1 of 14

"Ер төстік" ЖК "Дана"жеке бөбекжай балабақшасы

№ 2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

2 of 14

ЖОСПАР�

3 of 14

Кіріспе

Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлігі мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органдары, даралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді.

4 of 14

Жол көлік оқиғаларының алдын алу�

Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға.

Жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де және басқа да себептердің кесірінен жол

Жол-көлік оқиғаларының мемлекет статистика есептемесіне адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған жол-көлік оқиғалары ғана енгізіледі.Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңына сәйкес жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат етіледі және олар мүдделі заңды тұлғалар мен азаматтарға белгіленген тәртіппен беріледі.

5 of 14

Жол көлік оқиғаларының түрлері келесі �

1

    • - соғылыс;
    • - аударылу;
    • - кедергіге соғылу;

2

    • - жаяу жүргіншіні соғу;
    • - велосипедшіні соғу;
    • - тұрақта тұрған көлікті соғу;

3

    • - көлік-арба соғу;
    • - жануарларды қағып кету;
    • - жолаушылардың құлауы; т.б

6 of 14

7 of 14

8 of 14

Егер Сіздің басыңызға дәл осындай жағдай тап келсе, яғни ЖКО-ға ұшырасаңыз:�

1

    • 1. Тез арада көлікті тоқтатыңыз   (тұрған орныңыздан қозғалмаңыз).
    • 2. Апаттық жарық дабылқаққышты қосып, апаттық тоқтау белгісін қойыңыз (жанып-өшіп тұратын қызыл фонарь).

2

    • 3. Жәбірленушілерге дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек көрсету шараларының мүмкіндігін қарастырыңыз.
    • 4. Жедел-жәрдем шақырыңыз (шұғыл жағдайда жәбірленушіні жолдағы көлікке салып жіберіңіз, егер мүмкіндік болса, өз көлігіңізбен жақын маңдағы емдеу мекемесіне апарыңыз, өз тегіңізді, көлік нөмірін жаздырып, жеке куәлігіңізді көрсетіп, оқиға орнына қайта оралыңыз)

3

    • 5. Ішкі істер органына хабарлаңыз (немесе ұялы телефоныңыздан 112 нөміріне хабар беріңіз)
    • 6. Оқиғаға куә болғандардың аты-жөндері мен мекен-жайларын жазып алып, ішкі істер органының қызметкерлерінің келуін күтіңіз.

9 of 14

Жол-көлік жарақаттанушылығының алдын алу� �

Жарақаттанушылықтардың барлық түрінің ішінде адамдардың денсаулығы мен өміріне аса қауіптісі жол-көлік жарақаттанушылығы. XX ғасырдаң бас кезінде бірен-саран жағдайлар түрінде бой көрсетіп, көшелер мен жолдардағы жол-көлік оқиғалары қысқа тарихи уақыт аралығында (75 жыл) орасан санды адамдардың жаралануына, мүгедек және қайтыс болуларына негізгі себеп болды, сондықтан адамзаттың ерекше алаңдаушылығын туғызды.

10 of 14

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитетінің 2016 жылғы 5 айдағы адамдардың өлуіне немесе жарақат алуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы есебінде еліміздің жолдарында 6538 жол-көлік оқиғалары болып, онда 9045 адам зардап шегіп, оның ішінде 731-і қайтыс болғаны көрсетілген. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің ішінде 1514 адам жараланып, 53 кәмелетке толмағандар қайтыс болды. Статистика көрсеткендей, жолдағы апаттардың себебі өзгермей отыр. Бұрынғыша, жол-көлік оқиғаларының 90 пайызы жол жүру Ережесін дөрекі бұзатын жүргізушілердің кінәларынан болып отыр. Жол апаттарында ең аз зардап шегетіндер жүргізушілердің өздері, ал ең көп зардап шегетіндер – жолаушылар мен жаяу жүргіншілер.

11 of 14

Сондықтан, біз сіздерге және жақын туыстарыңызға жарақаттар алмауға және өмірлерін сақтап қалуға көмектесетін бірнеше ұсыныс беруді шештік:�

Балаларды тек жол жүру Ережесін үйретіп қана қоймай, оларды ең ерте жастарынан бастап бақылауға және бағдарлауға үйрету керек. Жүріс-тұрысты қалыптастырудың негізгі тәсілі – бақылау, үлкендерге, бәрінен бұрын ата-анасына еліктеу екенін ескеру керек.

Баламен жолдың жүретін бөлігіне шыққан кезде асықпаңыз, жолды бір қалыпты адыммен кесіп өтіңіз. Әйтпесе сіз бақылайтын және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жерде асығуға үйретесіз.

Баланы жан-жағына қарауға үйретіңіз. Жаяужолдан жолдың жүретін бөлігіне алғашқы қадамды жасамас бұрын, көшенің екі жақтағы бағытын қарап алуды автоматты түрде әдетке айналдыру қажет. Әсіресе мұны қарама-қарсы жақта өзіңнің үйің, таныстарың тұрғанда немесе бала басқа балалармен көшені кесіп өтерде – нақ осы жағдайларда істеу керек.

12 of 14

Жол-көлік апатының алдын алу

  • Қазақстанда жыл сайын жалпы өлім-жітім себебін алсақ, қан айналымы жүйесі мен онкологиялық ауруларынан кейінгі үшінші орынды иеленіп жол-көлік апаты, көбінесе жас, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өмірін қиып жатады. Дүниежүзінде жолда 1,24 миллионға жуық адам қаза тауып, ал 20-дан 50 миллионға дейін адам қауіпті жарақат алады. Дүниежүзінде жол-көлік апатының нəтижесінен болатын өлім-жітім оқиғасының 59%-ы 15-44 жас аралығындағы жас адамдар арасында орын алады. Орташа жылдамдықты 5%-ға төмендету өлімге əкелетін апаттың санын толықтай 30%-ға төмендетуге ықпал етеді.

13 of 14

Қорытынды�

  • Балалар жол-көлік оқиғаларына әрқалай түседі. Назар аударатын жайт-жан-жағына қарамай, кенеттен көлік жүретін жаққа жүгіріп шыққан жағдайда да үлкендер айыпты болып табылады. Шындап келгенде оларға үйретпеді, ойға салмады, сақтандырмады. Кез-келген жағдайда бұл-қасірет. Осындай жағдайдың орын алмауы үшін, әрбір жүргіншінің, велосипедшінің, ролик тебушінің жолдағы қарапайым ережелері мен мәдениет тәртібін сақтауы. Егер біздер мен сіздер үшін бұл қарапайым түсінік болса, балалар үшін бұл-жол қозғалысы туралы алғашқы әсер және жол-көлік оқиғалары табиғи апаттар мен соғыс сияқты, жақында ғана бақытты және дені сау адам болған адамдардың өмірін бір сәтте алып кететін әрі қауіптің қайнары болып табылатын автокөліктер, яғни басқа өмірге деген сенімсіз қадамы болатыны анық.

​

14 of 14