Қазақ әдебиеті пәнінде ұлттық құндылықтарға негізделген сапалы білімді қалыптастырудағы көркем шығарманың рөлі
Мақсатым:
- Әбіш Кекілбаевтің «Бір шоқ жиде» повесінде көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды өмірлік тәжірибемен байланыстыру;
- Оқу процесі барысында оқушыларға адами қасиеттерді үлгі ету.
Жеті атасынан бергі бабаларының өз белінен тараған ұрпақсыз өтіп, арманда кеткен Тілеубек қарт
«Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле.»
И.А.Бунин
«Миға шабуыл»
Тілеудің жанынан тастамайтын қоржынының сыры неде?
Тілеудің арманы неліктен орындалмады?
Ешкімнің ала жібін аттамаған, бір ауыз ғайбат сөйлемеген, ешкімге жел болып тимеген
Ер жеткелі ешкімнің тауын жықпаған, еткен еңбегінің ақысын адамнан емес, Алладан сұраған
Жасында қыздың ең сұлуын алып, баланың да ең жақсысы өз беліңнен болғанын қалап жүріп, ойыншығы шашылған балалы үйді елестетіп өткен
«Тіршілікте адалдықтан асқан қандай ерлік керек! Дүниенің берекесі - әркімнің өз шаңырағы, өз өлең төсегінде үбірлі-шүбірлі өз әулетінің қамын ғана жеп, басқаның бағы мен байлығына көз алартпай, АДАЛ жүргенде емес пе?
Кейіпкерге мінездеме
«Кісі өлімге риза болушы ма еді? Өлсең де қадіріңді біліп, атыңды ұмытпайтын ел-жұртың мен ұрпағың болса, өлімнің несі үрей, несі жаман?
Ақыл-есің дұрысында жөнелу кез-келгенге бұйыра бермейтін бақыт! «Оң жақта ақ жуып, арулап шығаратын ағайынның көзі барда, балаларының алдында кетсе, арманым жоқ!»
«Қазіргі жастар ырзық бұйырған жерді базарлап жүреді емес пе? Сенен қалған қонысты иемденіп отырар заман кеткен екен.
Апырау, аң екеш аң да енесіне еріп, атасының баулығанына көнеді ғой. Сонда біз солай болмадық па?»
Кейіпкердің
адамдық
бейнесі:
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Салт-дәстүрлер
Ас табаққа бата беру
Өз перзентін туысының бауырына салу
Оң босағадағы жүкті қыздың ұяты
Сүйек мүшелей білу, табақ тарту, сүбелі сыбаға сақтау
Жоқ іздеген адамға «Қолүзік беру»
Сүйінші сұрау . Жоқтау жыры
Салт-дәстүрлер
Жеті атасын жаттату
Жолаушы алыс жолдан аман-есен оралғанда құдайы марқа сою
Құда түсу
Өз үйінде асықты жілік ұстамауы
Ат тергеу , Сәбиге байланысты дәстүрлер, Ит қуу
«Ерулік беру» салты
Топтастыру
Бата-тілек
«Бағың жансын!» «Есесі Алладан қайтсын!» «Үбірлі-шүбірлі болсын!»
«Жан-жағыңда қара домалақтарың бірі етегіңе, бірі жеңіңе жармассын!»
«Ұрпағың батаменен көгерсін!»
«Құдай тек қу басыңды сопитып ұрпақсыз қалғаннан сақтасын!»
«Өзіме бұйырмаған балама бұйырсын!
«Құлазыған бауырымды Алла жарылқасын!»
«Ақ сүтіңді өтер адал перзент бұйырсын!»
Нақыл сөздер
«Өз дастарханыңа бата жасағаның – жалыңның жалаңаштанғаны, сарқыт асатар кісіңнің жоқтығы – көсегеңнің көгермегені»
«Ұрғашының аузы жалпылдағаннан, еркектің көзі жаутаңдағаннан сақтасын!
«Қарғыс алған оңбас!», «Баталы ұл арымас, батасыз ұл жарымас»
«Кісіге қимайтыныңды балаңа ғана қия аласың»
Ырым-тыйымдар
Келіні жүкті болуы үшін жілікті керегеге байлау
Жүкті адамға елге сыйлы адамның сарқытын ішкізу
Ер-тоқымын жастанып жату
Мойнына бұршақ салу
Сәби шетінеп кете берсе
Сәбидің қарын шашын елге сыйлы адамға алдыру
Төрге көрік ілу
Ырым-тыйымдар
Жер-ошаққа омырау сүтін сауып беру ырымы
Жас бала мен жас ботаға көз тоқтатып қарамау
Кісіден бала асырасаң, асық жілікті ұстату
Үйге жүгіріп кірмеу
Әр сәби өз ырыс-несібесімен келеді
Ит көйлек
Халықтық жорамал ем-дом
Жыл санау, он екі мүшел. Түс жору
Әйелдің шашын жайып отыруы Қаралы үйдің сырнайы шыққыр келеді
Байғыз қуанышты шықылықтаса -- өмірге сәби келеді, күңіреніп шықылдаса -- қайғылы жағдай болады;
Сәбидің жасын пішеннің неше рет шабылғанымен санау;
Қарақұйрықтың жылы қаны тұла бойыңдағы ауруды сорып алады, жас қозының қаны сәбиге ауыр болады
Топтық жұмыс
Діни-жоралғылар
Підиә салты. Естірту
Зират басында бөгелмеу, артына қарамау
Қазалы үйдің әйелі шашын жайып, аза тұтуы
Өлі аруақтың басында құран бағыштау
Алыс сапарға шығарда арулайтын керекті құралдары мен ақтық киімін қоржында жанында ұстау
Зират басын қарайту
Топтық жұмыс
«Өз тамырынан өрбіген бір перзент болса, Тілеудің арты осынша құлазып жатар ма еді? Сонда адам ұрпақтың тілеуін неге тілейді? Сонда артыңда не қалады? Сонда сенен өрбіген ұрпаққа не бұйырады? Сонда баланың ата-ана алдындағы парызы қайда?
Ағаш екеш ағаштың да бұтағынан бұтақ өрбіп, артына із тастайды. Ал адам ше? Сонда адамның ізі тек өз белінен туған перзенті ме?
Пысықтау
Ойталқы
Кері байланыс
Р е ф л е к с и я