Панорамалық сабақ �«Көксерек» әңгімесін оқытуда ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру
Сабақтың тақырыбы: Жалғыз жортуыл («Көксерек» әңгімесі)�Оқу бағдарламасына сай оқу мақсаты: �7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру;�Сабақтың мақсаты: оқушылар «Көксерек» шығармасындағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;�
Сабақтың басы: �
«Бастаңғыда» аталар
Сабағымыз бүгінгі.
3 топқа бөліп ұл-қызды
Игереміз білімді!
Оқушылар, бүгінгі «Бастаңғы» сабағына қош келдіңіздер!
«Бастаңғы» дегеніміз – ауыл жастарының бас қосуы. Әдетте ол дәстүр үлкендер жол жүріп кеткенде бастары ауырмай аман-есен келсін деген мақсатта орындалады. � Бүгін оқушылар, біз Құрмаштың үйінде «Бастаңғыдамыз». Қарап отырмаймыз, біліммен сайысып отырамыз.
Өткен білімді еске түсіру
«Кел, сақинам, кел!» ойыны арқылы жүзеге асырамыз. Ол үшін мұғалім өзі бастап сақинаны оқушының алақанына салады. Айыпты болған оқушыға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойылады. Бұл ойын арқылы оқушылардың бойы да, ойы да сергиді.
Жаңа сабақ ��
Топқа бөліну:
Құрмаш, Көксерек, Аққасқа иттің суреттері арқылы оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Ал, қонақтар, сіздерге арналған сыбағамызды тарту етейік. Сыбаға сіздерге тапсырмалар арқылы беріледі, сабақта кім белсенді болса, сыбағасы мол болады.
Сыбаға - келген қонаққа берілетін сый.
Мәтін
Бір шопанның қорасының маңына қаншық қасқыр бөлтірік өргізеді. Қой қайырған шопанның бұларға мейірімі түсіп, зияны жоқ екеніне сеніп, бірге бейбіт өмір сүріп жатады. Бөлтірігін алайық деп ауыл жігіттері жұлқынғанмен, шопан оларды маңайлатпайды. Дүниеде бөлтірігін алдырған қасқырдан ашулы аң жоқ, ертең-ақ қойын қырып кетуі мүмкін. Бөлтіріктердің атасы мен енесі де көршісінің отарына өзге тұқымдастарын жақындатпай, сырттай қорғаштап жүреді. Осы кезде мынандай оқиға болады. Ін аузына шығып күншуақта ойнайтын бөлтіріктер бір ақ қозыны абайсызда өлтіріп алады. Оны шопан да көреді. Ертеңіне енді қайтер екен деп бақыласа, отарында мойнында жібі бар бөтен ақ қозы пайда болып қалыпты. Қызықты қараңыз, бөлтірігінің қылығына «ұялған» қасқырлар, сол түні көрші ауылдың қотанына түсіп, әлгі ақ қозыны алып келген екен. Неткен ақылдылық десеңізші... М. ШАХАНОВ.
Топтық жұмыс:
1-тапсырма: Берілген мәтінді оқып, шығармадағы жалғыз жортқан Көксерек бейнесін салыстырыңыздар.
Мәтіндегі қасқырлар бейнесі | «Көксеректің мінезі» бөліміндегі Көксерек бейнесі |
| |
Қорытынды ой |
Бағалау сұрақтары:
«Теориялар» қоржыны
Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді. Оқиға бірнеше эпизодтан тұруы мүмкін. Эпизод кейіпкер характерін ашып, оқиғаны ширата түседі
БІЗ КӨК БӨРІНІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ!
Жұптық жұмыс
«Бөрі де кәрісін сыйлаған» деген сөзге сай келетін халқымыздың қандай салт-дәстүр, мақал-мәтел, тыйым сөздерін білесің? Мысалдар келтіріп жазыңдар.
Бағалау: мұғалім ауызша бағалайды.
Шығу парағы (жеке жұмыс)
р\с | Сұрақтар мен тапсырмалар | Иә | Жоқ |
1. | Эпизод дегеніміз – оқиғаның бір бөлшегі. | + | |
2. | Көксерек туралы айтылған үлкендердің сөзін Құрмаш тыңдады. |
| - |
3. | Адамдардың іс-әрекетінен Құрмаш зардап шекті. | + | |
4. | Аққасқа ит пен Көксерек айқаспады. | | - |
5. | Қандай дәстүр түрлер, ойын түрлерін білдің? | Бастаңғы, сыбаға, мүшелік, «Кел,сақинам, кел» ойыны | |
6. | Біз - Көк бөрінің ұрпағымыз. | + | |
Үй тапсырмасы
«Біз Көк бөрінің ұрпағымыз» тақырыбында шағын эссе жазып келу
Сабақ нәтижесінде:
Назарларыңызға рақмет!