұмабаева Жайнагүл Мұратжанқызы

2 of 6

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттерге PISA жобасын дамыту аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын әртүрлі опциларды ұсынып отыр. Аталған жобаның барлық бағыттары кестеде берілген

3 of 6

PISA технологиясы зерттеуге қатысудың екі форматын ұсынады:

    • қағаз (Paper-based assessment, РВА)
    • компьютерлік (Computer-based assessment, СВА).

Компьютерлік форматқа өту зерттеуді ұйымдастыру және өткізу, мәліметтерді деректер базасына енгізу мен өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді.

Қатысушылардың электрондық материалдар құрылымын танып-білу қабілеттері мен біліктерінің артуына оң әсер етеді.

Компьютерлік форматы негізгі (математикалық, жаратылыстану, оқу) және қосымша опцилерге (қаржы сауаттылығы, жаһандық құзыреттілік, т.б.) қатысуға мүмкіндік береді.

4 of 6

PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

PISA-2012 зерттеуінде компютерлік форматта жаңа интерактивтік тапсырмалар қолданылды. Мұндай тапсырмалар білім алушылардың компьютерлік жүйемен тікелей жұмыс жүргізуін талап етеді.

Зерттеуге қатысушылардың функционалды сауаттылық деңгейі таблица, диаграмма, график, сурет және сызбалар түрінде берілген тапсырмалармен анықталады.

 

Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады:

  • еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап),
  • жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу);
  • берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау).

5 of 6

Танымал техникалық платформалардың бірі – оқушылармен жұмыс істеуге арналған OnlineTestPad интернет платформасы.

Online test Pad платформасының мүмкіндіктері  мол.

Тест конструкторы – мұнда мұғалім оқушылармен кері байланыс жасау үшін тест тапсырмаларын жасауға және БЖБ, ТЖБ, PISA тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. 

Сауалнама конструкторы – мұнда мұғалім оқушылардан  сауалнама түрінде тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. 

Сөзжұмбақ конструкторы –мұнда мұғалім қайталау сабақтарын немесе ашық сабақтарды қызықты түрде өткізу үшін сөзжұмбақ құрастыруға және оны  ұйымдастыруға мүмкіндік алады. 

Комплексті тапсырмалар – мұнда мұғалім өз сабақтарына қажетті оқу-дидактикалық  материалдарды жинақтап, арасында оқушылармен көмекші құрал ретінде қолдануға мүмкіндік алады.

6 of 6