Сабақтың тақырыбы:
«§5. Жерді қашықтықтан бақылау әдістері. »
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Сұрақ: Жерді қашықтықтан бақылау
мәні және дамуы?
Жауап: Қашықтықтан бақылау – географиялық нысандар, құбылыстар мен үдерістер туралы ақпараттарды арнайы құралдардың көмегімен алыс қашықтықтан алу. Ондай құралдардың қатарына фото және телекамералар, радиолокаторлар (радарлар), лазерлік локаторлар (лидарлар) жатады. Бақылау ұшақтардан, ұшқышсыз басқарылатын әуе шарларынан, тікұшақтар мен суасты кемелерінен жүргізіледі. ЖҚБ жүйесіне жердің жасанды серіктерінің аппараттары мен ғарыш кемелері, ұшқышсыз ресурстық орбиталық стансалардың көмегімен ғарыштан ақпарат жинау ерекше орын алады. Бұл параграф осы ғарыштық бақылауға арналған.
Сұрақ: Жерді қашықтықтан бақылау
әдістері?
Жауап: Жерді ғарыштан бақылау тәсілдері нысандардың шағылысқан радиация ағынына негізделген. Радиациялық ағындар электромагниттік толқындар түрінде таралады. Электромагниттік ағындар – энергияның бір формасы. Ең жиі таралғаны – жарық түрінде. Содан соң біз ести алатын дыбыс, теледидарлар және радиолокаторлар қабылдайтын радиотолқындар, рентген және т.б. Электромагниттік толқындар жарық жылдамдығымен таралады, яғни 300 мың км/сек жылдамдықпен қозғалады.
Сұрақ: Жерді қашықтықтан түсірудің
белсенді және белсенді емес әдістеріне.?
Жауап: Жерді қашықтықтан түсірудің белсенді емес әдістеріне суретке түсіру, сканерлік және ЖҚБ-ның белсенді емес жылулық түсірулер жатады.Суретке түсіруде ақ-қара және түрлі түсті суреттер алынады. Кәдімгі фотоаппараттардан өзгеше орбиталық фотокамералар бір уақытта бірнеше түсірілімдер: көрінетін диапазонның қызыл, жасыл және көк зоналарында және екі-үш инфрақызыл зоналардың жасаң ала-ды. Осындай түрдегі бейнелер Жерге жіберіледі. Серіктік мәліметтері өңдеу орталықтарында олар әртүрлі комбинацияларда біріктіріледі (синтезделеді). Фотосуреттер шынайы (табиғи) түстегі (16б-сурет) немесе жалған түстегі (16в-сурет) түсірілімдер алынады. Бейнелерді осылай құбылту арқылы «табиғи» түсірілімде кездеспейтін ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Қорытынды сұрақ: сипаттама береміз
белсенді және белсенді емес әдістер
әдістері
мәні және дамуы
КЕРІ БАЙЛАНЫС