ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2021-2022 оқу жылы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар
1-қыркүйек Білім күні!
Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етілді . 2021 жылдың 1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өткізілді.
Ішкі істер бөлімімен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өткізген ата-аналармен түсіндірме жұмысы
Кешкілік уақытта көшеде себепсіз оқушылардың жүрмеуін тәртіп сақшылары мен кеңес мүшелері және сынып жетекшілер жұмыс жасады. Үнемі ата-аналармен кеңес мүшелері тығыз байланыста болды. Оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауын және тәртібін кеңес мүшелері сынып жетекшілерімен үнемі сөйлесіп, отырыстар өткізді.
Қыздармен жұмыс
11 қазан –Халықаралық қыздар күніне байланысты онкүндікте «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбындаАна кеңесі, «Қыз баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктер» психологиялық кеңес, «Бойжеткен ережесі» жаднама, «Қыз инабаттылығымен сәнді» тақырыбында таныстырылым өтті.
Ақтоғай ауылдық ауруханасы ата-аналармен «ковид-19» вакцинасы жайлы түсіндірме жұмысын жүргізуде
Мемлекеттік мекемелер, мемлекттік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстар
«KAZ Minerals Aktogay» компаниясы үнемі демеушілік көрсетіп келеді.
Форумның мақсаты:
Бала тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту,отбасында және бала тәрбиесінде әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін көтеру, қоғамда әкенің рөлін биіктету. Әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу.Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру.
| Бағдарлама
|
Әкелер форумы
«Бір әкенің берген тәрбиесін бере алмайды жүз мектеп!»
Ата-аналармен семинар тренинг
Әкелер мектебі
Әке – бала үшін тау тұлға. Бала әкеге қарап өседі. Әр әке баласына уақыт бөліп, кеңесіп отырғаны дұрыс. Сонда баланың ой өрісі дұрыс қалыптасып, көңіл көкжиегі кеңейіп, кез-келген мәселеге жан-жақты қарауға ұмтылады. Өзі түзу ағаштың көлеңкесі еш уақытта қисық болмайды. Дұрыс әке дұрыс тәрбие берсе, қоғамның дұрыс дамуына айтарлықтай үлес қосары анық.
Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан ата-әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз.
Қарты бар үйдің қазынасы бар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес істері бойынша «Адал ұрпақ» клубының мектепішілік жұмыс жоспары жасалынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Айбек Нұғмаровпен «Адалдық сағаты», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы Мурат Толеубаевпен «Адалдық сағаты», Мұхтар Әуезовпен «Адалдық сағаты» оқушылармен сынып сағаттары өтті. WhatsApp желісі арқылы ата-аналар топтарына жіберілді, талқыланды, мектеп сайтына салынды.Оқушылар арасында «Адал сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет конкурсы ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Адал ұрпақ клубы
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Шакаримова Гулнар оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында қараша айында тәрбие сағаттары өткізілді.
Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиыналыс 5-11 сынып оқушылар арасында өтті.«Адал ұрпақ» еріктілер ұйымының топ басшысы және құрамына 10 оқушы сайланды.
«Дебат «Жастардың бойында патртиотизмді арнайы тәрбиелеу қажет пе?» 5-9 сынып арасында өтті.
«Діни экстримзм мен терроризмнің алдын алу»
«Қазақстанда тыйым салынған діни бірлестіктер” тақырыбында 9-11сыныптар мен АӘД мұғалімі А.Х. Сакимбай баяндама оқыды. Мектеп психологы А.К.Шарипов оқушыларға жаднама таратты.
Мектеп парламентінің саны: | 1 |
Фракциялар саны: | 8 |
Оның ішінде оқушы саны: | 20 |
Қорғаншылық кеңеске қатысатын оқушы саны: | 1 |
Педагогикалық кеңеске қатысатын оқушы саны: | 1 |
Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесіне қатысатын оқуы саны | 10 |
Акциялар саны: | 3 |
Жобалар саны: | 4 |
Оның ішінде оқушы саны: | 15 |
Мектеп парламенті
Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі –зорлық- зомбылықтың, қылмыстың, құқықбұзушылықтың, өз-өзіне қол дұмсаудың алдын алу. Мектебімізде жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық қасиеттерін дамыту және қалыптастыру үдерісі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануына жәрдемдеседі.
Зорлық – зомбылықтың алдын алу
Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселелерін шешу
С.Сейфуллин атындағы жалпы
жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ-де «Бақытты бала-
бақытты ана-бақытты отбасы
-бақытты ел» атты (оффлайн)жалпы
мектепшілік ата-аналар жиналысы
болып өтті.
Ата-аналар жиналысы
Сынып жетекшілер отырысы
«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы
«Мектепке жол» акциясы туралы ақпарат.
«С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебі»КММ бойынша 2021-2022 оқу жылында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 40 оқушыға ТОО «КазМинералис» компаниясы демеушілік көмек көрсетіп, оқу құралдарын, рюкзак әперді.
| Қайырымдылық көмек түрі | Берілген оқушы саны | Соммасы |
1 | Рюкзак, оқу құрал жабдықтарымен | 125 | 25000 |
Барлық құны: 3125000 теңгеге көмек көрсетілді. | |||
«Ұлттық мәртебе күні»
Рухани жаңғыру «Ұлттық ойындар»
«Азамат» дебат клубы
Рухани жаңғыру «Мектеп дауысы-2021»
Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына байланысты «Мектеп дауысы-2021» ән байқауы өтті. Алғашқы кезең көрмей таңдау арқылы өтті.Екінші кезеңге өткен оқушылар жұптасып өнер көрсетті. Ақтық мәре екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде еркін тақырыпта ән айтса, екінші бөлімде патриоттық әндерден сайысты. Байқау жеңімпазы Нурсейтов Әли 8 сынып оқушысы мектеп әкімшілігі демеушілік көрсетіп тіккен қомақты ақшалай сыйлықты иеленді.
Рухани жаңғыру «Шараның ізбасарлары»
қазақтың ұлттық би байқауы
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына байланысты ұлтық би байқауы өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шара
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылған газеттер мен көрме байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына байланысты тәрбие сағаттары.
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу және биатлон сайысы
8-наурыз мерекесі «Ана- өмірдің гүлі»
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз
1-мамыр Бірлік күні
Кәсіби бағдар- мамандық таңдау
7 мамыр, 9 мамыр мерекелері
Соңғы қоңырау
Балалар күні
Рәміздер күні