1 of 22

«Каспий итбалығының жай-күйін мониторингтік зерттеу»

Баяндаушы: «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі,

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

Қыдырманов Айдын Исагалиевич

Ақтау, 8-12 тамыз 2022 ж.

2 of 22

Теңіз сүтқоректілері популяциясының жай-күйін бақылау жабайы табиғатты сақтаудың және адам мен жануарлардың денсаулығына ықтимал қауіптерді бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде экологиялық-эпидемиологиялық зерттеулердің маңызды ғылыми бағыттарының бірі болып табылады. Адамдармен жиі және ұзақ байланыста болатын жануарларды зерттеу өзекті мәселе.

"МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ"

3 of 22

Теңіз сүтқоректілерінің вирустық ауру түрлері Аденовирус

Калицивирус (Сан-Мигель теңіз арыстанының вирусы):

Герпесвирус

Тұмау вирусы

Морбилливирус

Поксвирус

Түрлі вирустық аурулар: Lyssavirus, Ephemerovirus, Vesiculovirus,

Теңіз сүтқоректілерінің бактериялық ауру түрлері

Актиномицет

Бруцеллез

Клостридиальды миозит

Пневмония

Тілме

Лептоспироз

Стрептотрикоз (тері дерматофилозы)

Микобактериялар

Микоплазмоз

"МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ"

4 of 22

Каспий итбалықтарында кездесетін ауруларды зерттеу

  • Каспий итбалығының алғашқы құжатталған жаппай қырылуы 1931 жылы Тюлений аралдарында (Ресей, Дағыстан) тіркелді, сол кезде жағалаудан 100 м жерден алты өлексе табылды, бірақ себебі анықталмады.
  • Тағы бір жаппай қырылу 1955-56 жылдары тіркелді, бұл кезде 30 мыңға жуық жануар қырылды, онда итбалықтар өлімінің себебі ретінде тек қана бактериологиялық талдау негізінде диплококк инфекциясы аталды.
  • 1976-1999 жылдар аралығында С.С. Ямников өзге авторлармен бірге, Солтүстік Каспийдегі жабайы құстардың популяцияларында А тұмауы вирусының айналымына мониторинг жүргізу барысында Каспий итбалығының 152 дарасынан алынған сынамаларды зерттеді, бірақ олар инфекция жұқтырған жануарларды анықтай алмады.
  • Кейінірек 1993-2000 жылдары жиналған Каспий итбалықтарының қан сарысуын зерттегенде, сүтқоректілердің 1979-1981 жылдары адамдар арасында тараған А/Бангкок/1/79 эпидемиялық вирустарын жұқтырғаны анықталды.
  • Кейінірек А.М. Шестопалов және т.б., және З.К. Чувакова және т.б. 2000-2002 жылдар. сәуір-маусым айларында Каспий итбалықтарының жаппай қырылуы кезінде өлі жануардан жиналған материалдардан А (H7N7) тұмауының вирусыының оқшауланғны туралы хабарлады. Алайда, әдебиеттерде тұмау А (H7N7) вирусының эпизоотиялық штаммының филогенетикалық немесе патобиологиялық қасиеттері туралы қандай да бір дерек жоқ.
  • 2002 және 2012 жылдары Ресей суларында Каспий итбалықтарынан А (H4N6) тұмауы вирустары алынған. Бұл итбалық изоляты классикалық еуразиялық құс тұмауы вирустарымен тығыз байланысты болды.
  • 1997-2000 жж Каспий жағалауында итбалық бірнеше жаппай қырылуы байқалды. CDV 1997 жылы оң ПТР нәтижелері бойынша Әзербайжанда табылған өлекселерден этиологиялық агент ретінде анықталды және серологиялық зерттеулер 1997 жылдың көктеміне дейін итбалық популяциясында бұл вирус таралғанын көрсетті.
  • 2000 жылдың көктемінде тағы бір CDV эпизоотиясы болды, нәтижесінде 10 000 жануар қырылды, инфекциялар бронх-интерстициальды пневмониямен, лимфоцитарлық некрозмен және лимфоидты мүшелердің тозуымен сипатталды. CDV эпизоотиясы RT-ПТР, иммуногистохимиялық және филогенетикалық талдау арқылы расталды.
  • 2000 жылы CDV эпизоотиясы кезінде өлген итбалықтарда Bordetella bronchiseptica, Streptococcus phocae, Salmonella dublin и S. choleraesuis сияқты қатар жүретін бактериялық инфекциялар анықталды [41]

5 of 22

Сондай-ақ Каспий итбалықтарында псевдоамфистомиаз (Pseudamphistomum truncatum трематодының қоздырғышы),

анисакиоз (Anisakis schupakovi нематоды), эустрогилидоз (Eustrongylides excisus нематоды) және кориносомоз (Acanthocephalan parasite - castrumoals in cagrinos) сияқты паразиттік аурулар да анықталған.

6 of 22

7 of 22

8 of 22

4-сурет – Белектың шіріген мәйіті (өлген уақыты 2009 жылдың ақпаны)

9 of 22

10 of 22

А2-сурет – Нақты уақыттағы RT-ПТР кезінде Каспий итбалықтарының жағындыларында А тұмауы вирусының NP генін амплификация

11 of 22

А3-сурет – Нақты уақыт режимінде RT-ПТР Каспий итбалықтарының жууларында PhHV-1 герпесвирус итбалық вирусының gB генін амплификациялар.

12 of 22

Сарысуды алу кезеңі (жыл)

Сарысудың көлемі

IgG антиденесі бар сарысудың көлемі:

А тұмауы вирусына

етқоректілер обасы вирусына

аденовируске

герпесвируске

иттердің короновирусына

2007

6

0 (>0,6*)

0 (>0,4***)

3

-

1

2008

8

0 (>0,6)

0 (>0,4)

-

7

-

2009

4

0 (>0,6)

2 (0,25 – 0,37)

1

2

-

2010

2

0 (>0,6)

1 (0,31)

-

2

-

2011

27

5 (0,31 - 0,58)**

19 (0,12 - 0,38)

9

24

-

2012

11

1 (0,37)

6 (0,10 - 0,32)

2

10

-

2013

8

0 (>0,6)

3 (0,36 - 0,39)

-

3

-

2014

3

0 (>0,6)

0 (>0,4)

1

2

-

2015

1

0 (>0,6)

0 (>0,4)

-

-

-

2016

19

3 (0,25 – 0,46)

15 (0,11 - 0,39)

2

17

3

Ескертулер – * А тұмауы вирусына теріс сарысулардың оптикалық тығыздығы көрсеткіштерінің мәндері;

** Мұнда және төменде оң сарысулардың оптикалық тығыздық мәндерінің диапазоны курсивпен берілген;

*** Етқоректілер обасы вирусына теріс сарысулардың оптикалық тығыздығы көрсеткіштерінің мәндері.

А8 кесте – Вирустық инфекциялардың қоздырғыштарына IgG антиденелерінің болуын ИФТ-да итбалықтардың қан сарысуын зерттеу нәтижелері

13 of 22

14 of 22

А4-сурет – GenBank-те тіркелген Каспий итбалығының морбилливирустары мен вирустарының толық геномының филогенетикалық сипаттамасы

15 of 22

5-сурет – Каспий итбалығы аденовирусының филогенетикалық байланыстарының дендрограммасы.

16 of 22

Каспий итбалықтарының тыныс алу және асқазан-ішек жолдарының микробиомасын талдау

2-сурет - Каспий итбалығының мұрын қуысының микробиомасының түр құрылымы

3-сурет – Каспий итбалығының ауыз қуысы микробиомасының түр құрылымы

17 of 22

Каспий итбалықтарының тыныс алу және асқазан-ішек жолдарының микробиомасын талдау

4-сурет - Каспий итбалығының зәр-жыныс жолдарының микробиомасының түр құрылымы

5-сурет - Каспий итбалығының тік ішек шайындыларының микробиомасының түр құрылымы

18 of 22

Каспий итбалығының микробиомасын зерттеу

Каспий итбалығының ересек аталығының ауыз микробиомасы

Каспий итбалығының ересек аталығындағы кератоконъюнктивит

"МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ

ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ"

19 of 22

  • Каспий итбалығының микрофлорасын салыстырмалы зерттеу нәтижесінде 2019-2020 жылдары жиналған шайындылардың микробиомалық профилінің ұқсастығы анықталды.
  • Жануарлардың жынысы мен жас тобына тән бактериялар тұқымдасының пайызында өзгешеліктер болды. Каспий итбалықтарының микробиомында Moraxella бактериялар тұқымдасының басым болуын осы жануарлардағы кератоконъюнктивиттің ықтимал себебі ретінде қарастырған жөн.
  • Каспий итбалықтарының зәр-жыныс жолдарының сынамаларында бруцеллез, микоплазмоз және уреплазмоз сияқты жануарлардың репродуктивті жүйесінің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары анықталмады
  • Зерттеулер итбалықтар популяциясына клиникалық маңызды бактериялық қоздырғыштардың интродукциясын анықтау үшін Каспий итбалықтарының микробиомасына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігін көрсетеді.

"МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ

ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ"

20 of 22

Каспий итбалығының виромы

  • Каспий итбалығында Picornaviridae, Adenoviridae, Circoviridae, Herpesviridae, Papillomaviridae, Caliciviridae, Orthomyxoviridae, Paramyxoviridae, Smacoviridae, Anelloviridae и Parvoviridae сияқты вирус тұқымдастары анықталды. Бұл тұқымдастардың кейбірі жаңа вирустарды қамтиды. Бұл - Каспий итбалығы виромын скринингтен өткізген алғашқы жұмыс және осы жануарлардағы вирустық қауымдастықтың күрделілігін түсінуге ықпал ететін терең зерттеулерге жол ашады.

1-сурет – Әртүрлі отбасылардың вирустарымен байланысты тізбектердің пайызы.

21 of 22

  • Жаппай параллель секвенирлеуді қолдана отырып, теңіздің қазақстандық бөлігінде 2020 жылдың қарашасында жиналған материалдардан Каспий итбалығының үш жаңа вирусын анықтадық.
  • Каспий итбалығының жаңа вирустары шартты түрде papilloma-like (Human papillomavirus type), lentivirus-like (Equine infectious anemia virus) и retrovirus-like (Human endogenous retrovirus) вирустарына жатқызылды.
  • 2020 жылғы клиникалық материалдардан айырмашылығы, 2019 жылы зерттелген Каспий итбалығы сынамаларынан Orthopneumovirus, Pestivirus, Retroviruses, Herpesvirus и Papillomavirus тұқымдасына жататын вирустар табылды.
  • 2020 жылы жиналған итбалықтардың шайынды үлгілерінде аталған вирус тұқымдастарының ішінде тек папиломавирус және ретровирус (Equine infectious anemia virus – жылқылардың жұқпалы анемия вирусы) болған.

"МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ

ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ"

22 of 22

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Қыдырманов Айдын Исагалиевич

Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы

вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі

Тел.: +701 3 844 844

+777 3 844 844

E-mail: aidyn.kydyrmanov@gmail.com

kydyrmanov@yandex.kz

 

Байланыс мәліметтері: