1 of 20

Бастауыш сыныпта жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімділігі

Орындаған: Айсина Ж.С.

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

««№3 Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бастау

I. Бағыты: ЖИ - сабақта

2 of 20

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық трансформация үдерісі қарқынды жүріп, жасанды интеллект технологиялары оқыту әдістемесінің ажырамас бөлігіне айналуда. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін қызықты, интерактивті және жекелендірілген форматта ұйымдастыру – маңызды педагогикалық міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, жасанды интеллект платформаларын сабақтың әр кезеңінде мақсатты әрі жүйелі қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың оқылым, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.Сондықтан бастауыш сыныпта «Ит – адамның досы» тақырыбындағы сабақта жасанды интеллект құралдарын кешенді пайдалану тәжірибесін талдау – білім берудегі инновациялық тәсілдердің тиімділігін айқындау тұрғысынан өзекті болып табылады.

3 of 20

Мақсат-міндеттері:

Бастауыш сыныпта «Ит – адамның досы» тақырыбындағы сабақта жасанды интеллект платформаларын кешенді қолданудың оқушылардың танымдық белсенділігіне, оқу мотивациясына және оқылым дағдыларының дамуына тигізетін әсерін анықтау.

Міндеттері:

  • бастауыш сыныптағы сабақта қолданылған жасанды интеллект платформаларының түрлері мен мүмкіндіктерін сипаттау;
  • сабақтың әр кезеңінде жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктерін көрсету;
  • жасанды интеллектке негізделген тапсырмалардың оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігіне ықпалын талдау;
  • визуалды, интерактивті және ойын элементтерінің оқылым дағдысын дамытудағы рөлін анықтау;
  • жасанды интеллект технологияларын қолданудың мұғалім жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау;
  • тәжірибе нәтижесіне сүйене отырып, бастауыш сыныпта жасанды интеллектті қолдануға қатысты қорытынды мен ұсыныстар ұсыну.

4 of 20

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Қазақстан халқына Жолдауынан

Астана, 8 қыркүйек 2025 жыл

Жасанды интеллектпен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру елде ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастамаларды жүзеге асырған жөн.

Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері» атты бағдарлама мен оқу материалдарын әзірлеу қажет. Сондай-ақ ұстаздардың жасанды интеллект технологияларын меңгеру дағдысын қалыптастыру дакерек болады.

Президент

5 of 20

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ?

ЖИ МҰҒАЛІМНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ ДЕГЕНГЕ СЕНЕСІЗ БЕ?

6 of 20

ЖИ – мұғалімнің көмекшісі, бірақ орнын басушы емес.

Әдебиеттік оқу сабағында ЖИ-пен цифрлық платформаларды қолданудың артықшылықтары:

  • Уақытты үнемдейді;
  • Оқушы қызығушылығын арттырады;
  • Жеке деңгейге бейімдейді;
  • Шығармашылықты дамытады;
  • Оқушылардың тілдік дағдыларын (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) дамытады.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ ПАЛТФОРМАЛАР ОСЫ ПРОЦЕСТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ?

7 of 20

Бастауыш сынып оқушыларына цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану тілдік дағдыларды дамытуда қаншалықты тиімді?

Жоба

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Оқушының пәнге деген танымдық қызығушылығы күшейеді. Себебі заманауи технологиялар оқу үдерісін қызықты әрі қолжетімді етеді.

ТІЛДІК ДАҒДЫ

Оқушылардың тілдік дағдыларын (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) дамытады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

Мұндай сабақтарда оқушы тек тыңдаушы емес, өз ойымды еркін айтып, жазып, талқылай алатын белсенді білім алушыға айналады.

8 of 20

ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ФОРМАТЫНЫҢ КЕМШІЛІГІ:

Оқушыдан гөрі оқытушының көп жұмыс жасауында. Оқушы тек көп ізденгенде ғана нақты нәтиже ала алады. Ал оқытушының кітаптағы дайын мәтіндер мен қатаң ережелерді тек түсіндіріп, қайталаумен шектелуі оқушының уақытын тиімді пайдаланбауға әкеледі.

Жоба

ПЛАТФОРМА – ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖҮЙЕЛЕНДІРІП, БІЛІМНІҢ САПАСЫН КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚҰРАЛ. ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАР ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ АУЫСТЫРМАЙДЫ. КЕРІСІНШЕ, ОЛАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН, КҮШЕЙТЕТІН ҚОСЫМША ҚҰРАЛ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЕҢ БАСТЫСЫ – ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ҮЙЛЕСІМІН ТАБА БІЛУ. ЯҒНИ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ДЕГЕНІМІЗ – ТЕК ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУ ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ОНЫ ДӘСТҮРЛІ ҮРДІСКЕ ҚОЛДАНА БІЛУ.

9 of 20

ТОПҚА БӨЛУ.

«Mektep AI» платформасы арқылы топқа бөліну.

1-ТОП. АДАМДАР

2-ТОП. ЖАНУАРЛАР

3-ТОП. АДАМГЕРШІЛІК

10 of 20

Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру

ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ (VR) ЖӘНЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН

ШЫНДЫҚ (AR

VR құралдары оқушылардың сөйлеу дағдыларын

дамытуға мүмкіндік береді. 3Д форматтағы суреттер арқылы сұрақтар қоюға болады. Бұл арқылы оқушының айтылым дағдысы дамиды.

Тіркелу батырмасын басып, Google аккаунт арқылы

тіркеліңіз.

11 of 20

Оқылым алды тапсырма.

«Жанданған суреттер» әдісі бойынша сабақ тақырыбын 3D суреттер арқылы болжату.

Сұрақтар:

1. Суреттен не көрдік?

2. Не байқадық?

3. Суреттерде не бейнеленген?

12 of 20

Text to Speech Kazakh, Narekeet, Elevenlabs.io сайттарыҚазақ тіліндегі мәтінді дыбыстық форматқа айналдырады.

Тақырып аясында түрлі мәтіндерге дауыс жазуға мүмкіндік береді. Бұл арқылы тыңдалым мәтіндерін жазуға мүмкіндік мол.

Педагогикалық тиімділігі:

  1. Оқушылардың тыңдалым, айтылым мен жазылым дағдысын қалыптастырады;
  2. Тыңдалым барысында фонетикалық дағдыны жетілдіреді.

Оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыту

13 of 20

Gemini (Google AI).

Ерекшелігі:

Мәтінді визуалды түрде, ойын форматында ұсынады;

Диалог, сценарий жасауға ыңғайлы;

Авторлық ойындарды құрастыруға болады.

Сабақта қолдану:

Топтық ойындар мен кері байланыс, сценарий жазу;

Мәтін мазмұнын шеңбер немесе диаграмма түрінде көрсету;

Қызығушылықты арттыру.

Тиімділігі:

Оқушыны белсенді етеді;

Оқушылардың оқылым, айтылым дағдысы дамиды;

Сабақты ойын арқылы қызықты етеді.

14 of 20

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

оқушы

Диана

Гауhар

Рахман

Гүлзат

Аружан

Еркем

Айлин

Қуандық

Ернар

15 of 20

ChatGPT:

Іс-тәжірибемде қолданылатын

жасанды интелект платформалары мен сайттар

Мәтінді талдап, қысқа әрі түсінікті диалогтар құрастыруға, негізгі идеяны жүйелеуге көмектеседі. Промт мәтіндерін дайындап, суреттер құрастырады.

Canva

дайын шаблондар мен сөйлеу бұлтшалары арқылы комикс пен иллюстрация жасауға ыңғайлы.

Text to Speech (Kazakh)

мәтінді қазақша дауысқа айналдырып, қара сөздерді тыңдауға қолайлы жағдай жасайды.

суреттерді 3D мультфильм стилінде өңдеуге, көріністерді жандандыруға тиімді.

Pixverse

CapCut

Mektep AI

бейне мен анимацияларды монтаждап, дыбыс, субтитр және арнайы эффектілер қосуға ыңғайлы.

Оқыту үдерісін жекелендіру, жылдам кері байланыс ұсыну және мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекетті күшейтуде тиімді.

16 of 20

Wordwall платформасы

Google Chrome сайтына кіру;

@gmail.com @mail.ru аккаунт арқылы тіркелу шарт.

Ерекшелігі: Грамматикалық және лексикалық ойындар, деңгейлік тапсырмалар,интерактивті тесттер, сөз таптары, сөйлем мүшелері, емле ережелеріне қатысты сұрақтар, қайталау сабағы, үй тапсырмасын тексеру, оқушыларды ойын арқылы белсендіруге болады.

Тиімділігі:

  • Жеке және топтық жұмысқа қолайлы;
  • Оқушының қызығушылығын арттырады.
  • Оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын қалыптастырады.

«Кім көп біледі?» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңіз.

https://wordwall.net/resource/107565965

1. Мінездеу дегеніміз не?

2. Жеті қазынаны ата.

3. "Басына күн туған" сөзін қалай түсінесің?

4. Б.Соқпақбаев туралы не білесің?

5. Жазушы Майлыаяқты қалай суреттеген?

6. Ит иесінің орнында болсаң, Майлыаяқты тастап кетер ме едің?

17 of 20

ҚОСЫМША РЕСУРС РЕТІНДЕ МУЛЬТФИЛЬМ ЖАСАУ

ҚАЗІРГІ ОҚУШЫЛАР ВИЗУАЛДЫ МАТЕРИАЛДЫ ҰЗАҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ. МУЛЬТФИЛЬМ ОЛАРДЫҢ НАЗАРЫН ҰСТАП ТҰРАДЫ.КЕЙ ОҚУШЫ МӘТІНДІ ОҚИ АЛМАЙДЫ, КЕЙБІРІ ДЫБЫСТЫ ЖАҚСЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ. МУЛЬТФИЛЬМ БІРНЕШЕ СЕЗІМ АРҚЫЛЫ АҚПАРАТ БЕРЕДІ.

МАҚСАТЫ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘТІНДІ ТҮСІНУ ДЕҢГЕЙІН, НАЗАРЫН, ЕСТЕ САҚТАУЫН ЖӘНЕ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ВИЗУАЛДЫ, ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚОЛЖЕТІМДІ ФОРМАТҚА АЙНАЛДЫРУ.

18 of 20

ЖИ платформалары ChatGpT, Elevanlabs, Pixverce, Capcut арқылы мәтін бойынша қысқаметражды мультфильмдер немесе анимациялық үзінділер жасауға болады.

Тиімділігі: оқушылар мәтінді оқып қана қоймай, оның мәтінді қабылдау әлемін өз қолымен жасайды, бұл – оқушылардың мәтін мазмұнын қабылдауды эмоциялық және эстетикалық деңгейге көтереді. Мультфильм арқылы сұрақтарға жауап береді. Тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптасады.

19 of 20

ҰСЫНЫСТАР:

  1. Әр сабақ соңында жасанды интеллект арқылы оқушылардың белсенділігі, жауаптары, ойын тапсырмаларындағы жетістігі жинақталып, шағын цифрлық портфолио қалыптастыру ұсынылса;
  2. Көркем мәтіндерді жасанды интеллект көмегімен 3D, AR, дыбыстық эффектілер арқылы ұсыну ұсынылса;
  3. Мектептерде «Жанды сабақ» апталығы өткізілсе;
  4. Бастауыш сыныпта жасанды интеллектті қолданудың тиімді тәжірибелерін жинақтап, мектепішілік және аудандық деңгейде таратылса.

20 of 20

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!