Сабақтың тақырыбы:
§9. Қазақстанның басты орографиялық нысандар платформалық жазықтар
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Жазықтар мен тауларды биіктігіне қарай қалай ажыратады?
Сұрақ: Қазақстанның негізгі
орографиялық нысандары?
Жауап: Орография (грек. oros – тау, grapho – жазамын) – жер бедерінің ірі формаларының, олардың географиялық жағдайының аумағы мен абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерінің, беткі жағдайының сипаттамасы. Жер бедері (рельеф) – жер бетіндегі барлық тегіс емес беткі формаларының жиынтығы. Адам бұл жер бедері түрлерімен күн сайын кездесіп отырады. Шаруашылыққа байланысты адам оларды тегістеп, өңдеп, жаңа рельеф формаларын қалыптастырады..
Сұрақ: Рельеф формалары өз
көлемдерімен ерекшеленеді ?
Жауап: Олардың көлеміне байланысты табиғатқа, адамдардың шаруашылық қызметіне түрліше әсер етеді. Сонымен қатар әртүрлі көлемдегі рельеф формалары бір-бірімен байланысты: біршама кіші формалары, ірілермен жансаққан.
Сұрақ: Жер бедерінің формалары,
Жер бедерінің формалары, олардың пайда болуы мен өзгеруін геоморфология ғылымы зерттейді (грек. гео – жер, морфе – пішін, логос – ілім). Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктері аумақтың тектоникалық құрылымымен байланысты. Сендер еліміздің аумағында үш тектоникалық құрылым бөліктері – ежелгі және жас платформалар, қайта көтерілген таулы белдеулердің бар екенін білесіңдер. Қазақстан және Қытай мен Қырғызстанның түйіскен жерінде еліміздің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңы орналасқан (6995 м). Қазақстанның, оңтүстік-батысының жер бедерінің ең төмен нүктесі Қарақия ойысы болып табылады (–132 м).
Сұрақ: Қазақстанның жер бедерінің
ірі формалары
Біріншісі – Сонымен, біздің еліміздің жер бедерінің мынадай ерекшеліктері бар:Біріншіден, онда әртүрлі биіктік сатылары бар.Екіншіден, аумағы бойынша жазықтар таулардан едәуір басым келеді.Үшіншіден, еліміздің жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай еңіс болып келеді.Төртіншіден, жер бедерінің маңызды элементтері – ірі тауралық ойыстар: Балқаш-Алакөл, Жайсан, Іле ойысы.2. Қазақстанның платформалық жазықтары. Жазықтар биіктігі мен пайда болу жағдайларына қарай ерекшеленеді.---
Қорытынды сұрақ: сипаттама береміз
КЕРІ БАЙЛАНЫС