Салық құқығы
Мазмұны:
1. Салық құқығы: түсінігі, пәні, әдістері
2. Салық құқығының қайнар көздері
3. Салықтар: түсінігі, түрлері
4. Салық қызметі
5. Салық жүйесі мен салық элементтері
6. Шет мемлекеттердің салық жүйесі
1. Салық құқығы: түсінігі, пәні, әдістері
Салық құқығы – ҚР бюджет жүйесіне салық пен алымдарды белгілеу, орнату мен енгізу бойынша пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, салықтық бақылауды жүзеге асыратын және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартатын құқықтық нормалардың жиынтығы
САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПӘНІ – САЛЫҚТАРДЫ ОРНАТУ МЕН ӨНДІРІП АЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ САЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ АРАСЫНДА ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР.
Салықтық құқықтық реттеу әдістері
Императивтік әдіс
Диспозитивтік әдіс
2. Салық құқығының қайнар көздері
Қазақтан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамыз
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі
Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі
САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ)�Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
89 тарау;
3. Салықтар: түсінігі, түрлері
Салық –
мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар –
Салықтар салық салу объектісіне қарай:
тікелей
жанама
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
Мүлік салығы;
Жер салығы;
Әлеуметтік салық;
Жанама салықтарға салықтар жатады:
Қосылған құн салығы;
Акциздер;
Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар:
1) Жалпы
2)Арнайы
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер және т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға жұмсалады.
Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді:
1) Жалпы мемлекеттік
2) Жергілікті.
Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып бөлінеді.
Нақты салықтар — салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес,
Дербес салықтар- салық төлеушінің салық төлейтін объектісіне салынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады.
Жеке табыс салығы
бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.�Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі.
Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады.
Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады:
жұмыскердің табысы;
жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер;
Дивидендтер сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
Стипендиялар
жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
1. реттеушілік;
2. фискалдық;
3. қайта бөлу.
4. Салық қызметі
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
5. Салық жүйесі мен салық элементтері
қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар;
салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары;
нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар;
салық салуды басқару және салық қызметі органдары
.
Салық салу элементтері мыналар:
Субъект
объект
салық көзі
салық ставкасы
салық өлшем бірлігі салық оклады,
салық жеңілдіктері,
салық төлеу мерзімі мен тәртібі,
салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, -
салықтың төлеуін бақылау,
салықтық жазалау шаралары
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді:
үдемелі немесе прогрессивті;
регрессивті
пропорционалды
Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.
6. Шет мемлекеттердің салық жүйесі
Ұлыбританияның салық жүйесі
Орталық салықтар:
тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы;
корпорацияға салынатын табыс салығы;
мұнайдан түсетін табысқа түсетін табысқа салынатын салық;
мұраға салынатын салық ;
қосылған құнға салынатын салық;
елтағбалық алым; баждар және аксиздер.
Осы салықтық реформаларды құрайтын негізгі шараларға:
жеке табыс салығының төменгі ставкасын 27- ден 20 процентке дейін төмендету;
тұрғылықты халыққа салынатын табыс салығын 20, 24 және 40 процент ставкалар мөлшерінде алу;
ерлі- зайыптылардың табыстарына бөлек салық салуды енгізу және т.б жатқызылған еді.
Жергілікті салықтар жылжымайтын мүліктерге:
зауыттар мен фабрикаларға
жер учаскелеріне,
тұрғын үйлерге,
дүкендерге және мекеиелерге салынатын салықтар
Ұлыбританияның қайнар көздері:
1970 жылғы халықтан және корпорациялардан алынатын табыс салығына қатысты Акт
1979 жылғы қосылған құнға салынатын салыққа қатысты Акт
1996 жылғы корпорациялардан алынатын салыққа қатысты Акт
Британия Парламентінің заң шығарушылық билігі және осыған орай салықтық құзыреті Англияға Уельске, Шотландияға және Солтүстік Ирландияға таралады. Ұлыбританияның Үкіметі мен Қазынашылығы салық жүйесін басқаруды жүзеге асырады.
Ал салық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеті Үкімет Департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен Баждар және акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде айта кететін жәйт, елтаңбалық алым ең көне салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесінде 1694 жылы енгізілген болатын.
Италияның салық жүйесі.
Қазіргі кезде Италияның салық жүйесінің құрылымындағы салықтарға жатады:
жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы,
жергілікті табыс салығы,
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы,
мұраға және сыйға тартуға салынатын салықтар
арнаулы акциздер,
іскерлік операциялардан алынатын салық,
мектептік салықтық алым
Корпорациялық табыс салығының ставкасы бірыңғай 36%, ал жергілікті табыс салығының ставкасы 16,2% мөлшерінде белгіленген. Италиядағы салық салу жүйесі салық кодексіне негізделген.
Ал салық қызметін жүзеге асырушы орган Қаржы Министрлігі және оның аумақтық бөлімдері мен басқармалары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Назарларыңызға рахмет!