1 of 12

Академиялық адалдық саясаты

2 of 12

Академиялық адалдықтың қағидаттары

1) академиялық жұмыста адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету;

2) жоғары әдеп құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған академиялық адалдықтың әділетті және объективті қағидаларын бекіту;

3) басқа білім беру ұйымдарының верификацияланатын транскриптері негізінде білім алушының кредиттерін қайта есептеудің нақты тетігін және рәсімін анықтау жолымен білім алушының жүйелі және үздіксіз оқу траекториясын қамтамасыз ету;

3 of 12

4) академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін оқытушы ретінде білім алушыға құрмет көрсету;

5) академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау үшін білім беру процесінің қатысушыларын көтермелеу және ынталандыру;

6) оқытушының пәннің нақты саясатын, білім алушыдан күтілетін талаптарды анықтауы;

4 of 12

7) оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нақты параметрлері саясатын анықтауы;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін шаралар қабылдау;

9) білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық ұждансыздыққа жолбермейтін академиялық ортаны жасау.

5 of 12

Академиялық адалдықты бұзу түрлері

Плагиат - басқа дерек көздерінен алынған материалды авторлық құптаусыз немесе дереккөздерді көрсетпей жартылай немесе толық иемдену

6 of 12

Плагиат әр түрлі формада көрінуі мүмкін;

-дәйексөзде сәйкес пунктуацияларды (тырнақшалар) қолданбау немесе дерек көздерін көрсетпеу;

-ақпарат көздерін көрсетпестен ақпаратты өзгертіп жазу;

-басқа біреудің идеясын немесе аргументін авторға сілтеме жасамастан қолдану;

-толық немесе жартылай басқа білім алушының орындаған жазбаша жұмысын ұсыну;

-интернеттен алынған курстық немесе дипломдық жұмысты, магистрлік диссертацияны (жобаны), докторлық диссертацияны ұсыну;

-басқа курс үшін тапсырма ретінде орындалған курстық жұмысты ұсыну.

7 of 12

Сыбайласу - кез келген бағаланатын жұмысты өзге білім алушылар үшін орындау;

Алдау:

- бағаланатын жұмысты басқа білім алушылардан көшіріп алу;

  • бағаланып кеткен жұмысты қайталап көрсету, өткізу;

  • уақытында орындамаған бағаланатын жұмыс үшін жалған ақталу;

  • топтық жұмыс қарастырылмағанда бағаланатын жұмысты екі немесе одан да көп білім алушылардың орындауы;

  • басқа білім алушыларға саналы түрде көмек көрсету, өзінің бағаланатын жұмысынан оған көшіріп алуға мүмкіндік беру;

- басқалардың бағаланатын жұмысын өзінің меншігі ретінде көрсету;

8 of 12

Бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу:

  • бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде жауаптарды беру;

  • бағаланатын жұмыстардың жауаптарын өткізілетін мерзімінен бұрын білім алушы, оқытушы немесе оқытушыға теңестірілген тұлғаның көмегі арқылы алу;

  • бағаланатын жұмыстарды өзінің жұмысы ретінде көрсету үшін оларды сатып алу немесе өзге жолдармен қол жеткізу;

- бағаланатын жұмыстарды дайын күйінде сату немесе сатып алуға көмектесу;

9 of 12

Ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану:

  • қағаз, электронды, цифрлы тасмалдағыштардағы ақпаратты, техникалық құрылғыларды бақылау жұмыстарын, тестілеуді орындау кезінде пайдалану;

  • бағаланатын жұмысқа қатысты кез келген жауаптарды электронды пошта, компьютер және т.б. жолмен көшіру;

- бағаланатын жұмыстарға қатысты материалдарды профессор-оқытушылардың кабинеттерінен немесе компьютерлерінен қағаз не электронды тасымалдаушы құралдар көмегімен алып кету.

10 of 12

Академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтың тізімі осымен шектелмейді,қажеттілікке қарай толықтырылып отырады.

11 of 12

Жауапкершілік

Білім беру процесіне қатысушылар акдемиялық адалдық қағидаттары­ның бұзылуына моральды жауап беретіндіктерін есте сақтауға міндетті.

Плагиат, магистрлік диссертацияны (жобаны), докторлық диссертацияны, дипломдық жұмыс пен курстық жұмысты сатып алу және сату қауымдастыққа қатысты академиялық адалдық қағидаттарын елеулі бұзушылық ретінде қабылданады және бөтендердің материалдарын пайдаланғандығы үшін шара қолданылады.

12 of 12

Оқытушылар білім алушылардың жұмыстары плагиатқа веб-жүйелер көмегімен тексеруден өтетіндігі туралы оларды хабардар етуге кепілдік береді.

Кітапханашылар білім алушылар мен оқытушыларды жұмыстарда қолданылатын ресурстарға, библиографияларға, кітаптар көрсетілген сілтемелерге, журналдарға және Интернет-сайттарға қатысты келісімдермен қамтамасыз етеді.