Дәріс 6. �Биотехнологиялық өндірісте микроорганизмдерді өсіруде қолданылатын шикізаттар.
Дәріскер: б.ғ.к., проф. Уалиева П.С.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Дәрістің мақсаты: Биотехнологиялық өндірісте микроорганизмдерді өсіруде қолданылатын шикізаттар туралы түсінік беру
Дәрістің міндеттері: Микроорганизмдерді өсіру үшін қолданылатын өсімдік және жануар текті шикізаттарға туралы мәлімет беру
Микробиологиялық өндірісте қоректік орталарды дайындағанда минералды өсімдік тектес, жануар тектес және химиялық жолмен синтезделген шикізаттар қолданылады. Олар қоректік орта құрамына еніп, белгілі бір заттардың биосинтезіне және дақылдың дамуына қатысады. Олардың құрамында зиянды қоспалар болмау керек.
Микроорганизмдерді өсіру үшін әртүрлі шикізаттарды пайдаланады. Ондай шикізаттарға ағаш және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің шикізаттары, сульфиті сілтілер, сұйық және газды көмірсутектер, метил және этил спирттері, ауыл шаруашылық өнімдерінің қалдықтары, тамақ, балық және ет өңдіруші өндірістердің қалдықтары жатады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің қалдықтары мен орман өңдеуші өндірістердегі шикізаттарға: мақта және күріш кебегі, жүгері өзегі, күнбағыс қауызы, мақта сабағы, кебек және т.б. жатса, ал қала қалдықтарына: ескі қағаздар, ағын сулар жатады.
Шикізаттың құрамының әртүрлігі және көміртек көзінің және азот және басқада микроорганизмнің өсуіне қажет заттардың сапалық құрамы әртүрлі көлемде биомассаның шығуына алып келеді.
Биотехнологиялық өндірістегі шикізат көздері бірнеше топқа бөлінеді:
1
2
3
4
Шикізат
Көмірсудың негізгі көзі ретінде
Азот көзі ретінде
Өсімдік текті шикізаттар
Барлық өсімдік текті шикізаттарды 5 топқа бөліп қарастыруға болады:
Көмірсуға бай өсімдіктекті шикізаттар химиялық құрамы бойынша:
Құрамында целлюлозасы бар
Құрамында пентоза бар
Құрамында крахмал бар
Құрамында қант бар
Мақта қауызы - қысқа талшықтармен қапталған мақта тұқымының қатты қабығы болып табылады. Бұл мақта тазалау мен май алу зауыттарының қалдықтары. Мақта қабықшасының құрамы мақта сорттарына байланысты. Ол 36-48% целлюлозадан, 20-31% - лигниннен және 21-28% пентозаннан тұрады. Жемдік ашытқыларды алуда мақтақауызын қышқылмен гидролиздейді.
Жүгері өзегі – жүгері дәндері алынып тасталынғаннан кейінгі қалатын өзекшесі. Өзегінің салмағы жүгері собығының 25-35 %-ын құрайды. Өзекшенің құрамында (пайызбен %): су - 8, шикі протеин - 2,8, шикі май - 0,7, азотсыз экстракті заттар - 54,7, жасымық - 32,8, күл – 1 % болады. Жеке таза күйінде өндірісте қолданылмайды. Себебі құрамында витаминдер, белоктар, минералды заттар аз. Жемдік ашытқы алуда қолданылады.
Картоп целлюлозасында (құрғақ салмағында %) – крахмал – 50, жасымық – 25, еритін көміртектер - 2,5, минералды заттар – 6,2, шикі протеин – 6, басқа да заттар – 10,3. Мезгада ылғалдылық 87-88%-ды құрайды. Бұл шикізатта гидролитикалық ферменттер комплексіне ие микроорганизмдерді дақылдайды.
Қызылша мелассасы – қызылшадан алынған қанттың қалдығы (3,5-5% шамасында). Микроорганизмнің тіршілігіне маңызды органикалық және минералды заттарға бай. Құрамында 45-50% сахароза, 0,25-2,0% инвертті қант, 0,2-3,0% рафинозалар. Азотты заттардың ішінде бетаин, пирролидонкарбон, глутамин, аспарагин қышқылдары, лейцин, изолейцин, аланин, валин, ал органикалық қышқылдар ішінде – сүт, құмырсқа, сірке, лимон қышқылдары кездеседі. Аз мөлшерде онда кобальт, темір, қорғасын, бор, цинк, кремний, күміс, йод, марганец, молибден кездеседі. Жемдік ашытқылар алуда қолданылады.
Сүт сарысуы Сыр, казеин, творог өндіруде қолданылатын өнім болып табылады.
Сарысу құрамында: 70-80% лактоза, белоктық заттар 7-15%, май 2-8%, минеральды тұздар 8-10%. Құрамында сонымен қатар витаминдер, гормондар, органикалық қышқылдар, микро- және ультрамикроэлементтер. Белокты препараттарды алуда пайдаланылады.
Кристалды глюкоза. Өнім құрамында 9%- су және 0,07%-дан жоғары күлдік заттар болады. Оның ішінде 0,004%-ден асатын темір болмауы керек. Құрғақ затында 99,5% редуцерленген заттар болмау керек.
Гидроль. Қара қою сироп, құрамында 50% қанты болады. Гидрольдік құрғақ заттардың құрғақ массасы құрамында 18% ашымаған қант, сонымен бірге органикалық қышқылдар болады.
Техникалық сахароза. Құрамында 99,75%-дан кем болмайтын сахароза, 0,03%-дан аспайтын және ылғалдылығы 0,15%-ке дейін болатын күлдік заттары болу керек .
Техникалық лактоза. Лактозаны сүт сарысуынан белоктарды алғаннан кейін алады. Құрамындағы ақуыз мөлшері 3%-дан аспайды.
Крахмал — өсімдіктердің басты қосалқы көмірсуы; глюкоза қалдықтарынан түзілетін екі полисахаридтен (амилаза мен амилопектиннен) тұрады. Ұн тәрізді ақ ұнтақ; көптеген өсімдіктерден алынады.
Сірке қышқылы - химиялық синтез өнімі. Микробиологиялық өндірісте көміртегі көзі ретінде қолданылады. Кейбір өнімде уксус қосылыстары 60%дан кем болмау керек. Ал формальдегид және құмырсқа қышқылын алу үшін -1% болу керек.
Синтетикалық этил спирті, Этиленді гидратацияланғанда алады. Техникалық спирттен 92% кем емес этанол бар. Көміртегі көзі ретінде пайдаланылады.
Күріш қауызы шемішкенің сыртқы қабығы сияқты біршама қатты болып келеді. Ал оны термиялық өңдеуден өткізгеннен кейін шикізат кристалдық фазадан аморфтық фазаға ауысып, жұмсақ затқа айналады. Күріш қауызы күрделі өңдеуден кейін сорбетке айналып, оны бойында көзге көрінбейтін кеуектер пайда болады. Ал бастапқы шикізатта мұндай кеуектер болмайды.
Жануар текті қосымша шикізат көздерінің классификациясы
Коллаген құрамды шикізат
Кератин құрамды шикізат
Энзим құрамды
Жануартекті шикізаттарды қолданылады:
Қорытынды
Өндірістік микроорганизмдерді өсіру үшін әртүрлі шикізаттарды пайдаланады. Мысалы: ағаш және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің шикізаттары, сульфиті сілтілер, сұйық және газды көмірсутектер, метил және этил спирттері, ауыл шаруашылық өнімдерінің қалдықтары. Ауыл шаруашылық өнімдерінің қалдықтары мен орман өңдеуші өндірістердегі шикізаттарға : мақта және күріш кебегі, жүгері өзегі, күнбағыс қауызы, мақта сабағы, кебек және т.б. жатады Ал қала қалдықтарына: ескі қағаздар, ағын сулар жатады.
Шикізаттар шығу тегіне байланысты 4 топқа бөлінеді:
Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Микроорганизмдерді өсіру үшін қандай өсімдік текті шикізаттар қолданылады?
2. Микроорганизмдерді дақылдауда қолданылатын жануар текті шикізаттардың түрлері қандай?
3. Шикізаттарға қандай талаптар қойылады?
Пайдаланылған әдебиеттер