Сабақтың тақырыбы:
§24 Гидросфера қалай құрылған???
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Сұрақ: Гидросфераның Жер ғаламшары мен адам үшін маңызы қандай. ?
Жауап: Гидросфераның құрамдас бөліктері. Біздің ғаламшарымыз бірегейлігі - онда судың болуы. Су жердегі ең кең таралған заттардың бірі, ол сұйық, газ тектес жоне қатты күйде кездеседі. Сондықтан жердің су қабықшасын гидросфера деп атайды
Сұрақ: Гидросфераның құрамдас бөліктері. ?
Жауап:
Гидросфера — Жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Су тірі ағзалардың өмір сүруі, климаттың қалыптасуы және жер бедерінің өзгеруі үшін өте маңызды.
Су — табиғаттағы ең белсенді заттардың бірі, ол үздіксіз айналымда болады: булану → бұлт түзілу → жауын-шашын → жерге сіңу → қайтадан өзендер мен теңіздерге құйылу.
Бұл процесс су айналымы (гидрологиялық айналым) деп аталады.
Гидросфераның құрамына кіреді:
Мұхиттар мен теңіздер – Жер бетіндегі судың шамамен 97% осы бөлікте;
Мұздықтар мен қарлар – шамамен 2%;
Өзендер, көлдер, батпақтар – шамамен 0,02%;
Жер асты сулары – шамамен 0,98%;
Атмосферадағы су буы – шамамен 0,001%.
Дүниежүзілік су айналымы Жер бетіндегі судың жалпы көлемі — 1386 млн км³. Оның басым бөлігі — 96,5%-ы Дүниежүзілік мұхитта тұзды су түрінде болады.
Ал қалған бөлігі құрлықта — мұздықтарда, өзен-көлдерде, жер асты сулары мен атмосферада кездеседі.
Күннің жылуынан мұхиттан су буланып, бұлтқа айналады.
Бұлттар желмен құрлыққа көшіп, жаңбыр не қар болып жерге түседі. Ол су қайтадан өзен, көл арқылы мұхитқа ағады.
Осы үдеріс Дүниежүзілік су айналымы деп аталады.
Судың бұл айналымы мынадай тізбекпен жүреді: Мұхит → атмосфера → құрлық → өзендер → мұхит.
Құрлық сулары дегеніміз не?
Құрлық сулары — бұл жердің бетінде орналасқан барлық табиғи су көздері. Олар жаңбыр мен қар суларының, мұздықтардың еруінен және жер асты суларының жер бетіне шығуынан түзіледі.
Құрлық суларына мыналар жатады:
Өзендер – судың табиғи арнамен ағуы (мысалы, Ертіс, Есіл, Сырдария).
Көлдер – жер бетіндегі су жиналған тұйық ойыс (мысалы, Балқаш, Алакөл).
Батпақтар – ылғалы мол, өсімдік қалдықтары жиналған ылғал жерлер.
Мұздықтар мен қар жамылғылары – су қатты күйінде болатын аймақтар (мысалы, Тянь-Шань, Алтай тауларындағы мұздықтар).
Жасанды су қоймалары – адамдар салған бөгеттер мен су сақтау орындары (мысалы, Бөген, Қапшағай су қоймалары).
Қорытынды сұрақ: сипаттама береміз
КЕРІ БАЙЛАНЫС