1 of 23

ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ��«Білім беру үдерісіндегі инновациялар: жоғары мектеп теориясы, әдістемесі, тәжірибесі» тақырыбындағыРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР 15 - 23 қаңтар 2024 жыл��18 қаңтар 2024 жыл�Ермекбаев Сейткамал Баймұратұлы, т.ғ.к., Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасының доценті, Техникалық факультеті�Тақырыбы: «Кәсіби пәндерден дәріс және практикалық сабақтар жүргізу әдістемесі»

2 of 23

2 Слайд Астық саласы бойынша технологтар функцияларының ерекшеліктері

  • Мен астық саласының маманымын – институтты бітіріп, бізге біліктілік тағайындау кезінде «Астықты сақтау және қайта өңдеу инженер-технологы» деген біліктілік берілген. Бұл мамандықты көпшілік агроном мамандығымен шатастырады. Тұқымды таңдау, оны дайындау, себу, егістік алқаптарда өңдеу, ору, жинау сияқты шаралардың барлығы агрономдардың атқаратын істері болса, ал технологтардың жұмысы астық қырманнан, яғни шаруашылықтардын астық қабылдау пункттеріне, элеваторларға қабылдау кезінен басталады. Астықты қабылдау, оны өңдеп, сақтауға дайындау, сақтау, сонымен қатар, қайта өңдеу, яғни, ұн, жарма және құрама жем өндіру, дайын өнімді сақтау сияқты шаралар технологтардың ғұзырында.

3 of 23

3 Слайд Бакалавриат деңгейінде берілетін пәндер

  • «Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану», «Ұн өндірісінің технологиясы», «Жарма өндірісінің технологиясы», «Құрама жем өндірісінің технологиясы».

4 of 23

4 Слайд Дуалды түрде жүргізілетін пән

  • Астықтану пәні 2 курс студенттеріне дуалды түрде оқылады. Бұл пән бұдан кейін оқытылатын барлық кәсіби пәндердің іргетасы деп санауға болады, өйткені, бұл пәнді оқу барысында студенттер астықтың негізгі түрлерін, олардың сан алуан қасиеттерін, олардың маңызы мен мәнін, көптеген сапа көрсеткіштерін, осы көрсеткіштерді анықтау әдістерін игереді. Бұл пән дуалды әдіспен беріледі, демек, дәрістер университетте оқылса, ал зертханалық жұмыстар өндірісте, арнайы кесте бойынша, практикалық тәжірибесі мол мамандармен бірге жүргізіледі.

5 of 23

5 Слайд Астықтану пәні бойынша дәріс және зертханалық жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері

  • Дәрістер бекітілген силлабусқа сәйкес жүргізілуі керек. Дәріс беру кезінде студенттердің «Дәрістік дәптерлерінің» соңында астық саласы бойынша кездесетін терминдердің барлығының орыс тіліндегі аудармалары арнайы сөздік ретінде жазылады. Өйткені жиналған астықтың және одан алынған дайын өнімнің (ұн, жарма, құрама жем, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер және т.б.) бір бөлігі экспортқа шығарылады, ал бұл кезде құжаттар, негізінен, орыс тілінде толтырылады. Сонымен қатар, Ресеймен шекаралас аймақтардың арасында астық саласындапғы қатынас өте жиі жүргізіледі деп айтуға болады. Осындай жағдайларда жас маман өзінің мамандығын екі тілде игергені артық болмайды.

6 of 23

6 Слайд Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы бағыты бойынша оқитын студенттерге берілетін кәсіби пәндер

  • «Ұн өндірісінің технологиясы», «Жарма өндірісінің технологиясы», «Құрама жем өндірісінің технологиясы» пәндері 3-4 курстарда оқылады.

7 of 23

7 Слайд Кәсіби пәндерді жүргізу үшін оқытушыға қойылатын талаптар

  • Кәсіби пәндерді жүргізу үшін оқытушының базалық білімі сол пәндерге сәйкес болуы керек. Оқытушы өз саласының білікті маманы болуы керек, сонда ғана студенттерге сапалы материал дайындалып, жоғарғы деңгейде жеткізіледі. Оқытушы әр сабаққа дәріс болсын, практикалық сабақ болсын мұқият дайындалып келуі қажет.

8 of 23

8 Слайд Кәсіби пәндерден дәріс сабағын жүргізу кезінде қойылатын талаптар

  • Дәріс сабағын жүргізу кезінде, ескі әдіс болса да, студенттерге материалдың негізгі бөліктерін дәріс дәптерлеріне жазуды талап ету керек. Бұл әдістің екі артықшылығы бар: біріншіден, жазған материал студенттің дәптерінде қалады, ол кейін қайталауға жеңілдік туғызады, ал, екіншеден, кейбір студенттер дәрісті жазу кезінде еске сақтап қалады.Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, негізгі технологиялық терминдер орыс тілінде дәптердің соңында жинақталады.

9 of 23

9 Слайд Кәсіби пәндерден практикалық сабағын жүргізу кезінде қойылатын талаптар

  • Практикалық сабақтарды өткізу үшін оқытушы арнайы дайындықпен келуі керек.Әдетте кәсіби пәндерде технологиялық процестерді айқындайтын көптеген күрделі сұлбалар, кестелер, графиктер, диаграммалар кездеседі. Технологиялық жабдықтар, машиналар мен аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, олардың техникалық сипаттамалары мен тиімділіктерін айқын түрде бере білу керек. Оларды әрбір студентке жеткізу үшін оқытушы алдыңғы қатарлы, заманауи мультимедиялық кешендерді (интерактивті тақталар, проекторлар және т.б.) игерген болуы керек. Бұл материалдардың электронды нұсқасы болып, оны студенттерге таратып беру мүмкіншілігі болу керек. Кейбір басты, қажетті сұлбаларды, диаграмма, графиктерді, кестелерді студенттердің өздерінің практикалық дәптерлеріне (арнайы плакаттарға, миллиметровкаларға) сыздыру керек.Үлкен, күрделі сұлбалар болатын болса, осы сызбаларды кезеңдерге бөліп, оларды әр түрлі түспен бояп, ерекшелеуге болады.

10 of 23

10 Слайд Ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасы

11 of 23

11 Слайд Ұн зауытының майдалау бөлімінің технологиялық сұлбасы

12 of 23

12 Слайд Жарма зауытының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасы

13 of 23

13 Слайд Жарма зауытының ақтау бөлімінің технологиялық сұлбасы

14 of 23

14 Слайд Құрама жем зауытының технологиялық сұлбасы

15 of 23

15 Слайд Кәсіби пәндер бойынша курстық жобаларды жүргізудің мәні мен маңызы

  • Бұл пәндердің ішінде «Ұн технологиясы» пәні бойынша Білім беру бағдарламасында курстық жоба белгіленген. Бұл курстық жобаның мәні өте үлкен, өйткені, осы жобаны орындау барысында студенттер ұн өндірісінің технологиясын терең игеріп, дипломдық жобаны орындауға жақсы дайындықпен келеді.

16 of 23

16 Слайд Кәсіби пәндер бойынша курстық жобалардың құрылымы мен оны орындау кезінде қойылатын талаптар

  • Жобаны орындауға үлкен талаптар қойылады: бірнеше бөлімнен тұратын түсіндірме қағазы мен А1 форматтағы үш сызба. Сызбаларды қолмен де және «Компас» жүйесі бойынша да орындауға рұқсат етіледі. Компас жүйесінде сызбаларды рәсімдеу алдында студент барлық сызбаларды миллиметровкада орындап шығады. Жобаны орындау кезіндегі тағы бір пайдалы ерекшелік, ол студенттерді техникалық әдебиеттерден (сөздіктер, анықтамалар, кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) қажетті материалды тауып, оларды қолдана білуге үйретеді.Сонымен қатар, жобаны орындау барысында студенттер күрделі технологиялық сұлбаларды кезеңдерге бөліп, талдауды игереді. Осы технологиялық процесстерде кездесетін машиналар мен жабдықтарды тереңірек оқып, үйренеді. Жобалау кезінде кәсіпорынның бас жоспары және оны құру қағидаларын, негізгі технологиялық машиналар мен аппараттарды өндірістік алаңдарды үйлесімді жайластыруды, техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелерін, негізгі құрылыс ережелерін, экологиялық сұрақтарды, құрылыс конструкцияларын оқып, үйренеді.

17 of 23

17 Слайд Әр бір сабақтағы тәрбие жұмысы

  • Әрбір сабақтың соңында, 2-3 минут тәрбиелік мәні бар сұрақтар қаралуы керек. Мысалы, студенттердің өзара қарым-қатынасы, студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым қатынас, оқу ғимараттарында студенттердің өзін алып жүруі, жатақханадағы қағидаларды сақтау, ата-аналармен қарым қатынас, библиотека, оқу залдарындағы ережелерді сақтау және т,б,.

18 of 23

18 Слайд Кәсіби пәндер бойынша емтихан қабылдау

  • Кәсіби пәндер бойынша емтиханды екі түрде жүргізуге болады: тест және жазбаша. Тест түрінде емтихан жүргізілетін болса әр бір кредитке 40 тест дайындалуы керек, ал жазбаша түрінде болатын болса, емтихандық билеттер дайындалуы керек (1 кредитке 30 сұрақ), әр билетте үш сұрақ орын алуы керек. Кәсіби пәндерде технологиялық процесстер мен соларға сәйкес технологиялық сұлбалар көп болғандықтан бұл пәндерден емтихан жазбаша түрде алу керек деп ойлаймын. Емтиханның бұл түрінің артықшылығы: студенттердің жауапкершілігін арттырып, емтиханға дайындықты жақсартады, оқытушы мен студент арасында пән бойынша диалог құрылады да студент аудиторияда қысылмай сөйлеуді үйренеді. Емтихан тест түрінде жүргенде неше рет тапсыра алмаса да студент оқытушының алдындағыдай жауапкершілікті сезінбейді.

19 of 23

19 Слайд Кәсіби пәндерден емтихан қабылдау ережелері

  • Емтихан жазбаша түрде жүргізілетін болса емтиханды альтернативті оқытушы қабылдауы керек. Мынау СМК – дан алынған үзінді:
  • СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА 
  • СТАНДАРТ ОРГАНИЗАЦИИ

ОРГАНИЗАЦИЯ КОНТРОЛЯ УСПЕВАЕМОСТИ ПРИ ПРОВЕДЕНИИ ТЕКУЩЕЙ И ПРОМЕЖУТОЧНОЙ АТТЕСТАЦИИ ОБУЧАЮЩИХСЯСО СМК 02.2078-2022

  • НУР-СУЛТАН 2022
  •  
  • 7.6 В целях повышения качества реализации образовательной программы и обеспечения объективности оценки учебных достижений обучающихся процессы обучения и итогового контроля разделяются. Для проведения письменного экзамена назначаются экзаменаторы из числа ведущих - преподавателей имеющих квалификацию, соответствующую профилю данной учебной дисциплины, и, как правило, не проводивших учебные занятия в данной академической группе/потоке.

20 of 23

20 Слайд Кәсіби пәндер бойынша емтихан қабылдау кезіндегі альтернативті оқытушы

  1. Емтиханды сабақ жүргізбеген оқытушы қабылдаса білім беру бағдарламасының сапасы артады деп ойламаймын.
  2. Студенттің біліміне осы топта сабақ жүргізбеген оқытушы объективті баға береді дегенге де сыни көзбен қараймын, өйткені, оның біліктілігі (квалификация) де, бағыт бағдары да, көбінесе, сай келмейді. Семестр бойында сабақ жүргізген оқытушы осы топтағы әр бір студенттің білім деңгейін, оның сабаққа деген ниетін, ынтасы мен жауапкершілігін жақсы біледі де, осы, сабақ жүргізген оқытушы ғана студенттің біліміне объективті баға бере алады деп ойлаймын. Сондықтан емтиханды сабақ (дәріс) жүргізген оқытушы қабылдауы керек деп есептеймін. Осындай көзқараспен, емтиханды альтернативті оқытушы қабылдау керек деген шешіммен біз оқытушыға деген «сенімді» жоғалтып отырмыз. Осындай сенімсіздіктен болар ЖОО оқытушыларының айлығы мектеп мұғалімдердікінен, колледж бітірген медбикелердікінен төмен болып тұрғаны. Сенім жоғалған жерде тірлік оңға басады деп ойламаймын.
  3. Кәсіби пәннен емтиханды базалық білімі бар ғана оқытушы қабылдауы керек, ал мұндай талап көбінесе орындалмайды.
  4. Жүктемеде емтихан қабылдаушы оқытушыға сағат бөлінбеген, оның үстіне, бір оқытушыға жазбаша емтихан қабылдауға шектік қойылған.

 

21 of 23

21 Слайд Тұжырым

  • 1. Кәсіби пәндердің дәріс және практикалық сабақтарын базалық білімі бар, тәжірибелі оқытушы жүргізу керек.
  • 2. Кәсіби пәндерді дуалды әдіспен оқытуға ұмтылу керек.
  • 3. Кәсіби пәндер бойынша дипломдық жобаның (жұмыстың) негізгі бөлімдерін қамтитын курстық жоба (жұмыс) міндетті түрде орындалуы керек.
  • 4 Кәсіби пәндер бойынша курстық жоба бөлек бағалануы керек, бұл баға студенттердің емтиханға кіруіне әсер етуі керек.

  • 5 Кәсіби пәннің мазмұны заманауи ғылыми техникалық тенденцияның озық жетістіктері мен нәтижелерін қамту керек.
  • 6 Кәсіби пәндер бойынша емтихан жазбаша (билетпен) түрде өтуі керек.
  • 7 Кәсіби пәндер бойынша емтиханды базалық білімі бар, тәжірибелі оқытушы қабылдауы керек.
  • 8 Кәсіби пәндер бойынша емтиханды тек қана дәріс жүргізген оқытушы қабылдауы керек.

22 of 23

22 Слайд Астық саласы бойынша студенттерге және магистранттарға берілетін материалдар.

23 of 23

23. Назарларыңызға рақмет