1 of 17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ

 

2023 – 2024оқу жылына арналған колледждің жылдық жұмыс жоспары

 

 

Талғар қаласы,

2022 жыл

2 of 17

ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҚТАРЫНЫҢ, ҚР ЗАҢДАРЫНЫҢ, ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫЛАРЫНЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ Е С Е Б І�� МЕМЛЕКЕТТІК «БІЛІМ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛЫНДА АТАЛМЫШ КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛАДЫ:

- Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасалды;

-Лицензияландырылған мамандықтарға күндізгі бөлімге оқушыларды қабылдау сапалы түрде ұйымдастырылды;

- Мамандықтардың жиынтығы бойынша оқу - әдістемелік дайындамалар жиынтық жоспар бойынша қарастырылды;

-Курстарда кәсіби белсенді әдістер мен оқыту енгізілді;

- Лицензияландырылған мамандықтарда өндірістік оқу базасын нығайту үшін жиынтық жоспар дайындалды;

Оқу барысында білім алушылармен жеке, фронтальды негізде тәрбие жұмыстарын жүргізу деңгейін көтеруге жағдай жасалынды;

- Оқу және тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстар концепциясын ұйымдастыру барысында бірнеше жұмыстар атқарылды.

- Колледждегі жұмысты жандандыру үшін жоғары мамандырылған кадрлармен толықтырылды;

- Білім алушылардың шығармашылық, рухани адамгершілік ізденістерін дамытуға байланысты ғылыми жұмыстар ұйымдастырылды.

3 of 17

КОЛЛЕДЖДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:

Дамушы экономиканың негізгі мәселелерімен өз бетінше тік тұра алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

Ұлттық білім сапасы жүйесінің талаптарына сәйкес білім беру сапасын арттыру;

Құзыретті кәсіпқойлы, көп тілді, әлеуметтік белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.

4 of 17

ҚР «БІЛІМ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ �2022 – 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН�ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АЛДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕР

  • І. Кіріспе
  • ІІ. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын іске асыру
  • ІІІ. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
  • IV. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
  • V. Педагог кадрлармен жүргізілетін жұмыс
  • VI. Колледжішілік бақылау
  • VII. Колледждің материалдық – техникалық базасын дамыту
  • VІІІ. Бөлім және кафедра меңгерушілерінің жыл бойына атқарған жұмыстар жөнінде
  • ІХ. Электронды оқыту жүйесі жағдайында жүргізілетін жұмыс.
  • Х. Колледждегі білім сапасын басқару мен бақылау

5 of 17

ЖАҢА 2022 - 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

  • Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
  • Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
  • Білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу, үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;
  • «Жас ұстаздар мектебі» оқытушылардың шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;
  • Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Оқытушыларға педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;
  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  • Оқытушылар мен білім алушылар білімдерін бағалауда объективтік принципін ұстауға бағыттау;

6 of 17

  • Колледждің ұйымдық - құқықтық қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша тұрақты ережелерге, мемлекеттік білім стандартына сәйкес негізделген.
  • Оқу үрдісі техникалық және кәсіптік білім стандартына және мамандық бойынша үлгілік бағдарламаларды жетекшілікке алып, құрастырылған жұмыс бағдарламалары мен күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау негізінде жүзеге асырылады.

Әрбір оқу жылына оқу үрдісін барлық мамандықтар бойынша үлгілік бағдарламалармен және мемлекеттік білім стандарттарымен қамтамасыз етілді.

«Білім туралы» заңды іске асыру мақсатында тамыз кеңесінің есебі жасалып, білім алушылар мен оқытушылар құрамы дәрігерлік тексеруден өтті.

7 of 17

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ, КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАЛПЫ БІРЫҢҒАЙ ЖОСПАРЫ ЖАСАЛЫНДЫ. ОЛАР:

жұмыс оқу жоспарлары;

бөлім меңгерушілерінің жұмыс жоспары;

кафедра меңгерушілерінің жұмыс жоспары;

ғылыми әдістемелік жоспары;

әскери жетекшінің жұмыс жоспары;

өңдірістік тәжірибе меңгерушісінің жұмыс жоспары;

психолог жұмыс жоспары;

тәрбие жұмыс жоспары;

төтенше жағдайларға қарсы іс-шаралардың жоспары;

«Жастар ұйымы» жұмыс жоспары

өңдірістік тәжірибе меңгерушісінің жұмыс жоспары;

8 of 17

2022- 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ӘКІМШІЛІК - БАСҚАРУ АППАРАТЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

  • Сатылғанов Ж.Қ. – директор, профессор, академик;
  • Бозымбекова Д.Б. – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
  • Садвакасова С.А. - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
  • Дүйсеқожа А.К. – директордың оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • Жайсаңбаев Д.О. – директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары;
  • Тукусбаев Б.А. – директордың әкімшілік - шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • Шахзадаева И.Д. – бас бухгалтер;
  • Баймуханова Г.И – кадр бөлімінің меңгерушісі;
  • Нұрмағанбетова Т.Ә. – кітапхана меңгерушісі;

9 of 17

Дайырбек А.Қ.– есеп және аудит, құқықтану, бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Утепбергенова К.У. – агротехнологиялық бөлім меңгерушісі;

Қошқаров Е.Қ – агротехнологиялық (ауыл шаруашылығын механикаландыру) бөлімнің меңгерушісі;

Жайсаңбаев Д.О.– ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Тексбаева Г.З.- қысқа мерзімді курстар меңгерушісі;

Даутбаев Н.Н. – алғашқы әскери дайындық жетекшісі;

Қозыбаева А. – медбике

Тукусбаева И.М. – педагог – психолог

Далелхан Б. Д.- жалпы пәндер, қоғамдық пәндер және ауыл шаруашылығын механикаландыру кафедра меңгерушісі

Текесбаева Г.З. – электрмен қамтамасыз ету және тілдер кафедрасы кафедра меңгерушісі

Султанбекова А. – агротехнлогиялық пәндер кафедра меңгерушісі

Токаева Д.Е.- есеп және аудит және бағдарламамен қамтасыз ету кафедра меңгерушісі

10 of 17

Білім алушылардың контингенті

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 7 мамандық бойынша негізгі орта білім және жалпы орта білім базасында мамандар даярлауды жүзеге асырады:

07310300 – Жерге орналастыру;

07211300 –Тағам өндірісінің технологиясы;

07130200 – Электр қуатымен қамтамасыз ету (салалар бойынша);

07161300 – Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;

06120100– Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша);

04110100 – Есеп және аудит ;

08410100 – Ветеринария.

11 of 17

Жыл сайын ақылы негізде мамандар даярлауға екі жақты келісім шарт жасалады. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету, яғни 63 – бап. Білім беру беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы негізінде, колледж әкімшілігі мынадай тоқтамға келді: бір оқу жылына оқыту үшін ақы төлеу құны әр білім алушыға биылғы оқу жылында 306000 (үш жүз алты мың) теңгені құрайды.

Білім алушылардың контингенті

12 of 17

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы, қамкөңіл және толық емес отбасынан шыққан білім алушылардың құжаттары жасалынып, тиісті мемлекет тарапынан бөлінетін көмекке ұсынылды.

Қазан айының 4 жұлдызында жоғарыда көрсетілген аты - аталған жұмыстар бойынша Алматы облысы білім басқармасының техникалық – кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің мамандарына кезекті есеп (сандық, жазбаша) үлгіде беріледі.

Қазіргі уақытта ерекше әлеуметтік жағдайдағы, жетім және ата - ана қамқорлығынсыз қалған білім алушылардың тізімдері бекітіліп, құжаттары реттелді. Жалпы колледжде ата - ана қамқорлығынсыз қалған білім алушылар саны – 6. Оның барлығы бюджет топта.

13 of 17

КОЛЛЕДЖДІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

  • 1.1.     Колледждің ішкі тәртіп Ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және колледж Жарғысына толық сәйкестендіріліп жасалды.
  • 1.2.     Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың еңбекке құқығы бар, яғни біліміне, кәсіби дайындығына, қабілеттілігіне, бейімділігіне сәйкес жұмыс түрі мен кәсіпті таңдауға құқығын қоса отырып және қоғамдық қажеттіліктерді ескерумен мемлекет бекіткен ең аз мөлшердегі жалақыдан төмен болмайтын еңбек ақысы бар жұмысты істеуге құқы бар.
  • Еңбек және оқу тәртібі қалыпты жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті ұйымдық және экономикалық жағдайларды жасаумен, сендіру, тәрбиелеу әдістерімен, еңбекке саналы қараумен, сонымен қатар адал жұмысы үшін ынталандырумен қамтамасыз етіледі.
  • 1.3.     Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ішкі тәртіп Ережесінің мақсаты ұжым мүшелерін еңбек пен оқуға саналы көзқарас рухында тәрбиелеуге, еңбек және оқу процесін жақсартуға, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңынан туындайтын колледждің басты міндеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік жасауға негізделіп жасалған.

14 of 17

Колледждің  оқытушылар құрамы міндетті:�

  • 1) өз мамандығы бойынша оқу, ғылыми және әдістемелік жұмысты жоғары теориялық және кәсіби деңгейде жүргізуге;
  • 2) студенттердің гуманитарлық – адамгершілік тәрбиесін сабақ уақытында, сонымен қатар тұратын жерінде жүзеге асыруға;
  • 3) теориялық және кәсіби білімді, практикалық тәжірибені, ғылыми зерттеулерді өткізу әдістерін педагогикалық шеберлікті жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс істеуге;
  • 4) студенттермен жеке жұмыс істеуді  жетілдіруге, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетуге студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін аралық аттестациялауды үнемі жүргізіп отыруға және әкімшілікке хабарлауға;
  • 5) студенттердің практикалық дайындығына, оларды жұмыс кәсібіне оқытуға, өндірістік жұмыс пен практикаға басшылық жасауға қатысуға;
  • 6) педагогикалық кадрлардың біліктілігін дайындау мен көтеруге қатысуға;
  • 7) студенттердің зерттеу жұмыстарына басшылық жасауға;

15 of 17

  • 8) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, көрнекті құралдарды, жұмыс және оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірлеуге қатысуға;
  • 9) оқу процесіне оқытудың техникалық құралдарын кеңінен қолдану бойынша шаралар қабылдауға;
  • 10) лабораторияларды  жарақтандыруды дамыту, бекітілген аудиториялық қорды және бөлімнің материалдық базасын қажетті санитарлық-техникалық жағдайда ұстау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға. Оқытушылар өздеріне бекітілген кабинеттер мен жабдықтарға материалдық жауапкершілік алады;
  • 11) сабақтарды, оқу және өндірістік практикаларды өткізу мерзімінде оқу және өндірістік ғимараттарда тиісті тәртіп пен санитарлық-гигиеналық жағдайды сақтауға;
  • 12) өз күн тәртібін нақты жоспарлауға және оны қатаң орындауға;
  • 13) студенттердің абыройын сыйлауға;

16 of 17

  • 14) колледж мамандықтарын насихаттау мақсатында студенттер құрамын жинақтағанда жастар арасындағы кәсіптік бағдарлау жұмысына қатысуға;
  • 15) колледжді түлектерімен байланысты үнемі жүзеге асырып отыруға, олардың өндірістік жұмысын зерттеуге және оны талдау негізінде студенттерді оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жетілдіруге;
  • 16) педагогикалық этика нормаларын сақтауға, салауатты өмір сүруге және оны студенттер  арасында насихаттауға:
  • 17) себепті жағдаймен жұмысқа келмеуін кез-келген жолмен хабарлауға;
  • 18) оқу журналдарына бағалардың жинақталуын жүзеге асыруға;
  • 19) себепті жағдаймен оқытушының жұмысқа келмеген мерзіміне оның сабағын сәйкес пәнмен ауыстыруға;
  • 20) үлгермеушілермен және сабаққа себепті және себепсіз келмеген студенттермен қосымша сабақтарды кеңес өткізуіге бөлінген сағаттар есебінен ұйымдастыруға;
  • 21) колледж директоры бекіткен, жеке ережелермен қарастырылған шарттарда және тәртіпте, оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік техниканы жетік меңгеруге машықталып жасалған.

17 of 17