1 of 13

«Қоғамдық пәндер» 

кафедрасының 2023-2024 оқу жылындағы 

өткізілген іс-шаралары

2 of 13

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ДЕБАТ ТҮРІНДЕ ӨТТІ

16.09.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде дебат клубтары арасында адалдық сағаты дебат түрінде ұйымдастырылды.

Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында, адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» және «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыптарында өткен іс-шараға колледждің 112 студенті қатысты.

Адалдық сағаты «Шамшырақ», «Әділет» клубтарының командалары арасында АПФ форматында жүзеге асырылды. Әр команда өзінің белсенділігін жоғары дәрежеде көрсетті.

Жеңіс туын «Шамшырақ» клубының белсенділері көтерді.

3 of 13

4 of 13

ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫН ҚҰРУ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен колледж ұжымымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы тыңдалды.

Мемлекет басшысы өз жолдауында еліміздің экономикалық саясатына деген көзқарасын айқындап берді, онда қазақстандық ғылымның дамуы мен оның келешегі де сөз болды.

Президент ұсынған бастамалар өте ауқымды, әрі жүргізіліп жатқан реформалардың үйлесімді жалғасы болып табылады. Ал, олардың негізгі мақсаты – қуатты және өркендеген мемлекет құру.

Мемлекет басшысы үкіметтің алдына барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойды. Ол үшін қажетті құралдар мен ресурстар бар екендігін айтты.

Президенттік реформаларды тиімді іске асыру үшін колледж ұжымы да зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын және жұмыс үйлесімді және нәтижелі болуы тиіс екенін алға тартты.

Осы орайда кафедра оқытушысы Ғ.Ә.Қошаманова білім беру саласында

Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы екенін мұндағы ең түйінді сөз – "сапа" сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет екеніндігіне тоқталды.

Сонымен қатар бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт ұғымына тоқтала отырып, білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек екендігіне де басты назар аударды.

5 of 13

6 of 13

ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ

12.12.2023ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар кооледжінде «Құрылыс» бөлімі, CӨ-01-23 тобының тәлімгері Д.Т.Балғабаеваның ұйымдастыруымен «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында колледж жатақханасында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Іс-шара Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен басталып, ерен ерлердің еңбектері, қазақтың көк байрағын биік көтеру жолында жасаған ерліктері дәріптеліп, ұмытылмас қазына екені айтылды. Сонымен қатар топ студенттері қойылым арқылы талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандығын көрсетті.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын қазақ жастары санасына сіңірді. Әсіресе, бұл қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне ықпал етті. Сондықтан біз бұл күнді ешқашан ұмытпаймыз. Біздің тарихымызда Желтоқсан оқиғасы еліміз үшін, халқымыз үшін айтулы оқиға болып қала береді.

7 of 13

8 of 13

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

14.12.2023ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары Ғ.Ә.Қошаманова және С.Ж.Тулешованың ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша І курс студенттері арасында колледжішілік олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты- студенттердің ел тарихы туралы білім деңгейін арттыру, шығармашылық қабілеттерін анықтау және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.

Олимпиада екі турдан тұрды және офлайн режимінде өтті.

Олимпиаданың 1 кезеңінде 50 баллдан жоғары жинаған студенттер келесі турға өтті. Ал ІІ кезеңі шығармашылыққа деген құлшыныс, табандылық пен еңбекқорлық біраз балаға оңай алға шығуға мүмкіндік берді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

І орын ҚР-01-23 тобының студенті Давренов Давлатбек,

ІІ орын ҚР-01-23 тобының студенттері Жұмабек Асылхан, Әділхан Бақдәулет және СӨ-01-23 тобының студенті Құдайберген Диас,

ІІІ орын ЕТ-01-23 тобының студенті Оралбек Назерке, ЕТ-02-23 тобынан Даулетбаева Мерей және ҚР-01-23 тобынан Жұмабек Асылжан.

9 of 13

10 of 13

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ІЗДЕНДІРУ БИНАРЛЫҚ САБАҒЫ САЙЫС ТҮРІНДЕ ӨТТІ

15.12.2023ж. М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында 1курс студенттерінің қатысуымен «Туған жер-туған өлкем» тақырыбында сабақтан тыс «Тарих және география» пәнінен шығармашылық-іздендіру бинарлық сабағы сайыс түрінде өтті. Кафедра оқытушылары С.Ж.Тулешова мен Д.Т.Балғабаеваның ұйымдастыруымен өткізілген сабақ жастардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастырумен бірге студенттерге туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет берумен қатар, туған өлкесінің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын зерттеуге баулу және Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары Оңтүстік өңірінен шыққан батырлар ерлігін, ұлы тұлғалар өнегесін үлгі етуді мақсат етті.

Аталған іс-шараға ЕТ-01-23 топ студенттері атынан «Нұрлы Болашақ» тобы,

ҚР-01-23тобынан, «Рухани жаңғыру» тобы, АЖ-03-23 топ студенттерінен «Мәңгілік ел» тобы, ДИ-01-23 топ студенттерінен құралған «Мәдени мұра» топтары өзара сайысқа түсті. Сабақ барысында «Тарихы терең, тамыры кенен – Түркістан өңірі!», «Сәулеті келісті, дәулеті өрісті-Оңтүстік», «Келешегі кемел-Қазақстан» атты кезеңдерде Түркізтан облысының бүгінгі ұрпаққа жетіп отырған тарихи-мәдени орындарының тарихын, мәдениетін және Оңтүстік аудандарының тарихы мен қазіргі жағдайы, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, болашақтағы Қазақстанды елестету бойынша шығармашылық жұмыстарын зерттеп, қорғады. Сайыс соңында өздерінің шығармашылық-зерттеулері бойынша І орынды «Құрылыс» бөлімі, ҚР-01-23 топ студенттерінің «Рухани жаңғыру» тобы иеленді

11 of 13

12 of 13

ӘЛЕМ ҮШІН ЕҢ ҚАУІПТІ АДАМ

Дебаттық іс-шара

15.12.2023 күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Шамшырақ» дебат клубының жетекшілігімен «БП Әлем үшін ең қауіпті адамды көрсетеді» тақырыбындағы дебаттық іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жасөспірімдерді қоғамға қауіпті адамдардан қорғау. Дебат барысында проблемалық жағдай туралы айтылып, оның шешу жолдарына да белсенді жастарымыз өз септігін тигізуге тырысты. Көрермен қауым осы күрделі мәселені шешу барысына ат салысып, өз ойларын білдірді.

Пікір-сайыстың әділдігін ұстанған ұйымдастырушылар төрешілік қызметін клуб президенті Мустафаева Асем бастаған белсенді жастар атқарды.

13 of 13