1 of 10

Сабақтың тақырыбы:

§25 . Солтүстік жартышар материктерінің табиғат зоналары

Бүгінгі сабақта:

- әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерді салыстыруды үйренесіңдер

2 of 10

Қысқаша түсіндірме сабақ :

  • Еуразияның табиғат зоналары Солтүстік жарты шарда орналасқандықтан, материктің көп бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта, яғни батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
  • Кейбір аймақтарда табиғат зоналарының орналасуы ылғалдың түсу мөлшеріне және тау жоталарының орналасу ерекшелігіне байланысты өзгеріп, батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.
  • Еуразияның арктикалық белдеуінің қиыр солтүстігіндегі аралдарда арктикалық шөл, тундра және орманды тундра зоналары орналасқан. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғып тұрады.
  • Сондықтан өсімдіктер көбіне жерге төселіп өсіп, жастық тәрізді пішінге ие болады. Тундрада ең көп тараған өсімдік — мүк пен қына, олар солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады.
  • Оңтүстікке қарай қозғалған сайын желдің әсері азайып, жылынуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады.
  • Жаз айларында мұнда бұлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен сан алуан құстарды кездестіруге болады.
  • Қазіргі кезде мұнай мен газ кен орындарының ашылуына байланысты адамның табиғатқа әсері күшейіп, экологиялық жағдайға қауіп төндіруде.

3 of 10

Сұрақ : Еуразия мен Солтүстік Америка материктеріне тән қандай ортақ табиғат зоналары бар

4 of 10

Жауап : Бұл екі материк те Солтүстік жарты шарда орналасқандықтан, олардың табиғат зоналарының таралу заңдылықтары ұқсас келеді. Сондықтан екеуіне де тән ортақ зоналар бар:�Арктикалық шөл зонасы�– Солтүстік мұзды мұхит жағалауларында орналасқан.�– Өсімдіктері өте сирек (мүктер, қыналар).�Тундра зонасы�– Климат суық, өсімдіктері мүк пен қына, бұталар.�– Солтүстік Еуропа, Сібір, Аляска мен Канаданың солтүстігінде кездеседі.�Орманды тундра зонасы�– Тундра мен орман аралығындағы өтпелі зона.�– Екі материктің де субарктикалық белдеуінде бар.�Қылқан жапырақты орман (тайга) зонасы�– Негізінен шырша, самырсын, қарағай, балқарағай өседі.�– Еуразияда — Сібірде, Солтүстік Америкада — Канадада таралған.�Аралас және жалпақ жапырақты орман зонасы�– Екі материктің қоңыржай белдеуінде кездеседі.�Дала және шөлейт зоналары�– Еуразияның ішкі бөлігі мен Солтүстік Американың орталық жазықтарында (прерийде) таралған.����

5 of 10

��Сұрақ : Солтүстік Америкада табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерешелігі қандай ?�

6 of 10

Жауап : Солтүстігінде табиғат зоналары Еуразия материгіне ұқсас, батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта орналасқан. Ал материктің орталығы мен оңтүстігіде табиғат зоналары меридиан бағытта жақын болады.

7 of 10

Сұрақ : Солтүстік жарты шар материктеріне ортақ табиғат зонасы қайсысы?

8 of 10

Жауап : Солтүстік жарты шар материктеріне ортақ табиғат зонасы — тундра болып табылады. Тундра зонасы Солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде орналасқандықтан, бұл белдеулер Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстігін бірдей қамтиды.

9 of 10

Қорытынды сұрақ:

  • Еуразиялық дала зонасы мен солтүстік америкалық прерий зонасының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар ?

  • Солтүстік Америка жерінде Еуразиямен салыстырғанда шөлейттер мен шөлді аймақтардың үлесі не себепті аз ?

  • Еуразияның қоңыржай белдеуге тән зоналарын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тап.

10 of 10

КЕРІ БАЙЛАНЫС

  • Бағдарлама бойынша пайдалы немесе қызықты деп санайтын нақты тұстарын көрсетіңіз

  • Пожалуйста, укажите конкретные моменты, которые вы считаете наиболее полезными или интересными
  • Семинарды жақсарту бойынша ұсыныс немесе идея

  • Предложите конкретные идеи или рекомендации по улучшению семинара
  • Бағдарламаны енгізуден білім алушылардың білім беру процесі мен тәрбиесіне қандай оң әсер күтесіз?

  • Какое положительное влияние вы ожидаете от внедрения программы на образовательный процесс и воспитание обучающихся
  • Семинардан алған білім немесе дағдыларды жазыңыз және оны өз қызметіңізде қалай қолданасыз?

  • Опишите конкретные знания или умения, которые вы получили, и как вы планируете их использовать в своей работе