"Алтын белгі" үміткерлерінің жазба жұмысы: кемшіліктер мен ұсыныстар
БҚО, Орал қаласы
№41 мектеп-лицейі
Капашева Г.Н, педагог-зерттеуші
Мақсаты: математика пәні мұғалімдеріне қорытынды аттестаттау, «Алтын белгіге» үміткерлерді қолдау, дайындау бойынша ұсыныстар беру
А бөлімі - ____ балл
В бөлімі - ____ балл
Жалпы балл - ____
Бағасы - __ (жазумен)
Егер оқушы емтиханнан «5» немесе «2» алған жағдайда рецензия жазылады.
Емтихан комиссиясының төрағасы (қолы)______Комиссия төрағасының аты-жөні
Емтихан қабылдаушы мұғалім(қолы)__________ Мұғалімнің аты-жөні
Ассистенттер (қолы)_______________________Ассистенттердің аты-жөні
Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды: «Сандар», «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ».
«Сандар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сандар және шамалар туралы түсініктер;
2) сандарға амалдар қолдану.
«Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру;
2) теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары;
3) тізбектер және олардың қосындысы; тригонометрия.
«Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жиындар теориясы және логика элементтері;
2) комбинаторика негіздері;
3) ықтималдықтар теориясының негіздері;
4) статистика және деректерді талдау.
«Математикалық модельдеу және анализ» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) математикалық анализ бастамалары;
2) математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару;
3) математикалық тіл және математикалық модель.
Емтихан жұмыстарын тексеру
Емтихан жұмысындағы қателіктердің асты сызылып көрсетіледі.
Өрескел қателіктер: оқушының формуланы, ережелерді, негізгі қасиеттерді,
оқулықтарда келтірілген есептердің шығару тәсілдерін білмеуі,сонымен қатар түбірді жоғалтып алу немесе жауапқа бөгде түбір алу, есептеу барысындағы қателіктер.
Жай қателіктер: түбірлердің бірін түсіндірмей қалдырып кету және оған ұқсас қателіктер.
Кемшіліктер: шешуде тиімсіз тәсіл қолдану, түсіндірмелердің жеткіліксіздігі, өлшем бірліктердің болмауы, координата осьтерін белгілемеу, сандық түзудің бағытын белгілемеу.
Есеп шешімдерін толық жазу!
Есептің жауабын жазу қажет!
Назарларыңызға рақмет!