1 of 13

��ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Педагог-психолог: Доскелдиева Айгул Киясбековна

№39 М.Жұмабаев атындағы ЖОББ мектебі

2 of 13

Жас түлек!

Ұлттың келешегін анықтап беретін және оның бүкіл болмысын ашатын ең қасиетті, әрі аса қажетті мәселе – БІЛІМ!�Баланың жақсы азамат болып өсуі қазір де білім мен тәрбие саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың, тіпті қарапайым отбасының да көкейкесті мәселесі болып отыр. Алдағы ең күрделі мәселе-ҰБТ.

3 of 13

Алдағы уақытта өзіңді қалыптастыр:

-біріншіден, емтиханға жетістіктің 10 пайызы психологиялық дайындыққа байланысты;�-емтихан кезінде реттілікпен жауап беру шарт емес, бірінші кезекте жеңіл,оңай,өзің білетін сұрақтарға жауап беруден баста.

Өйткені сен шаршамайсың және уақыттан ұтылмайсың;

-біріншіден, емтиханға жетістіктің 10 пайызы психологиялық дайындыққа байланысты;�-емтихан кезінде реттілікпен жауап беру шарт емес, бірінші кезекте жеңіл,оңай,өзің білетін сұрақтарға жауап беруден баста.

Өйткені сен шаршамайсың және уақыттан ұтылмайсың;

4 of 13

-екіншіден,өзіңе қиындық келтіретін күрделі сұрақтарға көш;

-өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, өзіңе сен, өзіңді алып шығатын білімің мен ақылыңа сүйен. Босқа әуре болып уақытыңды(алаяқтарға сеніп) өткізіп алма.�Уақыт жақындаған сайын сансыз сұрақтар мазалай бастайды.

«ҰБТ-дан қалай өтемін», «Жоғары оқу орнына түсе аламын ба?» деген сан сұрақтардан мазасызданып қобалжудан үрей пайда болады.

5 of 13

«Еш нәрседен қорықпаушылық табиғатта жоқ нәрсе».

Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.

6 of 13

Егер сіз көп ойланып, бойынызда қорқыныш үрей пайда болса, көңіл күйіңіз төмендей бастаса

- Мен ақылдымын;

- Менің жаным тыныш;

- Мен бақытты адаммын;

- Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді;

- Мен барлық кездескен қиыншылықтарды жеңе аламын;

�Өзіңе-өзіңе сене біл. Жақсылықтан үміттен. Өзіңе сен, сенім бар жерде үміт бар, үміт бар жерде болашақ бар, соны ұмытпа.

7 of 13

Емтиханға қалай дайындалу керек?

1.Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасамай, өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма.

2. Жағдайдың қиындауын күтпе.

3. Емтиханға даярлықты ертерек баста;

4. Егер күшің мен ойыңды жинақтау қажет болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, содан соң қиын материалдарды зерделеуге кіріс.

5. Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.

8 of 13

Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса:

- Жоғары төмен кезек-кезек қара (25 сек.), оңға-солға (15 сек.)�- Көзбен өз аты-жөніңді жаз; алыста тұрған затқа қарап (20сек.),содан соң алдыңдағы қағазға (20сек.) кезекпен қара.

- Көзбен квадрат, үшбұрыш сыз, алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта.

9 of 13

Күнді үш бөлікке бөл:�- 8 сағат емтиханға дайындал;�- Спортпен айналыс, таза ауада жүр, музыка тыңда;�- 8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.�- Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00-ден және түстен кейін 16.00-ға дейін. Дайындық арасында үзілістерді пайдалан: сабаққа 40 минут бөлсен 10 минутында демалуға бөл. Тест тапсырманы орындауда секундомерді қолдан, тест уақытын белгілеп отырасын.

Емтиханға дайындалып жүріп ойша өз жеңісінің көрінісін елестет.

10 of 13

Тамақтану�- 3-4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек. Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарымен тамақтан.�Сабаққа дайындалатын орында ыңғайлап үстел үстінен артық заттарды алып таста, қажет кітаптарың қалам қағаз заттарың ғана тұрсын;�- Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр. Бөлме жиһаздарының ішіне сары және күлгін енгізгенін жөн. Бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл, көгілдір түстердің болғаны дұрыс

11 of 13

Материалды қалай есте сақтауға болады?�- Ең бірінші, есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды, дәлелдердің дұрыстығын тексер.�- Оқулықты оқи отырып, ең негізгі пікірлерді бөліп ал-бұл жауаптың тірек бөлімдері. Ең бірінші жеңіл сұрақтарға жауап беріп, күрделі сұрақты соңына қалдыру.

12 of 13

Жұмыс қабілетін сақтау шарттары�- Ой және дене еңбегін алмастыру керек. Таңғы жаттығулар, гимнастикалық жаттығулар жасау қажет. Бұл жаттығулар ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді.�- Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек (Кітаптан көзді алып, алысқа қарау).�- Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау.

13 of 13

Ойлау қабілетін қалай дамыту керек?�- Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.�- Ойлау қабілетің болмаса білімің де болмайды.�- Ойлау қабілетіңді дамытқың келсе санаңды біліммен толықтырасың.�- Білім көзі-кітап, мектеп, бұқаралық ақпарат көздері. Олар заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді.�- Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады. Неге? Қалай? Оларға сұрақ қойып және жауап бере біл.�- Ойлау қабілетін дамыту үшін затты, құбылысты жан-жақты танып, көре білу керек, жаңалықты бірден байқа.