Сабақтың тақырыбы: "Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс"
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды саптық пәрмендерді тура орындауға үйрету;
Оқушыларды орнында бұрылу тәсілдерімен, саптық және жорықтық адымның ерекшеліктерімен таныстыу;
Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Бисенғалиев Ертуган Сериккалиевич,
БҚО, Теректі ауданы, «Ақжайық ЖОББМ» КММ
АӘТжД пәнінің педагог-ұйымдастырушысы
Орнында бұрылу
Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жартылай айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жартылай айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» пәрмендері бойынша орындалады.
Бұрылулар екі әрекетпен орындалады:
Бөлімшені бір қатардан екі қатарға және керісінше қайта сапқа тұрғызу
Екі қатарлы саптағы алдындағы қатар бірінші, ал артындағы қатар екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді. Бөліишеде төрт немесе одан да аз сарбаз болса, бөлімше бір қатарға тұрғызылады.
Бөлімшені екі сапқа тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі.
Саптық және жорықтық адым
Саптық адым – игеру тұрғысынан күрделі және меңгеруі қиын саптық тәсілдердің бірі. Саптық адымды дұрыс орындау білім алушылардан ерекше жинақылықты, нақтылықты, қол мен аяқтың үйлесімді қозғалысын талап етеді.
Саптық адым:
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
Саптық адым
Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» пәрменімен басталады (қозғалыс кезінде «Адымдай-БАС»).
Алдын ала берілетін пәрмені бойынша:
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен орындалады. Адыммен қозғалу қарқыны-минутына 95-105 адым. Адымның ұзындығы – 60-70 см.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын анағұрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және табанды нық басу керек.
Жорықтық адым
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезіндегідей қою, қолмен дене айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс кезінде командир (бастық) бөлімшеге үн қатқанда (мысалға, «БӨЛІМШЕ», «ВЗВОД»), сондай-ақ «ТІК ЖҮР» пәрмені берілгенде, бөлімше саптық адымға ауысады. Саптық адыммен қозғалыс кезінде «ЕРКІН ЖҮР» пәрмені берілгенде, жорықтық адымға ауысады.
Орнында тұрып адым жасау
Орнында тұрып адым жасау «Орнында, адым – БАС» (қозғалыста – «Орнында») пәрмені бойынша орындалады. Осы пәрмен бойынша адым аяқты көтеріп-түсіру арқылы орындалады, бұл ретте аяқты жерден 10-15 см көтеріп, оны ұшынан бастап табанды толық басу, қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек.
Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» пәрмені бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасап, қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау қажет. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болуы шарт.
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» пәрмені беріледі. Сонда оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын пәрмен бойынша тағы бір адым жасап және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалып қабыладанады.