1 of 15

Астана қаласы�«Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ �

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жалелов Дәулет Серікұлы

2 of 15

Бөлім: Балалар мен үлкендер

Тақырып:

Көксерек пен Аққасқаның айқасы

Оқу мақсаты:

7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру;

7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.

Сабақ мақсаты:

  • шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;

  • шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.

Бағалау критерийі:

- шығармадағы эпизодтарды талдайды;

- эпизодтағы бейнелерді салыстырады;

- шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Қазақ әдебиеті

7 - сынып

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы ескерілді (дарынды оқушы).

3 of 15

Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар.�Халық даналығы

Ой шақыру

4 of 15

Білгенге маржан

  • Қасқырлар жұп болып өмір сүреді.
  • Қасқырдың үйірін абадан басқарады.
  • Қасқырды – арлан, көкжал, бөрі деп те атайды.
  • Қасқыр шамамен 50 килограмм болады.
  • Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді.
  • Олардың иіс сезу қабілеті адамнан 1000 есе күшті.

  • Ит – қасқырдың тікелей ұрпағы. Айырмашылығы ертеден бастап қолға үйретілген.
  • Жаңа туған күшік соқыр және саңырау болады.
  • Иттің 703 тұқымы бар.
  • Иттің тазы және төбет тұқымдары кең тарап, аңшылардың жанынан табылған.
  • Ғалымдардың айтуынша иттер де біз сияқты түс көреді.

5 of 15

Дәлме – дәл ойыны

6 of 15

1-тапсырма. Фильмдегі эпизодты үзіндімен салыстырып, түсінік беріңіз.

Аққасқа өзінен бұрын тұрып, күрілдеп ырғып келе жатқан көкжалды көрді. Бұ да қарсы тап берді. Сол уақытта құлақ - шекесінен тиіп қалған қышқаштай қатты темір ауыз жұлқып кеп жібергенде, ой жаққа қарай ытқып барып түсті.

Жұптық жұмыс

7 of 15

Түсінік

Фильмде Құрмаштың жасындағы бір топ балалар Көксерек пен ауылдың мықты төбетінің арасындағы төбелесті қызыға тамашалайды. Айтаққа елірген Көксерек пен төбет бір бірін аямайды. Ал үзіндіде жан алып, жан беріскен Аққасқаның сол кездегі сәті баяндалады. Түз тағысымен арпалысқа түсудің өзі Аққасқаға оңайға түспейді. Эпизод пен үзіндідегі басты байланыс қасқыр мен иттің арасындағы тайталас.

Жауап үлгісі:

8 of 15

2-тапсырма. Көксерек пен Аққасқаның бейнесін салыстырып, шығармадан мысал келтіріңіз..

Көксерек

Аққасқа

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Шығармадан мысал

ҚБ: Шеңбер бойымен бағалау

Топтық жұмыс

9 of 15

Жауап үлгісі:

Көксерек

Аққасқа

Айырмашылығы

Көксерек – дербестікті, бостандықты қалайтын түз тағысы. Ол – үйір ішінде темір тәртіпті орнататын басшылыққа ие. Адамға қиянат жасап, ауыл тыныштығының берекесін алады.

Аққасқа – қолға үйретілген төбет. Қасқырға қарсылық көрсете алатын күшке ие.

Ұқсастығы

Екеуі де – қайсар, батыл жануар. Кез келген айқастың соңына дейін барады. Әлсіздікке емес көзсіз батырлыққа құмар.

10 of 15

Көксерек

Аққасқа

Шығармадан мысал

...Осыдан соң Көксерек қатты долы, ызалы болып, сызданып алды. Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ере алмаған қартаң қасқырларды кейде бас салып талап та тастайды.

Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Сондықтан ауылға келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне салғанша, жә, қарасын көрсеткенше ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе жолда кез келген иттерге де соқтыға береді. ��

Жауап үлгісі:

11 of 15

«ДыбысStar» ойыны арқылы «Көксерек» мультфильмінен берілген эпизодқа дубляж жасау

СЕРГІТУ СӘТІ

12 of 15

ОЙМАҚТАЙ ОЙ

Үзіндідегі оқиға желісін (өлең, диалог, монолог) өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз.

...Аққасқаның жұлып кеткен екпінімен етпетінен түсіп қалған Көксерек енді атып тұрып...

ДЕСКРИПТОР:

  • оқиғаны дамытып жазады;
  • оқиға желісін сақтайды;
  • өзіндік көзқарасын білдіреді;
  • жанрлық ерекшелігін сақтайды;
  • көркемдегіш құралдарды қолданады.

ҚБ: дескрипторға сүйеніп бірін-бірі бағалайды

Жеке жұмыс

13 of 15

«Бір ауыз сөз» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Оқушы қысқа-нұсқа мақал-мәтел немесе өлең шумағы арқылы сабақты қорытындылап түйінді ой айтады.

14 of 15

КЕРІ БАЙЛАНЫС

15 of 15

Қосымша тапсырма

Фильмнен өздерің ұнатқан эпизодты суретке түсіру