АРАЛАС ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
п.ғ.д. Кадирбаева Роза Изтлеуовна
Аралас оқыту – бұл оқушының оқу траекториясы мен қарқынын, уақытын және орынын өз бетінше таңдау мүмкіндігімен үйлестіретін электронды оқыту мен күндізгі оқытуды біріктіретін білім беру технологиясы (Долгова Т.В. 2017)
Аралас оқыту белгілі бір пропорцияда күндізгі және қашықтықтан оқыту технологияларын кіріктіреді, ол олардың барлық кемшіліктерін жоя отырып, бір мезгілде екі оқу режимін пайдалануға мүмкіндік береді (Bonk C. J. 2006)
Дәстүрлі және электрондық оқытудың салыстырмалы көрсеткіштері
Дәстүрлі оқыту жағдайында | Электронды оқыту жағдайында |
(- ) мұғаліммен кері байланыс орнатуда уақыт шектеулі, кітаптағы оқу материалдарымен интерактивті өзара әрекеттесу мүмкін емес | ( + ) оқушының кез келген уақытта кез келген жерде кері байланыс орнатуы, тұрақты интерактивті өзара әрекеттесу мүмкін. |
( + ) реакцияның стихиясы, мұнда қазір болып жатқанның бәрі мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне икемді және жедел жауап алу мүмкін | (- ) электрондық ресурстың алдын-ала енгізілген нұсқалары бойынша онлайн-өзара әрекеттесуде оқушының іс-әрекетіне, реакциясына қатысты мұғалім реакциясының сол мезеттен кейінге қалдырылуы |
(- ) даралану дәрежесі төмен, білім беру траекториясы барлық оқушылар үшін бірдей | ( + электрондық ресурстардың көптігі, икемділігі, бейімділігі және әртүрлілігі есебінен даралану дәрежесін арттыру; |
(- ) коммуникациялық алаң шектеулі (жасы, география-лық орналасуы және әлеуметтік мәртебесі бойынша ұқсас шағын сыныптастар тобымен ғана өзара әрекеттесуі) | ( + ) коммуникациялық алаң мейлінше кең (әртүрлі жастағы, географиялық және әлеуметтік жағынан оқшауланбаған топпен коммуникация жүйелері, әлеуметтік желілер және олардың аналогтары арқылы өзара әрекеттесу) |
( + ) эмоционалды өзара әрекеттесу арқылы тікелей жеке адами байланыстарды қалыптастыру мүмкін | (- ) жанама (компьютерлік байланыс арқылы) жеке байланыстар арқылы эмоционалды өзара әрекеттесу болмағандықтан тікелей адами байланыстарды қалыптастыру мүмкін емес |
1
2
3
Аралас оқыту технологиясының негізгі компоненттері
Аралас оқыту модельдері
| Модель атауы | Модель сипаты |
1 | “Facetoface Driver” моделі
| Оқу жоспарының басым бөлігі мектепте мұғалімнің тікелей қатысуымен оқытылады. Электронды оқыту негізгі программаға қосымша ретінде қолданылады, көбіне, олармен жұмыс істеу сабақ барысында ұйымдастырылады. |
2 | “Rotation” моделі | Оқу мерзімі жеке электронды оқыту мен мұғаліммен бірге сыныпта оқытудың арасында үлестірілген. Сыныпта жұмыс істейтін мұғалім, дәл солай электронды оқыту кезінде де қашықтықтан қадағалауды іске асырады. |
3 | “Flex” моделі | Оқу жоспарының басым бөлігі электронды оқыту жағдайында меңгеріледі. Мұғалім әрбір оқушыны қадағалап отырады, қиын тақырыптарды түсіну үшін жеке немесе аз топтармен консультация өткізеді |
4 | “Online Lab” моделі | Оқу жоспары мектеп қабырғасында, ереже бойынша компьютерлік техникамен жабдықталған кабинеттерде ұйымдастырылған электронды оқыту жағдайында меңгеріледі. Онлайн оқытуды мұғалімдер қадағалайды. Оқушылар онлайн курстармен қатар дәстүрлі сыныптық-сабақтарда да оқулары мүмкін. |
5 | “Selfblend” моделі | Бұл модель Американың жоғары оқу орындарында дәстүрлі болып саналады. Студенттер негізгі оқудан басқа қосымша курстарды өзбетінше таңдайды. Олардың контенттері басқа мекемелердің иелігінде болуы да мүмкін. |
6 | “Online Driver” моделі | Оқу жоспарының басым бөлігі ақпараттық білім орталарының электронды ресурстары арқылы меңгеріледі. Мұғаліммен бетпе-бет кездесу периодты түрде ұйымдастырылып отырады. Консультация алу, емтихан тапсыру процедуралары сырттай емес, бетпе-бет жүздесу түрінде болуы міндетті. |
Төңкерілген сынып
Бекет ротациясы
Икемді модель
Аралас оқыту кезінде оқу процесін ұйымдастыру келесі әрекеттерді қамтиды:
Күндізгі оқытудың дәстүрлі іргелі құралдары келесі құралдармен толықтырылады:
Принциптер атауы | Принциптердің мәні |
Білім беру процесін жобалау кезінде педагогикалық тәсілдің басымдығы принципі | Аралас оқыту жүйесін жобалау теориялық тұжырымдамалар мен психологиялық-педагогикалық негіздерді әзірлеуден, оқу процесінде жүзеге асырылатын модельдерді құру немесе таңдаудан басталуы керек. Жобалау кезінде техникалық базаның деңгейі маңызды. Дегенмен, оларды таңдау мен кіріктіру оқытудың мақсат-міндеттеріне бағынышты болуы қажет. |
Технологиялық дайындық деңгейін есепке алу принципі | Оқытушылар мен оқушылардың АКТ құзыреттіліктерінің деңгейі маңызды фактор. Сондай-ақ, олардың қолданыста болатын аралас оқыту моделінің ерекшеліктерімен толыққанды танысу қажеттілігі де қамтылады. |
Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық мақсаттылық принципі | АКТ-ны оқу процесіне әдістемелік тұрыдан негіздей отырып енгізуді болжайды, яғни олар қандадй бір дидактикалық мәселені шешуге бағытталған болуы қажет. |
Оқытушы қолданатын аралас оқыту технологиясы модельдерінің оқыту шарттарына сәйкестігі принципі | Аралас оқыту модельдерінің оларды қолдану жағдайына сәйкестігін білдіреді, яғни оқу орнының ақпараттық-білім беру ортасының даму деңгейі, қатысушылардың ақпараттық сауаттылық деңгейі, пән мен педагогикалық модельдің ерекшеліктерін білу т.б.
|
Аралас оқыту моделіндегі компоненттердің өзара байланысы | Аралас оқыту компененттерін ортақ мақсат-міндеттерге біріктіре отырып, белгілі бір тұтастықты қалыптастырады, болмаса екі компенент арасындағы байланыс жоғалып, олардың әрқайсысы өздігінен өмір сүретін жағдай орын алуы мүмкін. |
Күндізгі және қашықтықтан оқытулар арасында оқу материалын және оқу іс-әрекетінің түрлерін педагогикалық тұрғыдан негіздей отырып бөлу принципі | Аралас оқыту кезінде оқу процесінің жұмыстарын күндізгі және қашықтықтан оқыту формасы арасында сауатты және нақты бөлу маңызды. Ол үшін қашықтықтан өз бетінше жұмыс жасау үшін қандай материалдарды таңдаған жөн, ал күндізгі оқуда қандай материалдарды оқытушы түсіндіргені және практикада қандай жұмыс жасағаны дұрыс екенін ойластыру керек. |
Интерактивтілік принипі | АКТ-ның интерактивтілік мүмкіндігі, яғни білім алушыларға оларды қызықтыратын тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға, ал оқытушыларға оқу процесін бақылауға және түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыстың интерактивтілігі маңызды. |
Аралас оқыту жүйесін құрудың негізгі принциптері
Аралас оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың төмендегідей үш нұсқасын айтуға болады:
3. Оқыту жеке пән деңгейінде күндізгі және қашықтықтан оқытуды интеграциялауға негізделеді.
Аралас оқыту кезінде оқу процесін жобалауда келесі кезеңдерді бөлуге болады:
Бірінші кезеңде оқу пәнінің мақсатты мен аудиториясы анықталады. Бітірушінің құзыреттілік моделіне негізделеді:
- пәннің негізгі мақсаттары;
- білім алушылардың бастапқы дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- оқу пәні жоспарланған оқу бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметінің сипаттамасы;
- оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар;
-студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, жұмыс берушілер және басқа да оқу процесінің мүдделі тараптарының қажеттіліктері.
Екінші кезеңде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді диагностикалау үшін бағалау жүйесі жасалады.
Бағалау жүйесі оқыту нәтижелерімен келісілген бағалау іс-әрекеттерінің барлық кешенін қамтиды.
Оқу нәтижелерін анықтауда да, бағалау әрекеттерін таңдауда да Б.Блум таксономиясын қолдануға болады, бұл оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Бағалау іс-әрекеттерін жобалау кезінде оқу процесін АКПО-да жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріледі.
Бөлім бойынша оқыту нәтижелері | Бағалау іс-шарасының сипаттамасы | Өткізу ортасы (А- ауд., АКПО) |
1. Матрица және аныөтауыш ұғымдары туралы білімдерін көрсетеді (матрицаларға амалдар өолданады; екінші және үшінші ретті анықтауыштарды есептейді); | Теориялық материалмен танысу және тапсырмаларды орындау (теориялық сұрақтар, типтік тапсырмалар) | АКПО |
Терминдер бойынша сауалнамадан өту, тапсырмаларды орындау (теориялық жаттығулар) | А | |
Үй тапсырмасын орындау
| АКПО | |
2. Минор және алгебралық толықтауыштарды таба алады, жоғары ретті анықтауыштарды есептеу кезінде олардың қасиеттерін қолданады.
| Практикалық жұмысты орындау | А |
Тест тапсыру | АКПО | |
Эссе «Минор және алгебралық толықтауыштар". Эссеге өзара түсініктеме беру. | АКПО | |
Жеке жұмыстарды орындау, өзара тексеру | АКПО | |
3. Матрицаның рангісін және кері матрицаны әртүрлі тәсілдермен таба алады (матрицалардың қарапайым түрлендірулерін орындайды, шектеуші минорлар әдісін қолданады)
| Терминдер бойынша сауалнамадан өту, тапсырмаларды орындау (теориялық жаттығулар) | А |
Тест тапсыру | АКПО | |
Үй тапсырмасын орындау. Өзара рецензиялау. | АКПО | |
Компьютерді қолдана отырып, орындалған тапсырмаларды өзін-өзі тексеру | А | |
4. Матрица мен анықтауыштың қасиеттеріне негізделген есептерді құрады және шешеді (EXCEL мен онлайн-калькуляторларды қолдана отырып есептеулерді тексереді). | Матрица мен детерминанттың қасиеттерін қолдану есептерін құрастыру. Өзара рецензиялау | АКПО |
Практикалық жұмысты орындау | А | |
Жеке жұмыстарды орындау | АКПО | |
Теориялық материал бойынша қорытынды тестілеу | АКПО |
Соңғы үшінші кезеңде оқыту стратегиясы анықталады: аудитория мен электронды компоненттер арасында ауысулар мен байланыстар жүйесі құрылады, қажетті оқу материалдары мен қосымша ресурстар ұсынылады, өзара әрекеттесу жүйелері жасалады.
"Алгебра және сандар теориясы" пәнінен АКПО беті
Аудиториялық, аудиториядан тыс оқу қызметінің түрлері
Аудиториядан тыс жұмыс (онлайн ортада жұмыс) | Аудиториялық жұмыс |
Лекциялық аудиториялық жұмыс алдындағы әрекеттер: «Кіріспе. Матрицалар және оларға қолданылтын операциялар» атты 1-лекцияның конспектілері мен презентацияларын оқып-үйрену; мысалдармен танысу | Өздігінен оқылған материалды жалпылау (терминдер бойынша сұрау, студенттердің сұрақтарына жауаптар); «Анықтауыштар және олардың қасиеттері» атты 2-лекцияны оқу.
|
Практикалық аудиториялық жұмыс алдындағы әрекеттер: практикалық жұмысқа дайындық (дәрістің теориялық материалын өңдеу); тесттен өту; үй тапсырмасын орындау; "Минорлар және алгебралық толықтауыштар" тақырыбына эссе жазу; эссеге өзара түсініктеме беру. | Өз бетінше оқыған материалды талқылау, тестілеу нәтижелерін талдау және студенттердің сұрақтарына жауаптар. практикалық жұмысты орындау (матрицалар мен анықтауыштарға үлгілік есептердің шешімдерін талқылау).
|
Лекциялық аудиториялық жұмыс алдындағы әрекеттер: үй тапсырмасын орындау; «Матрица-лардың қарапайым түрлендірулері және олардың қасиеттері. Матрица рангісі» атты 3-лекцияның конспектілері мен презентацияларын оқып-үйрену; тесттен өту | Өз бетінше зерделенген материалды жалпылау (терминдер бойынша сұрау, тестілеу нәтижелерін талдау және студенттердің сұрақтарына жауаптар); «Кері матрица және оны табу жолдары» атты 4-лекцияны оқу.
|
Практикалық аудиториялық жұмыс алдындағы әрекеттер: жеке жұмыстарды орындау; орындалған жұмыстарды өзара тексеру; матрица мен анықтауыштың қасиеттерін қолдану есептерін құрастыру; теориялық материал бойынша қорытынды тестілеуден өту. | Өзара тексеру нәтижелерін талқылау, тестілеу нәтижелерін талдау және студенттердің сұрақтарына жауап беру; практикалық жұмысты орындау (матрица мен анықтауыштың қасиеттерін қолдануға жасалған есептерді шешу және талқылау).
|
Оқу жұмысының көлемін дәстүрлі және онлайн сабақтарға бөлу
апта№ | Ауд. | АКПО | СӨЖ | Барлығы | |
лек | прак | ||||
| Дәстүрлі оқу процесі | ||||
1 | 2 | 2 | - | 8 | 16 |
2 | 2 | 2 | |||
| Аралас моделі бар оқу процесі | ||||
1 | 2 |
| 4 | 8 | 16 |
2 |
| 2 | |||
Бұл жағдайда оқытушының міндеті оқу процесінің аудиториялық және аудиториядан тыс компоненттері арасында АКПО-ға тасымалданатын жұмыс нысандарын оңтайлы бөлу болып табылады.
Аралас оқыту технологиясын енгізу үшін келесі іргелі шарттар қажет:
Қорытынды
Назарларыңызға рақмет!