1 of 17

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

В.Қаржы құқығы

Қуаналиева Гульдан Амангельдиевна

Заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

2 of 17

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

В.Қаржы және мемлекеттің қаржылық қызметі

3 of 17

Жоспар

  1. 1.Қаржының түсінігі, сипаттамасы.
  2. 2. Мемлекеттің қаржылық қызметінің түсінігі, түрлері, әдістері, бағыты мен құқықтық нысаны.
  3. 3. Қаржы жүйесі оның құрамы

4 of 17

Қаржының түсінігі, сипаттамасы.

  • Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.

5 of 17

  • Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “finis”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде “finatio”, “financio” деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар «financе», яғни «финанс» деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.

6 of 17

  • Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат. Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады.

7 of 17

  • - Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше.
  • - Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекеттік бюджет пен бюджеттік тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады.

8 of 17

Мемлекеттің қаржылық қызметі

  1. Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында бөлінеді.Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.�

9 of 17

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Сол немесе өзге функциялардың мазмұны, рөліне және іс - қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару / атқарушы - өкімші қызмет / түрінде жүзеге асыралады.Мемлекеттің биліктің жоғары органы-Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы-маслихаттар.Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы - өкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.

10 of 17

Мемлекет өз қаржы қызметін:

  • - қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына
  • - мемлекет кірістерінің көздеріне
  • - ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына
  • - мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі

11 of 17

  • Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:
  • 1. Орталықтандырылған мемлекетті қорларға ”мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары / әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады /.Ерікті негіздерді жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекттік қарыздар, ақшалай – заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар – депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.
  • 2. Мемлекеттің ақша қаражаттары бөлген кезде мына әдістерді ажыратады” қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру / несиелендіру / - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

12 of 17

  • 3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма – қол ақшасыз және қолма – қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорондармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.

  • Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді.

  • Қаржылық қызметі келесі әдістермен жүзеге асады:

  • 1. Мемлекеттің ақшалай қорларды қалыптастыру
  • 2. Ақшалай қорларды бөлу
  • 3. Ақшалай қорлардың пайдаланылуын ұйымдастыру.

13 of 17

  • Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады.
  • Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

14 of 17

  • Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары :

  • 1. мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру
  • 2. мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу
  • 3. мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру,
  • 4. мемлекеттің қаржылық ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру,
  • 5. мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу,
  • 6. айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару,
  • 7. қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып саналады.

15 of 17

  • Мемлекеттің қаржылық қызметінің бюджеттік қызмет, валюталық - қаржылық қызмет, қаржылық – банктік қызмет, кредиттік қызмет, қаржылық – сақтандыру қызметі, қаржылық – шаруашылық қызметі, салықтық қызмет, мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.

16 of 17

Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп қаржылық қызметтің жалпы және

арнаулы мәселелері бойынша өз құзыреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған

нормативтік қаржылық – құқықтық актілерді айтамыз.

17 of 17

Әдебиеттер:

  • 1.Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
  • 2.Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
  • 3.Худяков А.И. Финансовое право РК Общая часть. Алматы, Баспа, 2001
  • 4.Найманбаев С.М. Финансовое Право Общая и особенная части Алматы, Данекер, 2004