1 of 5

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА ЕРЕЖЕЛЕРІ�

2 of 5

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Ережелер білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері басшылыққа алатын педагогикалық этиканың жалпы қағидаттары мен

​

2. Педагог қызметкерлердің ережелерді білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібінің сапасын бағалау критерийлерінің бірі болып табылады.

3 of 5

2.Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:

  • 1) Aдалдық
  • 2) Шыншылдық
  • 3) Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу:
  • 4) Жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу:
  • 5) Кәсіби ынтымақтастық:
  • 6) Кәсіби дамудың үздіксіздігі.

4 of 5

3.Педагогикалық этиканың негізгі нормалары

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеуге, ата-аналарға, этномәдени құндылықтарға құрметпен қарауға, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етеді;

2) өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды;

3) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өзін-өзі тәрбиелеумен және өзін-өзі жетілдірумен белсенді айналысады;

4) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтайды;

5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды, өзінің жеке мінез-құлқымен адалдықтың, бейтараптық пен әділдіктің үлгісін береді;

6)өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде киімдегі іскерлік стильді ұстанады.

Өз қызметінде педагог қызметкерлер:

5 of 5

3.Педагогикалық этиканың негізгі нормалары

Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынаста педагог:

1) жасына, жынысына, ұлтына, дініне, азаматтығына, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;

2) білім беру процесіне қатысушыларға кәсіби қолдау көрсетеді.

Әріптестермен қарым-қатынаста педагог қызметкерлер:

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, сыпайы және әдепті болуға тиіс;

2) басқа педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.