ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
2022
Нұр-Сұлтан, 2021
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
«Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны»
(ҚР «Білім туралы» Заңы
1 б., 56 т.)
ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) "1 тестіленуші – 1 компьютер – 1 камера" қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі.
Аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, карантиндік шектеулер сақталады
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
Түсушілер тестілеу күнін, уақытын және орнын өз бетінше таңдай алады
Бір және бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалар (ТТ) қолданылады
Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі
Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі
* техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде?
1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді;
2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалады;
3) Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі;
4) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);
5) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
6) SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша кейбір анықталған пәндерден ҰБТ тапсырудан босатылады;
SAT
SAT (САТ) балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификатарын. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject (САТ сабджект) нәтижелері бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
2) SAT reasoning (САТ ризонинг) сертификатын. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.
ACT
ACT (ЭйСиТи) балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
IB (АйБи)
IB (АйБи) балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелері мен мәліметтерді енгізуі және өтініш беруі қажет.
7) Тестілеудің бейнебақылау жазбаларын және іс-қимыл журналын (логтарды) тексеру күнтізбелік жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде?
Өтініштер беру мерзімі
24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы*
20 ақпан мен 10 наурыз аралығы
1 мамыр мен 10 маусым аралығы*
15 – 30 шілде аралығы
Тестілеудің мерзімі
10 қаңтар мен 10 ақпан аралығы*
1
1 - 31 наурыз аралығы
2
1 - 30 маусым аралығы*
3
10 - 20 тамыз аралығы
4
ҰБТ-ның мерзімі
Ескертпе: * көрсетілген ҰБТ мерзімдері (қаңтар, маусым) өзгеруі мүмкін
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі
Тестілеудің қатысушылары
ҰБТ_Қаңтар
ҰБТ_Наурыз
ҰБТ_Маусым
ҰБТ_Тамыз
ҰБТ-ҒА ӨТІНІШ БЕРУ
Өтініштерді ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде беру жүзеге асырылады
АВТОРИЗАЦИЯДАН ӨТУ және жеке кабинетін ашу (электронды поштаның және ЖСН көмегімен https://app.testcenter.kz/ жүйесінде тіркелу
Дербес деректерді өңдеуге КЕЛІСІМІН БЕРУ және тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережелерімен ТАНЫСУ
ДЕРЕКТЕР ҰБДҚ-дан алынады (өтініш берушілер ЖСН көрсеткен кезде Т.А.Ә., ұлты, азаматтығы, оқу орны ҰБДҚ-дан таңдалады)
1
2
3
4
5
6
ТЕСТІЛЕУ ДЕРЕКТЕРІ (өтініш берушілер тестілеу тапсыру тілін, бейіндік пәндерді, тестілеу тапсыру орындары мен уақытын таңдайды)
Барлық мәліметтер өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады
ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР (өтініш берушілер ұялы телефон нөмірлерін, халықаралық сертификаттар бойынша деректерді (бар болса), мүгедектігі туралы деректерді (бар болса) толтырады)
7
ТӨЛЕМ, тестілеу құны - 5640 теңге (өзгеруі мүмкін) (төлем 1 сағаттың ішінде жасалуы тиіс)
Ескерту: мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) мүгедектікті белгілеу туралы құжаты бар болған жағдайда құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына жүктейді
Тестіленушінің назарына:
* тіркелуден алдын Ереже және нұсқаулықпен танысу;
* өтініш берген соң логин және құпия сөзді сақтап алу
�ҰБТ-ның форматы - 2022�
15
20
35
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
- ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
- ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
- 1-ШІ БЕЙІНДІК
ПӘН
- 2-ШІ БЕЙІНДІК
ПӘН
БАРЛЫҒЫ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР
120
БАЛЛ
140
�Тестілеу тапсырмаларының нысаны�
Пәндер | Тапсырмалар | Тапсырмалар нысаны |
Қазақстан тарихы | 1 - 10 | ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау |
11 - 15 | ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау (контекс негізінде) | |
Математикалық сауаттылық Оқу сауаттылығы | Барлық тапсырмалар | ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау |
Әр бейіндік пән (2 пән) | с 1 по 20 | ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау |
с 21 по 25 | ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау (контекс негізінде) | |
с 26 по 35 | Ұсынылған көп жауаптан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау |
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
Контексті тапсырмалар
Контекст – бұл проблемалық жағдаяттағы сұрақтың (тапсырманың) шешімдеріне сілтеме жасалатын тақырып аясы.
Контекст тұтас және тұтас емес мәтін түрінде (сурет, график, кесте, диаграмма, инфографика және т.б.) түрінде болуы мүмкін.
Контекст негізіндегі тапсырмалар пән бойынша терең білімді (меңгерудің жоғары деңгейі), контекстті оқу мен түсіну, контекст мазмұны бойынша рефлексия жасау, салыстыру мен талдау және т.б. кең көлемдегі дағдылар мен біліктерді бағалайды.
ҒҰНДАР
Аммиан Марцеллин ғұндар туралы
Ғұндар күндіз түні аттан түспейді, сауда-саттығын да ат үстінде жүріп жасайды. Олар елеулі істер жайында кеңесуіне тура келгенде, олар мәслихатты да ат үстінде отырып жүргізеді. Ғұндар киіз үйлермен көшіп, өмірін сонда өткізеді.
Прииск ғұндар туралы
«Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр». «олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді».
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Б.з.д. I мыңжылдықтың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады.
Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі – ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер – шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғұндарды алғаш рет атайды.
1. Ғұндар туралы деректер кездеседі
А) Грек тарихшыларының мәліметтерінде
В) Рим тарихшыларының жазбаларында
С) Көне үнді жазбаларында
D) Орыс жылнамаларында
Е) Көне парсы деректерінде
2. Ғұндар бірлестігі құрылған аймақ
A) Алтайдан Тынық мұхитына дейін
B) Тибеттен Қытайға дейін
C) Мауереннахрдан Парсы шығынағына дейін
D) Каспийден Қара теңізге дейін
E) Қашғардан Кіші Азияға дейін
3. Прииск пен А.Марцеллиннің деректеріндегі айырмашылық:
А) Діни нанымдарына байланысты деректер беріледі
В) Орналасу аумағына байланысты мәліметтер келтіреді
С) Әскери өнеріне байланысты жетістіктерді анықтайды
D) Тұрмыс-тіршілігіне байланысты екі түрлі деректер беріледі
Е) Қоғамдық құрылысына байланысты екі түрлі мәліметтер айқындалады
4. Ғұндар жорығының тарихи маңызы
А) Еуропаны Рим үстемдігінен құтқаруға әсер етті
В) Мал шаруашылығының таралуына ықпал етті
С) Құлдық қоғамның орнауына әсер етті
D) Кресшілердің Азияға жорығын тоқтатты
Е) Ислам дінінің Батысқа таралуына ықпал етті
5. Мәтін бойынша дұрыс дәйектерді анықтаңыз
I. Ғұндар империясы Манчжуриядан Босфорға дейін үстемдік етті
II. Орталық Азияны жаулап алғаннан кейін Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды
III. Ғұндармен юэчжилер арасындағы соғыс ұзаққа созылды
IV. Б.з. IV ғасырда ғұндар Орталық Қазақстанда Юэбань мемлекетін құрды
V. Ғұндар жорығы өзге тайпалардың қозғалысына әсер етті
VI. Ғұндардың жеңу себептері әскери-техникалық басымдылығына байланысты
А) III,V,VI
В) V,II, III
С) III,IV,I
D) I,II,IV
Е) I,IV,V
Қазақстан тарихы бойынша контекст негізіндегі тест тапсырмаларының үлгісі
Тестілеудің уақыты мен үзілістер
| ҰБТ форматы | Тестілеу уақыты | Үзілістер |
1 | 5 пән/ Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән | 240 минут |
|
2 | 2 пән/ Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы (шығармашылық) | 70 минут | үзіліссіз |
3 | 4 пән (IELTS және басқа да халықаралық сертификаттар) | 240 минут |
|
4 | 2 пән (жалпы кәсіптік және арнайы пән) | 120 минут | 60 минуттан кейін (1 сағат) – 2 мин. |
5 | 1 пән/ арнайы пән (шығармашылық) | 80 минут | үзіліссіз |
6 | 1 пән/ жалпы кәсіптік пән (IELTS және басқа да халықаралық сертификаттар) | 120 минут | 60 минуттан кейін (1 сағат) – 2 мин. |
7 | 2 бейіндік пән | 130 минут | 60 минуттан кейін (1 сағат) – 2 мин. |
8 | 1 бейіндік пән (IELTS және басқа да халықаралық сертификаттар) | 130 минут | 60 минуттан кейін (1 сағат) – 2 мин. |
Ескерту: 1) Мүгедек балалар мен мүгедектер үшін (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі;
2) Мазмұны бойынша апелляцияға 30 минут беріледі.
Тестілеуге кіргізу
биометрик Face ID
Өзімен бірге болуы тиіс:
- жеке басын куәландыратын құжат
- 16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тестіленушілер білім беру ұйымының бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған білім беру ұйымынан анықтама және туу туралы куәлік болуы тиіс.
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Тестілеуге алып өтуге тыйым салынған заттар:
НОУТБУКТЕР, ПЛЕЙЕРЛЕР, МОДЕМДЕР (МОБИЛЬДІ РОУТЕРЛЕР)
РАДИО-ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРЛЕРІ (WI-FI, BLUETOOTH, DECT, 3G, 4G, 5G)
СЫМДЫ ЖӘНЕ СЫМСЫЗ ҚҰЛАҚҚАПТАР МЕН Т.Б.
ШПАРГАЛКАЛАР, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР, МЕНДЕЛЕЕВ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ТҰЗДАРДЫҢ ЕРІГІШТІГІ КЕСТЕСІ
КАЛЬКУЛЯТОРЛАР
(Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі)
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН (ПЕЙДЖЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР, ПЛАНШЕТТЕР)
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
Түсушіге рұқсат етілмейді:
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
Республика бойынша жоспарланған АТО-лар саны - 43
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ҚАТАҢ САҚТАУ
ҰБТ ӨТКІЗУ ПУНКТІНІҢ АУМАҒЫНДА АТА-АНАЛАРДЫҢ, МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АДАМДАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ
1m
ҰБТ-ДА КІРГІЗУ 1 МЕТР ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП, КЕЗЕК БОЙЫНША БАРРИКАДАЛЫҚ ЛЕНТАЛАР АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ТЕСТІЛЕНУШІЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚ КЕМІНДЕ 1 МЕТР
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
АЯҚ КИІМДІ АРНАЙЫ КІЛЕММЕН ӨҢДЕУ
ҚОЛДЫ
САНИТАЙЗЕРМЕН ӨҢДЕУ
4 КЕЗЕҢДІ
ДЕЗИНФЕКЦИЯ
ДЕНЕ ҚЫЗУЫН
ӨЛШЕУ
МАСКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІН АЗАЙТУ
ШАРАЛАРЫ
1m
ТЕСТІЛЕНУШІЛЕРДІ КІРГІЗУ ЖӘНЕ ОТЫРҒЫЗУ КЕЗІНДЕ АРАСЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚ КЕМІНДЕ 1 МЕТР
БОЛУ КЕРЕК.
ӘР ТЕСТІЛЕНУШІНІҢ ОРНЫ ЖЕКЕ ОРГШЫНЫМЕН ҚОРШАЛҒАН
ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ТЕГІН ОНЛАЙН-САБАҚТАР
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
Дайындау бағытының атауы және нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В001 | Педагогика және психология | Биология | География |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Биология | География |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | Биология | География |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау | Дүниежүзі тарихы | География |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | Математика | Физика |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | Физика | Математика |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау | Математика | Физика |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау | Химия | Биология |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау | Биология | Химия |
В014 | География мұғалімдерін даярлау | География | Дүниежүзі тарихы |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | Дүниежүзі тарихы | География |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Қазақ тілі | Қазақ әдебиеті |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Орыс тілі | Орыс әдебиеті |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
В019 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау | Биология | География |
В020 | Арнайы педагогика | Биология | География |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген ББТ топтарының тізбесі
Дайындау бағытының атауы және нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В021 | Орындаушылық өнер | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В022 | Музыкатану | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В023 | Режиссура, арт-менеджмент | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В024 | Өнертану | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В025 | Дирижирлеу | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В026 | Композиция | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В027 | Театр өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В028 | Хореография | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В029 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В030 | Бейнелеу өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В031 | Сән, дизайн | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В032 | Философия және этика | Дүниежүзі тарихы | География |
В033 | Дінтану және теология | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В034 | Тарих және археология | Дүниежүзі тарихы | География |
В035 | Түркітану және шығыстану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В036 | Аударма ісі | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
В037 | Филология | Қазақ/Орыс тілі | Қазақ/Орыс әдебиеті |
В038 | Әлеуметтану | Математика | География |
В039 | Мәдениеттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В040 | Саясаттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген ББТ топтарының тізбесі
Дайындау бағытының атауы және нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В140 | Халықаралық қатынастар және дипломатия | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В041 | Психология | Биология | География |
В042 | Журналистика және репортер ісі | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В043 | Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі | Қазақ/Орыс тілі | Қазақ/Орыс әдебиеті |
В044 | Менеджмент және басқару | Математика | География |
В045 | Аудит және салық салу | Математика | География |
В046 | Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | Математика | География |
В047 | Маркетинг және жарнама | Математика | География |
В048 | Еңбек дағдылары | Математика | География |
В049 | Құқық | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |
В050 | Биологиялық және сабақтас ғылымдар | Биология | Химия |
В051 | Қоршаған орта | Биология | География |
В052 | Жер туралы ғылым | Математика | География |
В053 | Химия | Химия | Биология |
В054 | Физика | Физика | Математика |
В055 | Математика және статистика | Математика | Физика |
В056 | Механика | Математика | Физика |
В057 | Ақпараттық технологиялар | Математика | Физика |
В058 | Ақпараттық қауіпсіздік | Математика | Физика |
В059 | Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | Математика | Физика |
В060 | Химиялық инженерия және процестер | Химия | Физика |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген ББТ топтарының тізбесі
Дайындау бағытының атауы және нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В061 | Материалтану және технологиялар | Математика | Физика |
В062 | Электр техникасы және энергетика | Математика | Физика |
В063 | Электр техникасы және автоматтандыру | Математика | Физика |
В064 | Механика және металл өңдеу | Математика | Физика |
В065 | Автокөлік құралдары | Математика | Физика |
В165 | Магистральды желілер және инфрақұрылым | Математика | Физика |
В066 | Теңіз көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В166 | Көліктік имараттар | Математика | Физика |
В067 | Әуе көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В167 | Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану | Математика | Физика |
В068 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | Биология | Химия |
В069 | Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) | Математика | Физика |
В070 | Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары | Математика | Физика |
В071 | Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Математика | Физика |
В072 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | Химия | Биология |
В073 | Сәулет | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В074 | Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика | Физика |
В075 | Кадастр және жерге орналастыру | Математика | География |
В076 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) | Математика | Физика |
В077 | Өсімдік шаруашылығы | Биология | Химия |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген ББТ топтарының тізбесі
Дайындау бағытының атауы және нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В078 | Мал шаруашылығы | Биология | Химия |
В079 | Орман шаруашылығы | Биология | География |
В080 | Балық шаруашылығы | Биология | Химия |
В081 | Жерге орналастыру | Математика | Физика |
В183 | Агроинженерия | Математика | Физика |
В082 | Су ресурстары және суды пайдалану | Математика | Физика |
В083 | Ветеринария | Биология | Химия |
В084 | Мейіргер ісі | Биология | Химия |
В085 | Фармация | Биология | Химия |
В086 | Жалпы медицина | Биология | Химия |
В087 | Стоматология | Биология | Химия |
В088 | Педиатрия | Биология | Химия |
В089 | Қоғамдық денсаулық сақтау | Биология | Химия |
В090 | Әлеуметтік жұмыс | Биология | География |
В091 | Туризм | География | Шетел тілі |
В092 | Тынығу | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В093 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі | География | Шетел тілі |
В094 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | Математика | Физика |
В095 | Көлік қызметтері | Математика | География |
В096 | Құқық қорғау қызметі | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |
В097 | Өрт қауіпсіздігі | Математика | Физика |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген ББТ топтарының тізбесі
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
ҰБТ сұрақтары бойынша интернет-ресурстар
http://testcenter.kz/
https://www.facebook.com/testcenterkz/
https://www.instagram.com/testcenterkz/
https://vk.com/testcenterkz
www.youtube.com/channel/UCzmZObVJTezesGyIEKw6h-Q�