Сабақтың тақырыбы:
§20-21 Ауа райы қалай қалыптасады?
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Сұрақ: Ауа ылғалдылығы дегеніміз не?
Жауап: Ауа ылғалдылығы. Біз ауа райының барлық элементтерінің өзара байланысты екендігін, атмосфералық қысымның температураға, ал желдің атмосфералық қысымға, тиісінше, желдің пайда болуының да температураның өзгеруіне тәуелді екендігін білеміз. Ауа ылғалдылығының температураға тәуелділігі негізінде ауа құрамындағы ылғалдың қалыптасуындағы маңыздылығын қарастырамыз. Тропосферадағы ауа құрамында су буы үнемі кездесіп тұрады. Белгілі бір температура мен қысымда Жер бетінің бір нүктесіне түсетін белгілі көлемдегі ауаның ішінде су буы бар.
Сұрақ: Ауаның ылғалдылығы
Жауап:
Ауаның ылғалдылығы — ондағы су буының мөлшері. Атмосферадағы ылғал — бұл ауада бу күйінде болатын, ылғалдылық ауа температурасына тәуелді болады.
Алайда ауадағы ылғал құрамының мөлшері шекті температураға тәуелді болады. Сондықтан құрамында бар мөлшерден артық су буын сыйғыза алмайтын ауа — қаныққан ауа деп аталады. Булану әртүрлі төсеніш бетінен, мысалы, шөл бетінен орын алады. Шөлде ауа құрғақ, дегенмен су буының құрамы болуы мүмкін мөлшерден аз болады.
Сұрақ Атмосфералық жауын-шашын: ,
Атмосфералық жауын-шашын– Температура төмендеген сайын ауа ылғалдылығының жоғарыланады.
– Шық нүктесі. Атмосфералық ылғалдылық – ауаның ылғалға қанығу деңгейіне жеткен кезде су буының сұйыққа айнала бастауын білдіреді. Бұл – ауадағы су буларының ең көп мөлшерде қаныққандығын білдіреді. Салыстырмалы ылғалдылық 100% болғанда, ауа шық нүктесіне жетеді. Бұл – ауа температурасы төмендеп, ауа ылғалға толық қаныққан кезде байқалады. Сондықтан ауа суынып, шық түзіледі.
Сұрақ Бұлттар,
Бұлттар – жер үстіндегі үздіксіз қозғалыс кезінде, салқындаған ауада бу тұман болып тұрып қалады. Ол ауада бу түзіледі. Олардың пайда болуы биіктікке, ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығына байланысты болады. Бұлттар қатты суыққа айналған кезде, ұсақ тамшылардан немесе кристалдардан тұруы мүмкін; алайда көбінесе олар араласа келеді.
Пішініне қарай бұлттар үш түрге бөлінеді: шарбы бұлттар, қабат бұлттар және будақ бұлттар
Шарбы – жоғарғы қабат бұлттары (6000 метрден жоғары), жартылай мөлдір және ұсақ мұз кристалдардан тұрады. Оларда жауын-шашын түспейді.
Қабат – орта (2000–6000 м) және төменгі (2000 метрден төмен) қабаттардың бұлттары. Негізінен жауын-шашын солардан түседі, әдетте ұзақ, ақ жауын болып келеді.
Будақ – бұлт төменгі қабатта пайда болып, аса үлкен көлемге жетуі мүмкін. Көбінесе мұнара түрінде болады және төмен жағы тамшылардан, ал жоғарғы жағы кристалдардан тұрады.
Нөсер жауын, бұршақ пен найзағай соған байланысты болады.
Қорытынды сұрақ: сипаттама береміз
КЕРІ БАЙЛАНЫС