1 of 4

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ

БАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ

ТУЫНДАЙТЫН ҚИЫНДЫҚТАР

№48 жалпы орта білім беретін мектеп

Педагог-психологтар

2025-2026 оқу жылы

2 of 4

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия, әр түрлі ойындар болып табылады. Оның үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.

3 of 4

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылыктардың негізгі түрлері.

Көбінесе мына қиыншылықтар жиі байқалады:

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік әттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау шараларын қолданып отыруы қажет.

4 of 4

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы достарымен, жанұяда болатып қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы

шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.