1 of 45

Банк құқығы

2 of 45

​

№12 Дәріс. Тақырыбы: Қаржылық-банктік құқық - қаржылық құқықтық бөлімі ретіндегі өзекті мәселелері

​

Дәріс мақсаты: Банктік қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін талдау, Банк заңнамасының нормаларын тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін қалыптастыру

Түйінді сөздер: Қаржылық-банктік құқық, Ұлттық банк, Даму банкі, екінші деңгейдегі банктер және т.б.

3 of 45

Жоспар:

1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және әдістері.

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің деңгейлері.

3. Банктік құқық - қаржы құқығының саласы ретінде

​

4 of 45

Негізгі әдебиеттер мен НҚА:

​

  1. Давыдова Л., Райманов Д. Қазақстан Республикасының банк құқығы: Оқу-құралы.-Алматы: ЖЕТІ ЖАРҒЫ, 2006.-616 бет.
  2. Омурчиева Э.М. Қазақстан Республикасының банк құқығы: Оқу-құралы./ Э.М. Омурчиева, Е. Б. Осипов .-Алматы: БАСТАУ, 2009.-252 бет.
  3. Найманбаев С.М. ҚР Қаржылық құқығы. Алматы, 1994.
  4. Олейник О.М. Основы банковского права. М: Юристъ, 1997.
  5. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7
  6. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

​

​

​

​

​

​

​

​

​

​

​

​

5 of 45

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды)
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі)
  • Қазақстан Республикасының “Ұлттық банк туралы” Заң (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы)
  • Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы)

​

​

6 of 45

​

​

​

​

​

1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және оның әдістері.

​

7 of 45

БАНК ТАРИХЫ

  • Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғандығы туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
  • Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекеленген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV—XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығынын, ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарьшың дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

8 of 45

Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.��Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.�� Банк (италянша “bankо” — үстел) �

9 of 45

Банктердің мәні

  • Банк жүйесінін, маңызды элементі — банктер болып табылады.
  • Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

10 of 45

Банк ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру , ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтын мен шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Баніктің пайда болуы мен дамуы тауар ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығына өтейді.

​

11 of 45

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңына сай:

«Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».

​

​

12 of 45

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

​

13 of 45

Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвеститциялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

​

14 of 45

Банк коммерциялық ұйым болып табылады. Ол қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарды реттеу және қабылдау жөніндегі Агенттің лицензиясы негізінде қайтарылып беру шартымен заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары мен басқада құндылықтарын ақылы, мерзімді және қайтарып беру шартымен өз атынан орналастырады,содай-ақ есептік және басқа да банктік операцияларды іске асырады.

15 of 45

Банктік қызмет деп өздерінің ссудалық және басқа да ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезеңдегі банктердің іс-әрекеттерін айтамыз.

Банктік қызметтің өз әдістері бар. Олар банктердің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылатын нақты жолдар мен тәсілдер.

16 of 45

Банктік қорларды қалыптастырудың негізгі әдістері :

​

  • - Міндетті және ерікті түрдегі несиелердің негізінде қаражаттар тарту, яғни біреуге қарыз беру үшін басқалардан қарыз ал деген мағынада;
  • - Бюджеттік дотациялар, жарғылық қорлар мен резервтік қорларды қалыптастыруға берілетін жәрдем ақшалар;
  • - Мүшелікке кіру жарналары мен пайлық (үлестік) жарналарды пайдалану .

17 of 45

Банктік қорларды бөлудің негізгі әдістері :

​

  • - Банктік несиелеу;
  • - Банктік сақтандыру және резервтік қорларды құру;
  • - Банктік қаржыландыру, кейбір жағдайларда банк өз клиеттеріне тегін қаржылық көмек көрсетеді.

​

18 of 45

Банктік ақша қорларын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі әдістері :

​

  • - Банктік несиелерді пайдаланудың тәртібін белгілеу;
  • - Банктік несиелерді пайдалануды жоспарлау;
  • - Борышқорлардың банктен алған несиелерін тиімді және белгіленген мақсатқа пайдаланылуына бақылау жүргізу.

19 of 45

​

​

​

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің деңгейлері.

​

20 of 45

�

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңына сай:

​

Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

21 of 45

Банк түрлері:

Жоғары (бiрiншi) деңгейiндегі банк

(ҚР Ұлттық Банк)

Екiншi деңгейдегi банктер

22 of 45

Жоғары (бiрiншi) деңгейiндегі банк

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

23 of 45

Екінші деңгейдегі банктер -

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады.

коммерциялық

кооперативтік

жеке банктер

Бұлар банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі

24 of 45

Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

  •      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
  •   б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
  •     в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

​

25 of 45

  • Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
  •    Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.

​

​

26 of 45

Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

Қазақстан Республикасында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.

​

27 of 45

​

​

3. Банктік құқық қаржы құқығының саласы ретінде

​

28 of 45

    • Банк құқығы үш мағынада түсіндіріледі:
      • Құқық саласы
      • Ғылым ретінде
      • Оқу пәні ретінде

29 of 45

Құқық саласы ретінде

Банк құқығы дегеніміз - банк құқығының құқықтық қатынастар тобын азаматтық, әкімшілік, қаржы нормалармен реттелетін құқықтың бір саласы.

​

Банк құқығы ғылым ретінде

Банк құқығы дегеніміз - кітаптарда, мақалаларда, ғылыми еңбектерде банк құқығы мазмұнынына қатысты әртүрлі теориялар, көзқарастар, болжамдардың жиынтығы болып келеді.

​

Оқу пәні ретінде

Банк құқығы дегеніміз - жоғары мектептерде дәріс беруге арналған пән болып табылады. Оқу курсы Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

30 of 45

М.М.Агарков��“Банктік құқық негізінен банктерге арналған сауда құқығының арнайы бөлімін білдіреді” деген. Сонымен қатар, “банктік құқық мәселесі азаматтық құқықты білуге жетелейді және несие теориясы және ақша айналымымен түбегейлі танысу керек” деп ойлаған.��А.И.Худяков��“Банктік құқық қаржы, азаматтық құқық нормаларынан тұратын кешенді құқықтық интитут”.�

31 of 45

Банк құқығының қатынастары

Банк құқығы нормаларымен реттелген, банктер мен басқа кредит ұйымдары және олардың клиенттері арасында пайда болған

Ақша жүйесі ұйымдарының арасында пайда болған

құқықтық қатынастар болып табылады.

32 of 45

Банк құқығы әдістері:

Императивті

Диспозитивті

33 of 45

Жалпы

    • Кез келген банк қатынастарын реттеу кезінде қолданатын жалпы ережелерді қамтиды. Қатынастардың құқықтық реттеудің біртұтастығын қамтамасыз ете отырып, құқықтық нормаларды біріктіруге мүмкіндік береді.

Ерекше

    • Біртектес қатынастар топтарын реттейтін бірқатар құқықтық институттардан тұрады. Олар: банктердің қатысуымен жасалатын шарттар, валюта операцияларын және валюталық бақылауды жүзеге асыру, электронды ақша құралдарымен банк мәмілелерін жасау, сыртқы экономикалық банк қызметі т.б. жатады.

Б а н к қ ұ қ ы ғ ы н ы ң ж ү й е с і

34 of 45

35 of 45

Банк құқығының қайнар көздері:

Құқықтық дәстүр – халықтың тарихи даму барысында қалыптасқан, әдетке айналып, мемлекет арқылы бекітілген ережесі. (көбіне ҚР АК-да кездестіреміз)

Құқықтық үлгі – мемлекет органның сондай істерді кейінге қарай үлгі ретінде алуы.(АҚШ, Ұлыбритания, т.б. қолданады.)

Нормативтік құқықтық акт – құқықтық нормаларды олардың өзгеруін, тыйылу немесе тоқтатылуын белгілейтін референдум арқылы немесе мемлекеттің уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғасымен қабылданған ресми жазбаша құжат.

36 of 45

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды)
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі)
  • Қазақстан Республикасының “Ұлттық банк туралы” Заң (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы)
  • Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы)

​

​

37 of 45

​

  • Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ.
  • Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет туралы” Заң (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы)
  • Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ ҚРЗ.
  • Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы.
  • ҚР Үкіметінің қаулылары
  • ҚР Ұлттық банк шығарған нұсқамалар, ережелер, тәртіптер
  • Және өзге де заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттар

​

38 of 45

Банк қызметі дегеніміз – банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай –ақ банктердің заңмен белгіленген өзге де операцияларды жүргізу болып табылады.

Заңды тұлғалардың дипозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүзгізуді қабылдау

Төлем карточкаларын шығару

Есептеу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу

39 of 45

Банк қызметі

Банк қызметін лицензиялау

ҚР-ның “Лицензиялау туралы” Заңның 11-бабына сай банк операциялары, сондай-ақ банктермен және ұйымдармен жүзеге асыратын, жекеленген банк операцияларын жүзеге асыратын өзге де операциялар міндетті лицензиялауға жатады.

Банк қызметін аудиторлық тексеру

ҚР “Аудиторлық қызмет туралы” Заңына, банк заңнамасына сай аудиторлық ұйым банктер мен банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметіне аудит жүргізеді.

40 of 45

БАНК ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

Банк операцияларын жүзеге асыру және өзге де банктік операцияларды жүргізуі уәкілетті орган немесе Қ.Р.Ұлттық Банкінің берген лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

41 of 45

42 of 45

Қ.Р. “Аудиторлық қызмет туралы” заңына сәйкес

аудиторлық қызметі дегеніміз

қаржы есептілігінің аудитін жүргізу және өзінің қызмет саласы бойынша қызмет көрсету жөніндегі аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі

43 of 45

Қ.Р. “Аудиторлық қызмет туралы” заңына сәйкес аудитор дегеніміз

біліктілік комиссиясымен аттестацияланған және “аудитор” біліктілігін беру туралы куәлік алған жеке тұлға. Аудитор аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүргізуі құқылы.

44 of 45

  • Бақылау сұрақтары:
  • 1. Банктің пайда болуы мен дамуы тығыз байланысты болады ма?
  • 2. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің деңгейлері қандай?
  • 3. Қазақстан Республикасының бүгінгі жүйесінің сипаттамалық белгілері қандай?
  • 4. Орталық банк дегеніміз не?
  • 5. ҚР-ның Орталық банкін және оның функцияларын атаңыз.
  • 6. ҚР-да коммерциялық банктердің құқықтық мәртебесі қандай?

​

45 of 45

Назарларыңызға рахмет!