1 of 72

1

2-МОДУЛЬ.

ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНЕ ШОЛУ

2 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

2

Семинар жоспары (90мин):

  1. Кіріспе (5 мин)
  2. «Менің күшті жақтарым» шағын тренинг (5 мин)
  3. Талдау үшін сұрақтар. «Ой-талқы» әдісі (10 мин)
  4. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 мин)
  5. Практикалық тапсырма (50 мин)
  6. Қорытынды, рефлексия (10 мин)

3 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

3

1. Кіріспе (5 мин). Таныстыру. Шағын топтарға бөлу.

 

2. «Менің күшті жақтарым» шағын тренинг (10 мин).

Әрбір қатысушы өзінің 3-5 мықты қасиеттерін (мысалы, креативтілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, ортақ тіл таба білуі және т.б.) жазады.

Содан кейін қатысушылар өз жазбаларын қалауы бойынша топпен бөліседі немесе оларды жұптасып талқылайды.

4 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

4

3. Талдау үшін сұрақтар. «Ой-талқы» әдісі (10 мин)

1. Қаржы жүйесі дегеніміз не және оның экономикадағы рөлі қандай? Қазақстанның қаржы жүйесінің қандай негізгі элементтерін білесіз?

2. Қазақстанда қаржы институттарының қызметін қандай заңдар мен Кодекстер реттейді?

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі функциялары қандай?

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің рөлі қандай?

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы жүйесіндегі орны қандай?

6. Екінші деңгейдегі банктердің экономикадағы рөлі қандай?

7. Микроқаржы ұйымдары қызметінің ерекшеліктері неде?

8. Сақтандыру ұйымдарының қаржы жүйесіндегі маңызы қандай?

9. Валюта нарығындағы айырбастау пункттерінің рөлі қандай?

10. АХҚО («Астана» халықаралық қаржы орталығы) туралы не білесіз және халықаралық қаржы нарығында қандай орын алады?

5 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

5

4. Теориялық материалдармен танысу және талқылау (10 минут):

3-бейнеролик: Қаржы жүйесіне шолу

Презентация. 2-модуль. Қаржы жүйесіне шолу: Ұлттық заңнама, мемлекеттік экономикалық реттеушілер: ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚР Қаржы министрлігі, АХҚО («Астана» халықаралық қаржы орталығы), Екінші деңгейдегі банктер, Валюта айырбастау пункттері, Микроқаржы ұйымдары, Сақтандыру ұйымдары

Теория жеке құжатта қосымша сипатталған.

6 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

6

ҚР Конституциясы

ҚР Азаматтық кодексі

«ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заң

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заң

Қазақстанның қаржы жүйесі бұл ел экономикасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың, құралдар мен тетіктердің жиынтығы. Оған банк секторы, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ), сақтандыру компаниялары, халықаралық қаржы алаңдары және мемлекеттік реттеуші органдар кіреді.

Ұлттық заңнама

Қазақстанның қаржы жүйесі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, инвестициялық компаниялардың және басқа да қаржы институттарының қызметін реттейтін ұлттық заңнамаға сәйкес жұмыс істейді.

Негізгі заңнамалық актілер:

«ҚР Банктер және банк қызметі туралы» Заң

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заң

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң

«Микроқаржылық қызмет туралы» Заң

«Сақтандыру қызметі туралы» Заң

басқа да заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер (МО бұйрықтары, ҚРҰБ және ҚНРДА Басқарма қаулылары)

7 of 72

Мемлекеттің экономикалық реттеушілері

7

Ұлттық Банк

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі және Президентке есеп береді, тікелей бағынады. Басты мақсат – бағаның тұрақтылығы. Негізгі міндеттері: ақша-кредит саясаты, валюталық реттеу, төлем жүйелері, қаржы жүйесінің тұрақтылығы және статистика.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)

Президентке есеп беретін, қаржы нарығын реттейтін, бақылайтын және дамытатын, қаржы ұйымдары үшін лицензиялар беретін және нормаларды белгілейтін мемлекеттік орган.

Қаржы министрлігі

Үкімет құрамындағы мемлекеттік қаржыны, Республикалық бюджетті басқаратын мемлекеттік орган, бюджеттік жоспарлауға, салықтар мен кеден ісіне, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдік берген қарыздарға, ішкі аудит пен мемлекеттік сатып алуға жауап береді.

8 of 72

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

8

АХҚО — бұл 2018 жылы құрылған шетелдік инвесторларды тарту және Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға арналған арнайы қаржы аймағы. Оның ерекшелігі - ағылшын жалпы құқығын, тәуелсіз сотты және 2066 жылға дейінгі салық жеңілдіктерін қолдануында. Бұл жағдайлар АХҚО-ны халықаралық компаниялар үшін тартымды етеді және заңдық тәуекелдерді төмендетеді.

АХҚО-ның мақсаты – жетекші халықаралық қаржылық орталық қалыптастыру. Ол нарықты AIX (Astana International Exchange) қор биржасы, қаржы технологиялары (қаржытех), ислам қаржылары арқылы дамытады, сондай-ақ капитал нарығына жеңілдетілген қол жеткізуді ұсынады. АХҚО-ның қадағалаушы органы – АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) барлық қатысушылар қызметінің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

Осылайша, АХҚО – Орталық Азиядағы стратегиялық қаржылық хабы, ол инновацияларды қолдайды, қазақстандық және халықаралық нарықтарға инвесторлардың қол жеткізуін жеңілдетеді және әлемдік қаржы жүйесінде Қазақстанның орнын нығайтады.

9 of 72

Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензиясы бар коммерциялық банктер. Олар кредиттеуді, есептеу-кассалық операцияларын, инвестициялық және басқа да банк қызметтерін атқарады.

9

Банктердің негізгі функцияларына

салымдарды тарту

әртүрлі кредиттерді ұсыну

есептік операцияларды жүргізу

валюта айырбастау

халықаралық аударымдар жатады.

ЕДБ Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қолдауда, қаржы ағынын және өтімділігін басқаруда маңызды рөл атқарады. Олар бизнесті қолдайды, мемлекеттік бағдарламаларға қатысады және халықаралық қаржы нарықтарына шығуға көмектеседі.

Екінші деңгейлі банктер

Банктер экономиканың өсуіне ықпал ете отырып, халыққа және бизнеске қаржылық қызметтерді қолжетімді етеді. Мемлекет клиенттердің мүдделерін қорғау және қаржылық дағдарыстарға жол бермеу үшін банктердің қызметін бақылайды.

10 of 72

Айырбастау пункттері

10

Микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) –жеке тұлғаларға және кәсіпкерлерге шағын кредиттер беретін қаржы ұйымдары. Олар ҚНРДА-ның лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

МҚҰ-ның негізгі міндеті –банктерден кредит ала алмайтын адамдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету. МҚҰ-ға кредиттік серіктестіктер және ломбардтар да жатады.

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын айырбастау тек екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттері және банктік емес айырбастау пункттерінде жүзеге асырылады.

Олар нарықтағы жағдайға және сұранысқа байланысты курсты белгілей отырып, жеке тұлғалардан валютаны сатып алады және сатады. Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

Бұл әртүрлi тәуекелдерден жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін қаржы нарығының басты ойыншылары. Олар сақтандыру шарттарын жасайды, сақтандыру жағдайы басталған кезде өтемақы төлейді.

Сақтандыру екi салада жүзеге асырылады: жалпы сақтандыру және өмiрдi сақтандыру.

Сақтандыру мiндеттiлiк дәрежесi бойынша ерiктi және мiндеттi болып бөлiнедi.

Сақтандыру ұйымдары

МҚҰ

11 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

11

5. Практикалық тапсырмалар (50 мин)

1-тапсырма: Әрбір топ Қазақстанның қаржы жүйесінің элементтерінің бірін зерттейді. Алдымен топта талқылап, сосын зерттеу нәтижелерін басқа топтарға түсіндіру қажет. (30 минут)

1-топ: Екінші деңгейдегі банктер.

2-топ: Микроқаржы ұйымдары.

3-топ: Сақтандыру ұйымдары.

4-топ: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО).

 

Презентация құрылымы:

- Элементті анықтау және оның функцияларын сипаттау

- Экономикадағы рөлі мен маңызы

- Плюстері мен минустары

- Даму проблемалары мен перспективалары

- Нақты мысалдар (кемінде 2 мысал) (АХҚО тобынан басқасы)

12 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

12

2-тапсырма. Төрт топқа арналған «Ұлттық қаржы жүйесіне шолу» тақырыбы бойынша жағдайға байланысты кейс-тапсырма. (20 минут)

Топтық тапсырма:

1-топ: Екінші деңгейдегі банктер

Жағдай: А есімді азамат 500 мың теңге сомада кепілдіксіз тұтынушылық кредит алуға ниетті.

Тапсырма:

- банктік көрсетілетін қызметті және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерін атап өтіңіз;

- ашық дереккөздерде және/немесе банктердің ресми сайттарында (мысалы, халық және форте сайты және т.б.) әртүрлі банктердегі кредит беру шарттарын (пайыздық мөлшерлеме, мерзім) салыстырыңыз;

- А есімді азаматтың ай сайынғы табысы 300 мың теңге болатынын ескере отырып, оған кредитті уақытында төлеп, қарызды мерзімінен бұрын өтей алатын іс-әрекеттерді ұсыныңыз.

https://finance.kz/kredity/calculator сайтынан қаржылық калькуляторды пайдалаңыз

13 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

13

2-топ: Микроқаржы ұйымдары

Жағдай: Д есімді азамат микроқаржы ұйымынан 500 мың теңге сомада қарыз алмақ.

Тапсырма:

- ашық дереккөздерден әртүрлі микроқаржы ұйымдарында қарыз беру шарттарын табыңыз (пайыздық мөлшерлеме, мерзім).

- қарызы уақтылы өтелмеген жағдайда, күнделікті өсімпұлдың сомасын біліңіз.

 

3-топ: Сақтандыру ұйымдары

Жағдай: К есімді азаматша автомобильді сақтандырғысы келеді.

Тапсырма:

- Әртүрлі сақтандыру компанияларын олардың шарттарын көрсете отырып ұсыныңыз.

- Сақтандыру компанияларындағы (онлайн, офлайн және т.б.) сақтандыру процесін сипаттаңыз.

- К есімді азаматша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, қандай төлемдерді ала алады?

- К есімді азаматшаға сақтандырудың тағы қандай түрлерін ұсына аласыз?

14 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

14

4-топ: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО)

Жағдай: Шетелдік инвестор АХҚО алаңында жоба бастығысы келеді.

Тапсырма:

- АХҚО қандай қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынатынын айтып беріңіз.

- АХҚО қызметі туралы білу үшін шетелдік инвесторға қандай заңдарды оқу керек?

- АХҚО-ның халықаралық деңгейдегі артықшылықтары мен ерекшеліктерін атап өтіңіз.

 

15 of 72

2.1. Қаржы жүйесіне шолу

15

6. Рефлексия (10 минут)

Тақырып бойынша тыңдаушылардың әсерлерін тыңдау, кері байланыс алу.

Талқылау үшін сұрақтар:

- Осы тақырыпта өзіңіз үшін қандай жаңа жаңалықтар аштыңыз?

- Сіз үшін неғұрлым пайдалы тұстарды атаңыз?

- Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

- Сіз алған біліміңізді өз сабақтарыңызда қалай қолдана аласыз?

- Семинарды жақсарту бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?

16 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

16

Семинар жоспары :

1. Кіріспе (5 мин)

2. Талдау үшін сұрақтар. «Ой-талқы» әдісі (10 мин)

3. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 мин)

4. Практикалық тапсырма (55 мин)

5. Қорытынды, рефлексия (10 мин)

17 of 72

17

1. Кіріспе (5 мин). Тақырыппен таныстыру.

2. Талдау үшін сұрақтар. «Ой-талқы» әдісі (10 мин)

Сұрақтар:

1. Инфляция дегеніміз не?

2. Инфляция азаматтардың әл-ауқатына, сатып алу қабілетіне және қаражат жинауына қалай әсер етеді? Қандай мысалдар келтіре аласыз?

3. Қазақстанда инфляцияның ағымдағы жағдайы қандай?

4. Ұлттық Банктің инфляция бойынша мақсаты қандай?

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі дегеніміз не? Оның экономикадағы рөлі қандай?

6. Базалық мөлшерлеме инфляцияға, депозиттерге, валюталық бағамға, кредиттеуге және инвестицияларға қалай әсер етеді?

7. Валюта бағамы дегеніміз не? Оның экономика үшін маңызы қандай?

2.2. Инфляция: бұл не?

18 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

18

3. Теориялық материалдармен танысу және талқылау (10 минут):

4-бейнеролик: Инфляция.

Презентация. 2-модуль. Инфляция ұғымы және оның адам өміріне әсері, сондай-ақ базалық мөлшерлеме мен валюталық бағам ұғымдары тақырыптары бойынша теориялық материал.

19 of 72

2.2. Инфляция және оның азаматтардың өміріне әсері

19

Инфляция – бұл уақыттың нақты кезеңі барысында тауарларға және қызметтерге бағаның жалпы жоғарылау процесі. Инфляция кезінде бір сомаға уақыт өте келе аз тауар сатып аласыз, бұл ақшаның сатып алу қабілетін төмендетеді.

Қазақстандағы инфляция тұтыну бағаларының индексімен өлшенеді. Бағаларды бақылауды және белгілеуді барлық республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары және аудан орталықтары бойынша іріктеп, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жүзеге асырады.

5%

20 of 72

Тұтыну бағаларының индексі

20

Тұтыну бағаларының индексі (бұдан әрі – ТБИ) – халық тұтыну үшін сатып алатын тауарларға және қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің өзгеруі. Инфляцияны есептеуге арналған Қазақстанның тұтыну себеті үй шаруашылығы шығыстарының құрылымын көрсетеді және халықтың тұтынуында орын алатын 500-ден астам тауарлар мен қызметтерді қамтиды (2025 жылы – 508).

ТБИ ағымдағы кезең бағаларындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгіленген жиынтығы құнының алдыңғы (базистік) кезеңдегі бағалардың құнына қатынасы ретінде есептеледі.

Инфляция әркім үшін әр түрлі сезілуі мүмкін, себебі әрбір адамның өзінің жеке тұтыну себеті бар, оны тұтыну адамның қалауларына, табыс деңгейіне және т.б. да байланысты.

5%

21 of 72

21

https://gemini.google.com/share/713c0dbc186f

инфляция бойынша дэшборд

22 of 72

Азаматтардың өміріне инфляцияның әсері

22

Жинақтың құнсыздануы – инвестициясыз сақталатын ақша өзінің құнын жоғалтады.

Кредиттер - егер инфляция жоғары болса, қымбаттайды, Орталық Банк пайыздық мөлшерлемені көтере алады және банктер жоғары пайызбен кредит бере бастайды.

Сонымен қатар депозиттер бойынша жоғары ставкалар жергілікті валютадағы активтерді тартымды етеді. Нәтижесінде балансты тұтынудан жинақ балансына қайта бөлу сұранысты, демек, тұтынушылық инфляцияны тежеуге ықпал етеді.

Сатып алу қабілетінің төмендеуі – егер жалақы мен табыс инфляцияға пропорционалды түрде өспесе, адамдар тауарлар мен қызметтерді аз ала алады.

Өмір сүрудің құны өсуі – азық-түлік, тұрғын үй, көлік, коммуналдық қызметтердің бағасы өседі, бұл үй шаруашылықтарының шығысын арттырады.

23 of 72

Инфляцияны қалай және неге басқару керек?

23

Мемлекет Ұлттық Банк пен Үкімет арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ақша-кредит және фискалдық саясатты қолдана отырып, инфляцияға әсер етеді.

Ұлттық Банк бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, Үкімет салықтар, шығыстар, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту және құқытық реттеу арқылы экономиканы реттейді.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орта мерзімді кезеңде жылдық инфляцияны 5%-ға жақын ұстау болып табылады.

Басқарудың негізгі құралдары:

  • Ақша-кредит саясаты (немесе АКС) – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикадағы ақша құнын реттеуге бағытталған шаралар кешені.
  • Фискалдық саясат – мемлекеттік шығыстар мен түсімдерді басқару.

24 of 72

Валюта бағамы �дегеніміз не?

Валюта бағамы – бұл басқа валютада көрсетiлген бір валютаның бағасы (мысалы, доллардың теңгеге қатысты бағамы). Ол тұрақты (орталық банк белгілейді) немесе өзгермелі (нарық қалыптастырады) болуы мүмкін.

Егер ұлттық валюта арзандаса (1 долларға 540-550 теңге) импорттық тауарлар қымбаттайды, ал экспорттық тауарлар тиімдірек болады.

Егер валюта нығайса (1 долларға�540-530 теңге) импорт арзандайды, бірақ экспорт шетелдік сатып алушылар үшін елдің тауарлар бағасының өсуіне байланысты зардап шегуі мүмкін.

24

Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банк коммерциялық банктерге өтімділік беретін және экономикадағы барлық пайыздық мөлшерлемелер үшін бағдар ретінде қызмет атқаратын мөлшерлеме. Базалық мөлшерлеме – ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелеріне және айырбас бағамына әсер ете отырып, инфляция деңгейін тежеуге мүмкіндік беретін Ұлттық Банктің ақша несие саясатының негізгі құралы.

Жоғары мөлшерлеме кредиттерді қымбаттатады, тұтынушылық және бизнес шығындарды азайтады, сонымен қатар депозиттік мөлшерлемелердің жоғарылауы аясында жинақтау әрекетіне ықпал етеді, бұл жалпы инфляцияны төмендетеді.

Төмен мөлшерлеме кредиттерді қолжетімді етеді, инвестициялар мен тұтынуды ынталандырады, бірақ тұтынушылық белсенділік пен инфляцияны арттырады.

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі дегеніміз не?

25 of 72

Инфляцияның өмірге әсері

25

26 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

26

4. Практикалық тапсырма (55 мин)

1-тапсырма: Нақты кірістілікті есептеу (25 мин.)

Мысалы, бір жыл бұрын депозитке 500 000 теңге салдыңыз.

Депозиттің жылдық пайыз мөлшерлемесі 15%-ды құрады.

Өткен жылғы жылдық инфляция деңгейін табыңыз.

Мыналарды есептеңіз:

  1. Салымнан түскен номиналды табыс (қанша теңге пайда таптыңыз).
  2. Формула бойынша инфляция ескерілген нақты кірістілік:

Нақты кірістілік =Номиналды мөлшерлеме−Инфляция деңгейі

3) Қорытынды жасаңыз: сіз шынымен пайда таба алдыңыз ба немесе инфляция сіздің табысыңызды «жеп қойды» ма?

27 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

27

1-тапсырманың жауабы:

Нақты кірістілікті есептеу

2024 жылғы жылдық инфляция деңгейі – 8,6%.

Салымнан түскен номиналды табыс 1 жылда:

500 000 х 15% = 75000 теңге.

15% - 8.6% = 6.4% Нақты кірістілік 6.4%.

500 000 х 6.4% = 32 000.

1 жылда 32 000 теңге нақты кірістілік болды.

Инфляция табысты жеген жоқ.

28 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

28

2-тапсырма: Базалық мөлшерлеме бойынша шешімді талдау (30 мин.)

Ұлттық Банктің сайтынан базалық мөлшерлеме бойынша шешім туралы соңғы баспасөз релизін табыңыз. Шағын топтарда мәтінді талдап, сұрақтарға жауап беріңіз:

• Қандай шешім қабылданды (жоғарылату, төмендету, өзгеріссіз қалдыру)?

• Бұл шешімге қандай факторлар (ішкі және сыртқы) әсер етті? �(Мысалы, инфляцияның деңгейі, экономикалық өсу, мұнайдың бағасы).

• Ұлттық Банктің болжамы бойынша бұл шешім мыналарға:

- Кредиттер мен депозиттер бойынша мөлшерлемеге қалай әсер етуі мүмкін?

- Теңгенің бағамына қалай әсер етуі мүмкін?

  • Болашақта инфляцияға қалай әсер етуі мүмкін?

Алдымен топта талқылау. Содан кейін топтар өз қорытындысымен бөліседі.

29 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

29

2-тапсырманың жауабы: Базалық мөлшерлеме бойынша шешімді талдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2025 жылғы 29 тамыздағы баспасөз релизінде базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

30 of 72

2.2. Инфляция: бұл не?

30

5. Рефлексия (10 минут)

Бүгінгі тақырып бойынша тыңдаушылардың алған әсерін тыңдау, кері байланыс алу.

«Рефлекстік шеңбер»

Осы тақырыпта сіз үшін ең маңыздысы не болды?

Сізге не қызықты болды?

Сізге не қиын болды?

Сіз қандай жаңа дағды үйрендіңіз?

31 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

31

Семинар жоспары:

1. Кіріспе (5мин)

2. Талдау сұрақтары. Жетекші диалог (10 мин)

3. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 мин)

4. Практикалық тапсырма (55 мин)

5. Қорытынды, рефлексия (10 мин)

32 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

32

1. Кіріспе (5мин). Таныстыру.

 

2. Талдау сұрақтары. Жетекші диалог (10 мин)

Сұрақтар:

1. Кредит дегеніміз не?

2. Кредитор мен қарыз алушының негізгі құқықтары мен міндеттері қандай?

3. Бөліп төлеу кредиттен қалай ерекшеленеді? Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды атаңыз.

4. Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не? Ол кредиттің құнына қалай әсер етеді?

5. Кредиттік тарих дегеніміз не және ол кредит алу мүмкіндігіне қалай әсер етеді?

6. Кредиттің қандай түрлері бар? Олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен мақсаты қандай?

7. Ипотекалық кредит дегеніміз не? Оның тұрғын үй нарығына әсері қандай?

8. Шағын және орта бизнесті кредиттеудің қандай түрлері бар?

9. Кредит беру кезінде қандай тәуекелдер туындайды?

33 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

33

3. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 минут):

Кредит және бөліп төлеу. Кредитті түсіну: кредиттеу негіздері, кредиттің түрлері және олардың сипаттамалары туралы теориялық материалмен таныстыру.

5-бейнеролик: Кредиттер.

Презентация. 2-модуль.

34 of 72

2.3.Кредиттер мен бөліп төлеу

34

Қайтарымды

Мерзімділігі

Ақылы

Кредит – бұл бір тарап (кредит беруші) екінші тарапқа (қарыз алушыға) белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарға, соның ішінде пайыздық мөлшерлемелерге �қолма-қол ақша беретін қаржылық операция.

Кредиттің негізгі қағидаттары

Қарыз қаражаты кредит беруші мен қарыз алушы арасындағы шартта айқындалған мерзімде қайтарылуы тиіс

Қарыз алушы алынған қаражатты қаржылық жағдайына қарамастан толық көлемде қайтаруға міндетті

Кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы кредит берушінің ақшалай қаражат бергені үшін сыйақысы болып табылатын пайыздық мөлшерлемені төлейді

35 of 72

Кредиттің негізгі элементтері

35

кредит сомасы – банк немесе кредит беруші беретін ақша сомасы;

пайыздық мөлшерлеме – жылдық пайызбен көрсетілген кредитті пайдаланғаны үшін төлем;

кредит мерзімі – қарыз алушы ақшаны қайтаруы керек кезең;

төлем кестесі – төлем тәртібі мен жиілігі (ай сайын, тоқсан сайын және т.б.);

кепіл – кредитті қайтару кепілдігі ретінде пайдалануға болатын актив (мысалы, жылжымайтын мүлік, автокөлік);

кредиттік тарих – қарыз алушының міндеттемелерін орындауының уақыттылығы мен толықтығы, оның төлем қабілеттілігіне әсер ететін берешегінің мөлшері мен төлемдеріне негізделнен қарыз алушының сенімділік көрсеткіші.

36 of 72

Кредиттің негізгі элементтері:

Номиналды мөлшерлеме – бұл күрделі пайыздар мен пайыздарды есептеу жиілігін қоспағанда, жылдық пайыздық мөлшерлеме.

Тиімді мөлшерлеме –бұл кредиттің нақты құны немесе пайыздық капиталдандыруды ескере отырып, салымның кірістілігі (мысалы, егер пайыздар ай сайын немесе тоқсан сайын есептелсе).

Аннуитеттік төлемдер – бұл пайыздар мен негізгі қарыздың бір бөлігін қамтитын ай сайынғы төлем. Мерзімнің басында пайыздар көбірек төленеді, ал соңында негізгі қарыз төленеді.

Тең үлестермен төлем – кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі үшін есептелген негізгі борыш пен пайыздарды төлем кезеңдерінің санына бөлу жолымен есептелетін көлемі бойынша тең төлемдермен кредитті қайтару.

36

37 of 72

Кредиттік тарих

37

Кредиттік тарих нарығында екі кредиттік бюро жұмыс істейді: «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (МКБ) және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (БКБ).

МКБ – қарыз алушылардың кредиттік тарихы туралы мәліметтерді жинауға, сақтауға және ұсынуға қатысатын мемлекет қатысатын кредиттік бюро. Ол қарыз алушылардың төлем тәртібі туралы ақпаратқа орталықтандырылған қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің, банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының мүддесі үшін жұмыс істейді.

БКБ – бұл жеке кредиттік бюро, сонымен қатар қаржы институттарына кредиттік тәуекелді бағалау құралдарын ұсына отырып, қарыз алушылар туралы мәліметтерді жинақтайды.

Екі кредиттік бюро да ашық және сенімді кредит нарығын құруда шешуші рөл атқарады, бұл кредит берушілер үшін тәуекелдерді азайтуға және адал қарыз алушылар үшін кредит шарттарын жақсартуға ықпал етеді.

38 of 72

Кредит түрлері және олардың сипаттамалары

38

Тұтынушылық кредит

Ипотекалық кредиттер

Автокредит

Жеке тұлғалар тауарларды сатып алу, тұрғын үйді жөндеу, оқу ақысын төлеу және т.б. сияқты жеке қажеттіліктер үшін пайдаланылады.

Мақсатты – нақты сатып алуларға беріледі (мысалы, автомобиль, техника, жылжымайтын мүлік).

Мақсатты емес – кез-келген қажеттілікке қолдануға болады.

Кепілсіз – кепілдік талап етілмейді, бірақ жоғары пайыздық мөлшерлемеге ие.

Кепіл – мүлікпен қамтамасыз етілген (мысалы, автомобиль, жылжымайтын мүлік), ставкасы төмен.

Ипотека – бұл жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін кепілге берілетін кредит.

Классикалық ипотека – қарыз алушы банкке ұзақ мерзімге (30 жылға дейін) қарыз төлейді.

Мемлекеттік бағдарламалар – төмендетілген мөлшерлемелер мен жеңілдік шарттарын ұсынады (мысалы, жас отбасылар, әскерилер және т.б.).

Коммерциялық ипотека – бизнес үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған.

Автокөлік сатып алуға беріледі.

Кепілді – сатып алынған автокөлік кредитті толық өтегенге дейін банкте кепілде қалады.

Кепілсіз – бұл қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредит, яғни оны рәсімдеу кезінде кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету үшін материалдық құндылықтарды беру талап етілмейді.

39 of 72

39

Кредит

карталары

Бизнес- кредит

Бөліп төлеу/

Рассрочка

Бизнесті дамыту үшін компаниялар мен кәсіпкерлерге беріледі.

Айналым капиталы үшін – ағымдағы шығындарды жабу үшін

Бизнесті дамыту үшін –бизнесті кеңейту, жабдықты сатып алу үшін инвестицияларға.

Мемлекеттік бағдарламалар – кәсіпкерлерді қолдау үшін жеңілдікті шарттар ұсынады.

Кез-келген уақытта пайдалануға болатын жаңартылатын ақша лимитін ұсынады.

Жеңілдік кезеңі – қарызды пайызсыз өтеуге болатын уақыт.

Жоғары мөлшерлеме – егер сіз қарызды уақытында төлемесеңіз, пайыздар жоғары болуы мүмкін.

Бонустар мен ақшаны қайтару – көбінесе қосымша артықшылықтар ұсынады (жеңілдіктер, ақшаны қайтару және т.б.)

Бөліп төлеу – тұтынушылық кредиттің бір түрі, онда тауардың құны бөліктерге бөлінеді және пайызсыз немесе ең төменгі артық төлеммен төленеді.

Пайызсыз бөліп төлеу – егер дүкен немесе банк үстеме ақы арқылы пайыздарды өтесе.

Банк картасымен – кейбір банктер карталармен бөліп төлеуді ұсынады�(мысалы, 6 айға 0 %)

Кредит түрлері және олардың сипаттамалары

40 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

40

4. Практикалық тапсырма (55 мин)

 

1-тапсырма: Дербес кредиттік рейтинг (20 мин.)

Мысалы, сіз – кредит менеджерісіз. Сізге ай сайынғы табысы 350 000 теңге болатын мұғалім келді. Оның ағымдағы міндетті шығысы (коммуналдық қызметтер, тамақ, көлік) — 150 000 теңге. Оның ай сайынғы төлемі 50 000 теңге болатын бір кредиті бар.

  1. Жаңа кредитке дейінгі борыштық жүктемесінің көрсеткішін (БЖК) есептеңіз.

БЖК= ( Барлық кредит бойынша ай сайынғы төлемдер сомасы / Ай сайынғы табыс)×100%

2. Мұғалім ай сайынғы төлемі 60 000 теңге болатын тұрмыстық техниканы сатып алуға жаңа кредит алғысы келеді. Оның БЖК-сы қандай болатынын есептеңіз.

3. Қорытынды жасаңыз: сіз оған жаңа кредит беруді мақұлдайсыз ба? Неге? (Ескертпе: Қазақстанда БЖК 50%-дан аспауы тиіс).

41 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

41

 

1-тапсырманың жауабы: Дербес кредиттік рейтинг

  1. Жаңа кредитке дейінгі борыштық жүктеме көрсеткіші = (50 000/350 000) х 100% = 14,28%

  • Жаңа кредитті қосқанда борыштық жүктеме көрсеткіші = (50 000+60 000) /�350 000) х 100% = 31,43%

3) Жаңа кредитті қосқанда борыштық жүктеме көрсеткіші 31,43%, яғни 50%-дан аз болғандықтан, мұғалім айлық төлемі 60 000 теңге болатын жаңа кредит ала алады.

42 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

42

2-тапсырма: «Таңдау бағасы: Бөліп төлеу, Кредит немесе Қолма-қол ақша?» (35 мин.)

Электроника дүкенінде смартфон сатылады. Ақы төлеу тәсіліне байланысты оның бағасы өзгереді.

1-нұсқа (Бөліп төлеу): Бағасы 400 000 теңге. Дүкен «0-0-12» бөліп төлеуді ұсынады (бастапқы жарнасыз, 0% артық төлеу, 12 айға).

2-нұсқа (Қолма-қол ақша): Толық соманы бірден қолма-қол ақшамен немесе картамен төлеген кезде дүкен 10% жеңілдік жасайды. Бағасы – �360 000 теңге.

3-нұсқа (Кредит): Сізде толық сома жоқ, бірақ банктен жылдық 25%-бен �12 ай мерзіміне 360 000 теңге (бағасы жеңілдікпен) сомасына тұтынушылық кредит ала аласыз.

43 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

43

Топтардағы тапсырма:

1. Үш нұсқаның әрқайсысы үшін ай сайынғы төлемді есептеңіз.

2. Әр нұсқа үшін смартфонның жалпы құнын есептеңіз (қанша ақша бересіз). Кредит үшін онлайн калькуляторды пайдаланыңыз.

3. Салыстыру үшін кестені толтырыңыз:

Көрсеткіш

1-нұсқа

(Бөліп төлеу/рассрочка)

2-нұсқа (Қолма-қол ақша)

3-нұсқа (Кредит)

Тауардың бағасы

400 000 ₸

360 000 ₸

360 000 ₸

Ай сайынғы төлем

Төлемнің жалпы сомасы

360 000 ₸

Артық төлеу

0 ₸

44 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

44

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай нұсқа ең тиімді, ал қайсысы ең қымбат?
  • Неліктен «0%» бөліп төлеу шын мәнінде тегін емес? �(Кеңес: тауардың бөліп төлеумен және қолма-қол ақшамен бағасын салыстырыңыз).
  • Осы нұсқалардың әрқайсысы өмірдегі қандай жағдайда қолайлы болуы мүмкін?

45 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

45

• Егер тұтынушының мүмкіндігі болса ең тиімді нұсқа қолма-қол ақшаға алу. �Бұл жағдайда инфляция көлемін де ескеру қажет. Инфляцияның деңгейіне қарай бөліп төлеумен салыстырғандағы айырмаға мән берген жөн.

• Ең қымбат нұсқа кредит, артық төлеу 50 580 тг.

• «0%» бөліп төлеу шын мәнінде әрдайым тегін емес, тауардың негізгі құнына қосымша жасырын құн қосылады. Бұл жағдайда 40 000 тг.

Көрсеткіш

1-нұсқа

(Бөліп төлеу/рассрочка)

2-нұсқа (Қолма-қол ақша)

3-нұсқа (Кредит)

Тауардың бағасы

400 000 ₸

360 000 ₸

360 000 ₸

Ай сайынғы төлем

33 333 ₸

0 ₸

34 215 ₸ (аннуитет)

Төлемнің жалпы сомасы

400 000 ₸

360 000 ₸

410 580 ₸

Артық төлеу

40 000 ₸

0 ₸

50 580 ₸

46 of 72

46

47 of 72

2.3. Кредит және бөліп төлеу

47

5. Рефлексия (10 минут)

Бүгінгі тақырып бойынша тыңдаушылардың алған әсерін тыңдау, кері байланыс алу.

«Бір сөзбен қорытындылау». Сабақтың негізгі идеясын қысқаша және жинақы қорытындылау. Әр тыңдаушы сабақты бір сөзбен қорытындылайды. Мысалдар: Маңызды, Қызықты, Пайдалы, Күрделі, Жаңа, Талдау, Өзекті.

48 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

48

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе (5мин)

2. Талдау сұрақтары. «Жұптасып-ойланып-бөліс»(5 мин)

3. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 мин)

4. Практикалық тапсырма (20 мин)

5. Қорытынды, рефлексия (5 мин)

49 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

49

1. Кіріспе (5мин). Таныстыру.

 

2. Талдау сұрақтары. «Жұптасып-ойланып-бөліс» тәсілі (5 мин)

Жұптарда талқыланатын сұрақтар:

1) Зейнетақы жүйесінің негізгі элементтері қандай?

2) Қазіргі зейнеткерлердің әл-ауқатын жақсарту және болашақ зейнеткерлерді лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін қандай шаралар қабылдау керек?

 

3. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 минут):

6-бейнеролик. Зейнетақымен қамсыздандыру.

Презентация. 2-модуль. Зейнетақымен қамсыздандыру тақырыбы бойынша теориялық материалмен таныстыру.

50 of 72

Зейнетақымен қамсыздандыру

50

Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі жұмыс істейді.

Бірінші деңгей - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері (ынтымақты/ортақ және базалық зейнетақы төлемдері).

Жасына байланысты зейнетақы төлемі (ортақ зейнетақы):

1998 ж. дейінгі жұмыс өтіліне және жалақыға байланысты (1995ж. бастап кез келген 3 жылдағы орташа айлық табыс);

Жасы бойынша зейнетақы төлемдері толық көлемде орташа айлық табыстың 60%-ы мөлшерінде, бірақ 75%-дан аспайтын мөлшерде есептеледі (бірақ 2025 ж. 216 260тг-ден артық емес).

Зейнеткерлікке шығу мерзімі мен жасы

Ынтымақты зейнетақы тағайындау 2043ж. дейін сақталады, (жыл сайын азайып отырады);

Ерлер 63 жастан бастап, әйелдер 61 жастан бастап (2031ж. 63 жасқа дейін артады).

Базалық зейнетақы төлемі

2005 жылы енгізілген және оны барлық зейнеткерлер жасына қарай алады, �бірақ 2018 жылдан бастап оның мөлшері 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне және жинақтаушы жүйеге (ЖЗЖ) қатысу өтіліне байланысты:

2025 ж. бастап ЖЗЖ-да 10 жыл немесе одан аз еңбек өтілі болған кезде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 70 %-ы. Әр жыл үшін 10 -+2 %-дан жоғары, ЖЖ-дан ең көбі �110 % (2025ж.: 50 851т.)

2027 жылға дейін арттыру жоспарлануда:

КД-дан кем дегенде 70% дейін,

Максимум 120% дейін;

Зейнетақы жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі, өйткені ол КД-ға байланысты

51 of 72

Зейнетақымен қамсыздандыру

51

Екінші деңгей жұмыскерлердің 10% міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер табысының 5% мөлшерінде жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) қамтитын міндетті ЖЗЖ болып табылады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖЗЖ жаңа компонентпен толықтырылды – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).

МЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға беріледі:

зейнеткерлік жасқа толғандар;

егер мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектіктігі бар адамдарға;

егер ҚР заңдарында және ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;

қырық бес жасқа толғаннан кейін, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-нан төмен емес мөлшерде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде.

52 of 72

Зейнетақымен қамсыздандыру

52

Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін қамтитын ерікті жинақтаушы жүйе.

Азаматтарға болашақта зейнеткерлердің қосымша табыс көзіне айналатын ЕЗЖ есебінен өз жинақтарын ұлғайтуға қосымша мүмкіндік береді.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да және (немесе) ерікті ЖЗҚ-да �зейнетақы жинақтары бар адамдарға беріледі:

50 жасқа толған;

мүгедектігі бар адамдар болып табылатын;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға.

53 of 72

Зейнетақы жарналары

53

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге арналған. Жұмыс беруші қызметкерлер табысының �5%-ын олардың зейнетақы шоттарына аударады, яғни бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, бірақ жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен төленеді.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)

БЗЖҚ-ға жұмыс беруші зейнетақы шотына жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖМЗЖ мөлшерлемесі қызметкер табысының 1,5 %-ын құрайды және жыл сайын 2028 жылға қарай 5 %-ға дейін ұлғаятын болады.

ЖМЗЖ-ды 1975 жылдан кейін туғандарға төлейді. Жарналар шарты шотқа барады және жеке меншік болып табылмайды. Артықшылығы – шектелген жеке жинақтарға қарағанда, өмір бойы төленеді.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)

Сіздің бастамаңыз бойынша зейнетақы капиталын толықтырудың қосымша әдісі. Сіз өзіңіздің зейнетақы шотыңызға қаражатты ыңғайлы мөлшерде және жиілікте сала аласыз. Сіз өзіңіз үшін, жақындарыңыз немесе жұмысшыларыңыз үшін жарналар жасай аласыз. ЕЗЖ салық жеңілдіктерін береді: қызметкерге салық салынбайды және жұмыс берушіден шегеріледі. Алайда, ол зейнетақы стажына кірмейді және базалық зейнетақыға әсер етпейді.

54 of 72

Зейнетақымен қамсыздандыру

54

БЖЗҚ-да Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) және Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сақталуына мемлекеттік кепілдік инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген ЕЗЖ, МКЗЖ сомасы мен зейнетақы төлемдеріне құқық пайда болған күні ЕЖЗ, МКЗЖ қаражаты есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу түрінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кепіл мыналарды қамтамасыз етеді:

  • зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
  • 1 және 2 топтағы тұрақты мүгедектер;
  • ҚР тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

Мемлекеттік кепіл мына зейнетақы жарналарына қолданылмайды:

- тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін алынған;

- жеке басқаруға берілген.

Өмір бойы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасай алады:

  • зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар (МЗЖ, КМЗЖ);
  • 45 жастағы азаматтар, егер МЗЖ жинақтары ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% сақтандыру төлемін қамтамасыз етуге жеткілікті болса;
  • МКЗЖ кемінде 60 ай төленген 40 жастағы азаматтар, егер МКЗЖ жинақтары ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болса.

55 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

55

4. Практикалық тапсырмалар (20 мин)

1-тапсырма. Топқа тапсырма. (10 мин)

Жалпы нұсқаулар:

Әрбір топ Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің бір аспектісін зерделейді және нәтижесімен басқа топтармен бөліседі.

1-топ: Ортақ зейнетақы туралы айтып беріңіз.

2-топ: Базалық зейнетақы төлемі туралы айтып беріңіз.

3-топ: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы не білесіз?

4-топ: Біржолғы зейнетақы төлемдері (тұрғын үй сатып алу, емделуге ақы төлеу) туралы айтып беріңіз.

56 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

56

2-тапсырма. Жеке тапсырма. (5 мин)

Әрбір қатысушы БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы (немесе сайтта) мыналарды білуі керек:

- өз жасына арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі;

- тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге ақы төлеуге алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы.

57 of 72

57

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

20

3 260 000

40

6 100 000

21

3 380 000

41

6 270 000

22

3 510 000

42

6 440 000

23

3 630 000

43

6 610 000

24

3 760 000

44

6 780 000

25

3 890 000

45

6 950 000

26

4 030 000

46

7 130 000

27

4 160 000

47

7 310 000

28

4 300 000

48

7 490 000

29

4 440 000

49

7 670 000

30

4 580 000

50

7 860 000

31

4 720 000

51

8 050 000

32

4 870 000

52

8 240 000

33

5 010 000

53

8 440 000

34

5 160 000

54

8 640 000

35

5 310 000

55

8 840 000

36

5 470 000

56

9 040 000

37

5 620 000

57

9 250 000

38

5 780 000

58

9 460 000

39

5 940 000

59

9 670 000

-

-

60-62

9 890 000

58 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

58

3-тапсырма. «Зейнетақыны болжаймыз: болашақтың сценарийі». БЖЗҚ сайтындағы ресми болжамды зейнетақы калькуляторын пайдаланып, зейнетақы активтері кірістілігінің сценарийі әртүрлі болған кезде екі мұғалім үшін болашақ зейнетақыны есептеу. (5 минут)

Нұсқау:

 Топтарға бөлініңіздер. Әр топ екі кейіпкермен жұмыс істейді. �1-кейіпкер (Жас мұғалім): Ер адам, 25 жаста. Қазіргі жалақысы – 300 000 теңге. БЖЗҚ-дағы қазіргі зейнетақы жинақтары �– 1 500 000 теңге.�2-кейіпкер (Тәжірибелі мұғалім): Әйел, 45 жаста. Қазіргі жалақысы – 450 000 теңге. БЖЗҚ-дағы қазіргі зейнетақы жинақтары� – 7 000 000 теңге.

Калькуляторда екі кейіпкер үшін жалақының жылдық өсімін 5% деп белгілеңіз.

Болжамдар кестесін толтырыңыз:

Кейіпкер

Болашақта ай сайынғы зейнетақының болжамы

Жас мұғалім�(25 жас)

Тәжірибелі мұғалім�(45 жас)

https://cabinet.enpf.kz/deal сайтында зейнетақы калькуляторы арқылы жасауға болады

59 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

59

Талқылауға арналған сұрақтар:

Нақты кірістілік болашақ зейнетақының мөлшеріне, әсіресе жас мұғалім үшін қаншалықты әсер етеді?

Ұзақ мерзімді жинақтау мен инвестициялық кірістің маңыздылығы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

60 of 72

2.4. Зейнетақымен қамсыздандыру

60

5. Рефлексия (5 минут)

Бүгінгі сабақ бойынша тыңдаушылардың алған әсерін тыңдау, кері байланыс алу.

«Рефлекстік күнделік» әдісімен сабақты қорытындылау.

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Мен бүгін не білдім?
  • Мен қандай жаңа түсініктермен таныстым?
  • Мен қандай дағдыларды пайдаландым?
  • Маған не жеңіл көрінді?
  • Маған не қиын болды?
  • Мені не таң қалдырды?

61 of 72

2.5. Салық және декларациялау

61

Сабақ жоспары:

1. Талдау сұрақтары (5 мин)

2. Теориялық материалмен танысу және талқылау (10 мин)

3. Практикалық тапсырмалар (25 мин)

4. Қорытынды, рефлексия (5 мин)

62 of 72

2.5. Салық және декларациялау

62

 

1. Талдау сұрақтары (5 мин)

Сұрақтар:

1. Салық дегеніміз не және оның мемлекет үшін маңызы қандай?

2. Салықтардың қандай түрлері бар және олардың әрқайсысының ерекшеліктері неде?

3. Декларациялау дегеніміз не және оны ұсынудың мақсаты қандай?

4. Салық төлеуден жалтарудың салдары қандай болуы мүмкін?

 

2. Теориялық материалдармен танысу және талқылау (10 минут):

Презентация. 2-модуль.

7-бейнеролик. Салық және декларациялау.

63 of 72

Қазақстандағы салық салу

63

Корпоративті табыс салығы (КТС) – компания алған табысынан төлейтін салық:

  • 20% - көптеген компаниялар үшін;
  • 25% - банктер үшін (компанияларға қарыз беруді қоспағанда - 20% ), казинолар үшін
  • 5% - әлеуметтік сала ұйымдары үшін (медицина, білім беру) (2027 жылдан бастап 10%
  • 3% - ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін

Салық салу – бұл мемлекеттің адамдар мен компаниялардан елдің қажеттіліктеріне ақша (салық) жинауы (мектептер, ауруханалар, жолдар салу, дәрігерлерге, полицейлерге, мұғалімдерге жалақы, мұқтаж адамдарға көмек және т.б.)

ҚР Салық Кодексі Қазақстандағы салықтар мен әлеуметтік төлемдердің мынадай негізгі түрлерін көздейді

Жеке табыс салығы (ЖТС) – азаматтар алған табысынан төлейтін салық жалақы:

  • 10% - 8500 АЕК-ге дейінгі табысқа (жылына шамамен 35 млн, теңге;
  • 15% - осы шектен жоғары табысқа;

Дивидендтер:

  • 5% - 230 мың АЕК-ге дейінгі дивидендтер (шамамен 1 млрд теңге)
  • 15% - осы шектен жоғары дивидендтер

Қосылған құн салығы (ҚҚС) – сатып алушылар төлейтін тауарлар мен қызметтердің бағасына енгізілген салық:

  • 16% - көптеген тауарлар мен қызметтерге;
  • 5% - медициналық тауарлар мен қызметтерге (2027 жылдан бастап 10%).

Мысалы: Сіз қарындаштарды 1160тг сатып аласыз. Оның ішінде 160тг – бұл ҚҚС, мемлекетке төленеді.

Әлеуметтік салық (ӘС) және әлеуметтік аударымдар (ӘА) – жұмыс берушілер жалақы қорынан қызметкерлер үшін төлейтін салық: 6% (ӘС); �5% (ӘА).

Айырмашылығы:

ӘС әлеуметтік бағдарламаларды (медицина, білім және зейнетақы) қаржыландыру үшін бюджетке түседі.

ӘА МӘСҚ-қа жәрдемақы төлеуге (жүктілік және босану, бала күтімі, еңбекке жарамсыздығы бойынша) түседі.

64 of 72

Қазақстандағы декларациялау

Декларациялау бұл адам мемлекетке өзінде қанша мүлік (актив) бар екенін хабарлауы:

ақша;

машиналар, пәтерлер, жер, бағалы қағаздар, алтын кірістер (жалақы, сыйлықақылар, бизнес және т.б.) қарыздар

Бұл не үшін қажет?

Мемлекет адамдардың табысы қайдан келетінін және салықты

адал төлейтінін білуі үшін .

Заңсыз кірістермен күресу үшін (мысалы, егер біреу миллиондаған

сомаға вилла сатып алса және ресми түрде еш жерде жұмыс істемесе).

Кімде қанша мүлік бар және кім лайықты жәрдемақы алатыны

ашық болу үшін.

64

Белгілі бір кірістерді декларациялау үшін жеке тұлғалар декларация нысандарын тапсырады:

  • 250.00 «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» СЕН (салық есептілігінің нысаны)
  • 270.00 «Кірістер мен мүлік туралы декларация» СЕН (салық есептілігінің нысаны) (жыл сайынғы, одан кейінгі).

65 of 72

Қазақстандағы декларациялау

65

250.00 СЕН (салық есептілігінің нысанын) ұсынатындар:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар азаматтар ; сайланатын лауазымдарға және мемлекеттік қызметке кандидаттар;

банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер адамдар;

жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, ЖСО).

270.00 СЕН (салық есептілігінің нысанын) ұсынатындар:

  • ҚР шегінен тыс жерлерде активтері бар азаматтар (ақша>1000 АЕК, шетелдік жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, т.б.);
  • мемлекеттік және квази мемлекеттік сектор қызметкерлері, олардың жұбайлары;
  • банктің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары,

олардың жұбайлары;

  • жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, ЖСО);
  • төлем көзінен тыс табыс тапқан азаматтар (жалдау, фриланс, т.б.);
  • ірі сатып алу жасаған азаматтар (>20 000АЕК)

2025 жылдан бастап 270.00 СЕН (салық есептілігінің нысаны) міндеттеме туындаған жағдайда ғана ұсынылатын дербес декларация болып табылады �(250-нысанды ұсынғаннан кейін жыл сайын 270-нысанды ұсынуды міндеттейтін норма 2025 жылға дейін қолданыста болды).

66 of 72

2.5. Салық және декларациялау

3. Практикалық тапсырма (10 мин)

1-тапсырма. Франклин бойынша тапсырма (жұпта):

А: нұсқасы

Қазақстанда __________ мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылады. Олардың есебінен мектептер, __________, жолдар салынып, әлеуметтік __________ қаржыландырылады. Әрбір __________ пен ұйым заңға сәйкес салық төлеуге міндетті.

2021 жылдан бастап елде жалпыға бірдей __________ кезең-кезеңімен енгізілуде. Алдымен декларацияны __________ тапсырды, кейін __________ сектор қамтылды. 2024 жылдан бастап __________ басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары қосылды. Алайда, 2027 жылы жоспарланған төртінші кезең – барлық __________ декларация тапсыруы – алынып тасталды.

Декларацияда азаматтар __________, мүлкін, банктегі __________, бағалы __________ және шетелдегі __________ көрсетуге тиіс. Мұның мақсаты – көлеңкелі __________ азайту, сыбайлас __________ күресу және қоғамда __________ арттыру. Уақытында салық төлеу мен декларация тапсыру – тек __________ ғана емес, сонымен бірге елдің тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлес.

66

67 of 72

2.5. Салық және декларациялау

В нұсқасы:

Қазақстанда салықтар мемлекеттік __________ негізгі кіріс көзі болып табылады. Олардың есебінен __________, ауруханалар, __________ салынып, әлеуметтік төлемдер __________. Әрбір азамат пен __________ заңға сәйкес салық төлеуге міндетті.

2021 жылдан бастап елде жалпыға бірдей декларация __________ енгізілуде. Алдымен декларацияны мемлекеттік __________ тапсырды, кейін квазимемлекеттік __________ қамтылды. 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың __________ қосылды. Алайда, 2027 жылы жоспарланған төртінші кезең – барлық азаматтардың __________ тапсыруы – алынып тасталды.

Декларацияда азаматтар табысын, __________, банктегі шоттарын, __________ қағаздарын және __________ активтерін көрсетуге тиіс. Мұның мақсаты – көлеңкелі экономиканы __________, сыбайлас жемқорлықпен __________ және қоғамда ашықтықты __________. Уақытында салық төлеу мен __________ тапсыру – тек заң талабы ғана емес, сонымен бірге елдің __________ мен дамуына қосқан үлес.

67

68 of 72

2.5. Салық және декларациялау

Толық мәтін

Қазақстанда салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылады. Олардың есебінен мектептер, ауруханалар, жолдар салынып, әлеуметтік төлемдер қаржыландырылады. Әрбір азамат пен ұйым заңға сәйкес салық төлеуге міндетті.

2021 жылдан бастап елде жалпыға бірдей декларация кезең-кезеңімен енгізілуде. Алдымен декларацияны мемлекеттік қызметкерлер тапсырды, кейін квазимемлекеттік сектор қамтылды. 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары қосылды. Алайда, 2027 жылы жоспарланған төртінші кезең – барлық азаматтардың декларация тапсыруы – алынып тасталды.

Декларацияда азаматтар табысын, мүлкін, банктегі шоттарын, бағалы қағаздарын және шетелдегі активтерін көрсетуге тиіс. Мұның мақсаты – көлеңкелі экономиканы азайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу және қоғамда ашықтықты арттыру. Уақытында салық төлеу мен декларация тапсыру – тек заң талабы ғана емес, сонымен бірге елдің тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлес.

68

69 of 72

2.5. Салық және декларациялау

2-топтық тапсырма (10 мин)

Қазақстандағы салықтардың негізгі түрлерін және олардың сипаттамаларын талдау.

1-топ: Мүлік салығы

2-топ: Көлік салығы

3-топ: Қосылған құн салығы

4-топ: Корпоративті табыс салығы

5-топ: Жеке табыс салығы

 

69

70 of 72

2.5. Салық және декларациялау

3-топтық тапсырма: Салық декларациясы және оның маңызы.

Тақтаға әр команда декларация тапсыруы тиіс азаматтар санаттарын жазады.

4- тапсырма: Салықтарды төлемеудің қандай салдары болуы мүмкін екенін талқылаңыз?  

Жалпы уақыт: 5 минут.

70

71 of 72

2.5. Салық және декларациялау

5. Рефлексия (5 минут)

«Стикерлердегі рефлексия»

Стикерлерде жазыңыз:

Мен білдім:

Мені қызықтырды:

Менің сұрақтарым бар:

71

72 of 72

Назарларыңызға рахмет!

72